Жаратылыстану ғылыми сауаттылық



бет12/19
Дата24.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125479
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Жаратылыстану ылыми сауаттылы

Киіз үй


Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1.Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын жане жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ – (кіогенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
4. От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.


1. Ең үлкен киіз үй Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын Қонақтар орналасатын орын
3. Киіз үйдің неше түрі бар? 2
4. Ең кішкентай киіз үй Қара үй


Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді.
Бала:
– Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкеінен. Әкесі:
– Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін; үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда үзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі.
5. Әкесі неге риза болды? Баласының аттың сырын білетіндігіне
6. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал Жақсы бала – әкеге құт.
7.Баланың әкесіне атысты сипаттама Сабырлы
8. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
9. Бірінші не шығады Құлақ
10. Баланың есімі кім? Мұрат

Ақдауыл хан
Мәтін мазмұнына сай мақал...Туған жердің ауасы да шипа
Теңеуі бар нұсқа... құлан-таза жазылыпты
Ертегі жоспарының дұрыс реті...1 Дертті хан 2 Ұлы теңіз самалы 3 Үнді еліне сапар 4 Бұйрық 5 Туған жердің құдіреті
Эпитетті тап... ақ күйме, кәусар суы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет