Жаратылыстану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы, жаратылыс және гуманитарлық ғылым


Теориялық әдістер (байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)



бет3/4
Дата15.09.2022
өлшемі205,26 Kb.
#39189
1   2   3   4
Теориялық әдістер (байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)

  • Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бұкілжалпылық әдістер

  • Анализ – бұл мағлұмат процедурасы ой немесе реалды бөлшектеу, обьектті жеке элементтерге бөліп оларды жұйелі қасиетін және қатынасын табу.

  • Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді бір тұтас бұтінге біріктіру.

  • Мысалы: химияда қарапайым заттардан кұрделі заттарды алу.

  • Қазіргі кезде ғылымда 15 мыңға жуық пәндер бар, ол ғылымның дамуының бастапқы кезеңінде саны 20 – ға жетпейтін. Ғылымның дамуында қазіргі этанымда зерттеліп жатқан шындықты нақтылау және ғылыми мағлұматтың өсуі дифференциялануымен бірге ұсақ бөлімдерге бөліп жатыр. Жаратылыстану пәндерінің ішінде аралық пәндер пайда бола бастады. Жартылыстануда жалпы методологиялық функцияларды орындайтын теорияларды жасау. Жаратылыстанудың дамуында дифференция және интеграция процестері өзара жоққа шығару емес, ал бір – бірін толықтырып отыратын тенденция.

  • Жаратылыстанудың математикалануы — даму заңдылыгы.

  • Классикалық жаратылыстану, жоғарыда айтқандай, тәжірибелік-математикалық әдістерді қолданудың нәтижесінде “өсіп жетілді” . Кез келген табиғат объектілерінің заңды байланыстары мен қаты настары н тұжырымдау ұш ін математиканы қолдану білімнің ғылымилығы (ақиқаттығы, негізділігі) онда математиканың қолданылу деңгейімен анықталады деген пікірдің орнығуына себепші болды. Мөселен, Галилей механикалық қозғалысты зерттегенде тұңғыш рет тәжірибелік әдісті қолданғанда, сонымен бірге математиканың сандық ұғымдарын және өдістерін қолдана отырып, оз гипотезаларын (жорамалдарын) тексерген. Дәл осы жолмен денелердің еркін құлау заңын тұжырымдаған, сойтіп “табиғаттың кітабы математика тілімен жазылған” — деген қанатты созді айтқан. Математикалық әдістердің жаратылыстану мен техникада жұйелі тұрде қолданылуы негізінен XVII ғ. басталғанымен, бірақ ол кейін ғылыми-техникалық революция дөуірінде ғана кеңінен өріс алып дамыды. М атематикалық әдістер жаратылыстанудың астрономия, механика, физика, химия сияқты дэстұрлі экспериментальды салаларымен қатар қазір биология, экономика, лингвистика, психология сияқты, бұрын математикаландыруға болмайды деп келген, ғылым салаларында да кеңінен қолданылатын болды. Математиканы қолданудан жаратылыстануға келетін пайда коп. Біріншіден, математика коп жағдайда жаратылыстану ұшін универсальды зерттеу тілінің ролін атқарады. Екіншіден, және ең бастысы, математика жаратылыстанудың зерттеу пәні болып табылатын байланыстар мен қатынастар, процестер ұшін модель, алгоритмдік схемалар жасаудың негізгі көзі болып табылады. Математиканың қазіргі заманғы абстракциялық әдістері аса кұрделі де динамикалық биологиялық, физика-химиялық т.б. процестерді зерттеуде болатын сандық қатынастар мен байланыстарды бейнелендіруге кемектеседі. Қазіргі заманғы математика ғалымдар мен инженерлерге, экономистер мен басқа да ғылым өкілдеріне сандық қатынастарды талдаудың аса куатты да нәзік әдіс-тәсілдерін жасап береді. Өткен ғасырларда болмаған ол әдіс-тәсілдер математикалық таным процесінде революциялық өзгеріс тудырды десе де болады, өйткені XX ғ. екінші жартысында ғана информациялық теория, түзулік және динамикалық программалау, операцияларды зертгеу және шешім қабылдау, ойын теориясы деген т.б., коптеген ең жаңа математикалық пәндер пайда болып, дамып келеді. Бұлар ең алдымен биологиялық, экономикалық, өлеуметтік-гуманитарлық кұбылыстардың сандық қатынастарын зерттеуге ар налган. Ғылым мен техникада математикалық әдістерді колдануға тез есептегіш құралдардың болмауы ұзақ уақыт айтарлықтай тежеу болып келді. Компьютердің, яғни электрондық есептеу машинасының, бірінші ұрпағының пайда болуының өзіақ математикалық әдістерді космонавтикада, энергетикада және басқа қазіргі заманғы ғылым мен техника салаларында қолдануға кең мұмкіндіктер ашты. ЭВМ-ның екінші ұрпағы ол мұмкіндіктерді айтарлықтай кеңейте тұсті. Ал оның үшінші және төртінші ұрпақтары ғалымдарға зерттеу машиналарымен тілдесуге, яғни гипотезалар (жорамалдар) ұсынуға және оларды тексеруге және сондай-ақ арнаулы математикалық есептеу эксперименттерін откізуге ЭВМ-ды пайдалануға мұмкіндіктер ашты. Айта кету қажет, математиканың сандық ұғымдары мен формальды әдіс-тәсілдерін нақты ғылымдардың сапалық мазмұнына сөйкес қолданғанда ғана тиісті нәтиже береді. Ал зертгеудің сандық және сапалық өдістерінің арақатьшасын және онымен байланысты ғылыми білімді математикаландыру мәселелерін дұрыс шешуге тек танымның ғылыми методологиясы ғана мұмкіндік береді, ойткені шындық дұниеде заттар мен құбылыстардың сандық және сапалық қасиеттері мен қатынастары диалектикалы қ бірлікте болатындықтан, олардың ғылымдағы бейнесі де соларға сәйкес бірлікте және өзара байланысты болуы тиіс. Сонымен, қазіргі ғылымның кеңінен “математикалануының” себептері: Біріңшіден, ең жаңа ғылыми-техникалық революцияның барлық білім салаларына шешуші әсер етуі. Екіншіден, ЭВМ-ды және басқа техникалық құралдарды пайдаланудың кең өріс алуы және ұшіншіден, математикамын өзінің түбірлі сапалық өзгерістерге ұшырауы, яғни математикалық танымның өзінің революциялық өзгеріске ұшырап, оның ішінде бұрын болмаған жаңа математикалық ғылымдардың тууы. Сонымен, ғылымдардың математикалануы нақты жеке ғылымдардың дамуымен бірге математиканың өз дамуын да қамтитын екі жақты процестің бірлігі болып табылады.

  • Гуманитарлық ғылымдар да жалпылаумен айналысады, ол да жалпы заңдар мен ережелерді қорытып шығарады. Мұнсыз ол ғылым бола алмас еді. Бірақ гуманитарлық ғылымдардың жалпылау жолы өзгешелеу, ойткені олардың зерттеу саласы — адам, адамдық қатынастар ғой. Адам қаншалықты бишаралық күйде болмасын, ол модениетте әйтеуір бір роль атқарады — қайсы бір электронный, тәжірибе жасаушы физик үшін немесе кобелектің энтомолог-зоолог үшін атқаратын рөлінен гөрі ол адамның мәдениетте атқаратын ролі артықтау деуге болады, өйткені ол дара түлға. Сондықтан адам жайлы жалпы зандылықты қорытып шығарғанда жеке адамның дара ерекшеліктерін ескермеуге болмайды, олай болса, жалпылықты даралықпен тығыз бірлікте қарастыру қажет. Сөз болып отырған ғылымдардың айырмашылықтарын айқынырақ корсету үшін, оларда қолданылатын сандық жөне сапалық жақтарын сипаттау әдістерінің арақатынасын білудің ерекше маңызы бар. Жаратылыстану экспериментальдық-математикалық әдістерді қолдана бастаганнан кейін ғана шын мәніндегі ғылымға айналғаны белгілі. Галилео Галилейдің зам ан ы нан бері қарай жаратылыстану ғылымдары олшеуге, сан жағынан сипаттауға болатын табиғат объектілерін зерттеумен айналысуға бет бүрды. Егер зерттеу объектісін бірден олшеуге, массасын, күшін т.б. анықтауға болмаса, онда оны эксперимент жасау арқылы зерттеуге болады. Сойтіп, зерттелетін объектіні сандық қатынастар жағынан катаң сипаттауға сүйенудің нәтижесінде жаратылыстану “дәл ғылым” деген атауға ие болды. Бүл жағынан алғандла гуманитарлық ғылымдардың онша жолы болмады. Олар зерттейтін құбылыстардың математикалық (сандық) талдауларға онша конбейтіні былай түрсын, зерттеудің эксперименттік әдіс-тәсілдерін қолдануда аса қиын болады. Тек соңғы кездерде ғана нақты социологиялық зерттеулерде математикалық әдістер қолданылатын болды. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың бұлардан басқа да айырмашылықтары бар. Бірақ олардың арасындағы ол айырмашылықтар олардың түпкі байланысы мен үқсастығын, олардың ортак жалпы даму зандылықтарын жоққа шығара алмайды. Адамның оң қолы мен сол қолы, кәретін козі мен еститін қүлағы қалай бір-біріне керек болса, мәдениетгің, білімнің ол екі саласы да сондай керекті. Олардың бір-біріне қарама-қарсылығынан гері, деді датчандық физик Нильс Бор, өзара бірін-бірі толықтыруы қажеттірек. Сондықтан болар, соңғы кезде жаратылыстану ғылымдары тарапынан да, гуманитарлық ғылымдар тарапынан да өзара жақындасу және жалпы зерттеу әдістерін пайдалану бағытында интеграциялану процесі күшеюде.

  • Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен өзара байланыстылығы. Жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттердің (және соларға сәйкес гылымдардың) тығыз бірлігі жайлы пікірді төмендегі жағдайлардың комегімен долелдеуге болады. Біріншіден, ол екі мәдениеттің екеуі де — адам еңбегі мен ақыл-ойының желісі. Адам табиғатга қаншалықты жоғары тұрғанмен, ол табиғаттың бөлінбес бір болігі болып қала береді. Адам — биоәлеуметтік жан. Ол, бір жағынан, табиғат болмысының жалғасы, ал екінші жағынан, ақыл-ойы бар саналы әлеуметтік жан. Адам болмысының бүл объективтік екі жақты табиғаты оның біртұтас парасатты, епті жан болуы на кедергі бола алм айды . Бүл біртүтасты қты ж аратылыстану-ғылыми мәдениетте де, гуманитарлық мәдениетте де не себепті іске асырмасқа?! Екіншіден, аталган мәдениеттер және олардың өзегін қүратын гылымдар адамдардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруда белсенді рол атқарады. Дүниеге көзқарас та оз тарапынан алғанда біртүтас болып табылады, өйткені оң көзбен бір түрлі, ал сол кезбен екінші түрлі керуге болмайды ғой. Адамның дүниеге козқарасы (табиғат пен әлеуметгік дүниенің біртүтас корінісі жайлы жалпы түсініктер) екіге жіктелген, екі ұшты бола алмайды. Сондықтан гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдер өзара үйлесуге, өзара келісуге мөжбүр болады. Бүған мысал ретінде ғылым мен діннің арасында болған көп ғасырлық тартысты алса да болады. Үшіншіден, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттер мен ғылымдар арасы нда толып ж атқан “шекаралас” зерттеу саласы, екеуіне де ортақ проблемалар бар. Мұндай проблемаларды шешу қажеттігі оларды бірбірімен одақтаса зертгеуге мәжбүр етеді.Ондай проблемаларға, мәселен, экология, антропосоциогенез, гендік инженерлік проблемалары т.б. жатады. Қоғамдық еңбек болісі еңбекгің өнімділігін артгыратыны, еңбек адамдарының бір-бірінен төуелділігін күшейтетіні белгілі. Бүл “болісу” процесі адамдардың өлеуметтік қауымдастығын бірдей еңбек түрлерін орындағандағыдан гөрі олдеқайда нығайта түседі. Дәл осы сияқты қүбылыс гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми мәдениеттер арасындағы бөлісте де болады: олардың “еңбек” белісі езара “көмек көрсету” қажеттігін тудырады, ал бүл, жалпы алганда, адамзат мәдениетінің бірлігіне, түтастығына қызмет етеді деуге болады. Атап айтқанда, жаратщлыстануға мынадай проблемалар бойы нш а “гум ан и тарл ы қ” көм ек қаж ет болады: а) жаратылыстану ғылымдарының күшті дамуының нәтижесіңце жасалған технологиялар бүкіл адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіретін объектілерді (ядролық, биохимиялық қаружарақтар, гендік-инженерлік монстрлар т.б.) тудыруға қабілетті, сондықтан гуманитарлық (юристік, адамгершілік) түрғыдан экспертиза (сараптау) қажет; ә) адамның өзі де жаратылыстанудың “заңды” объектісі бола алады, яғни адам қарапайым “химиялық машина”, биологиялық популяция немесе нейрофизиологиялық автомат ретінде эксперимент объектісі болуы мүмкін; бүл жағдайда жаратылыстану ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың көмегінсіз ол экспериментгердің адамгершілік нормаларына сөйкес деңгейін анықтай алмайды. Жаратылыстану ғьшымдарының басты қүралы — олардың методологиясында, яғни ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінде, ережелерінде; ғылымның әдістері жайлы ілім және олардың системалық үйымдасуы методология деп аталады. Алайда жаратылыстанудың методологиясы (пайдаланатын әдістер системасын, олардың эволюциясын, қодцану мүмкіндіктерін талдау) сондай-ақ гуманитарлық ғылымдардың да пәні болып табьшады. Гуманитарлық білімдер де оз мүмкіндігіне қарай жарытылыстану-ғылыми мәдениеттің жетістіктерін пайдаланады: XX ғасырдың басында классик алық жаратылыстанудың классикалық емес жаратылыстанудың даму кезеңіне өтуі гуманитарлық мәдениеттің соған сәйкес өзгеруіне әкеп соқты. Дамудың классикалық емес кезеңі жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардың арасындағы айырмашылықтардың өлшемі (критерийі) салыстырмалы екендігін ашып берді. Мысалы, тек қоғамтануда ғана емес, жаратылыстануда да, атап айтқанда, таным объектісі мен субъектісін қатаң боліп қарауға болмайтыны анықталдыі Қысқарта айтқанда, жоғарыда келтірілген дәлелдер гуманитарлық жене жаратьшыстану-ғылыми мәдениетгердің бірлігін жеткілікті негіздей алады. XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысындағыдай шекара іздеу біздің кезімізде барған сайын азаюда. Екі мәдениетті бір-бірінен бөліп тастауға талпыну сияқты зиянды әрекет әлеуметтік мәдениет саласында езінен-өзі басылып келе жатқаны табиғи нәрсе/Сойтіп, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық Монстр (фр.) жан түршігерлік құбыжық дегенді білдіреді. мәдениеттер мен соларға сэйкес ғылымдардың бірлігі және озара байланысы XX ғасырдың соңғы кезінде, атап айтқанда, мыналардан айқын көрінеді: а) құрамында адам мен қоғам бар күрделі табиғи-әлеуметтік комплекстерді зерттеуден жөне бүл мақсат үшін экология, әлеуметтік биология, биоэтика сияқты симбиотикалық ғылымдар түрлерінің калыптасуынан; о) адам үшін өмірлік маңызы бар объектілерді қайта қүруды көздейтін жаратыл ыстану - ғылыми программаларға “гуманитарлық экспертиза” (сараптама) жасаудың қажеттігін мойындаудан және оларды іс жүзінде үйымдастырудан; б) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар үшін ортақ, эволюциялық, ықтималдық және оздігінше ұйымдасу идеяларына негізделген таным методологиясын қалыптастырудан; в) жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді гуманикаландырудан және сондай-ақ гуманитарлық білімдерді жаратылыстану-ғылыми білімдермен негіздеуден корінді. Қорытынды ретінде ескерткен жөн, жаратылыстану ғылыми және гумнитарлық мәдениеттердің жақындасу бағытын оларды толык қосып жібері, біріктіру деп түсінбеу керек, өйткені ол ешқашан болмайтын іс және оның керегі де жоқ. Әңгіме екі мәдениеттің арасында орын алған қайшылықты шешіп, оларды бір-бірімен үштастыру, толықтыру принциптері туралы ғана болуы мүмкін.








  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет