Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.
Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз. Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды.
Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз. Дыбыс пен әріп саны бірдей.
«Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз. сабырсыз
Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал Сабыр түбі- сары алтын.
Патша қариядан ненің сырын білгісі келді? Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.
Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз
Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. елдің, әулеттің
Қайыңның көз жасы Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таң- тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:
Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.
Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы...
Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесінежеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.