11. Қанның маңызы және оның атқаратын қызметі. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, тробоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ертінді болып табылады (тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері және т.б.)
Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75 процентін құрайды, 15 жастағы балада-8,25 процент, ал ересек адамда салмағының- 8,3 процентін құрайды. Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдар мен тканьдерді оттегімен қамтамсыз етіп, оларды көмір қышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекциядан қорғайды.
Қан нәрлі заттарды органдардан тканьдерге жеткізеді де олардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді. Дененің температурасын тұрақты етіп ұстау-қанның маңызды қызметтерінің бірі, өйткені оның қан тамырлары арқылы үздіксіз қозғалысы белок, май, көміртегінің ыдырауынан организмде пайда болған жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қан, лимфа және тканьаралық сұйық-организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының салыстырмалығы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық- әртүрлі органдар тканьдерінің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмет етуі үшін қажетті шарт.
Гемоглобин-құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды- оксигемоглобин құрайды, ал тканьдерде оттегін шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланысып карбогемглобинге айналады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81 процент, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85 процентке дейін болады. Құрамы 100 процент болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 проценттен төмен болуы қан азайғандық немесе анемия деп аталады.
12. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7-10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арсында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша ересек адамның жүрегіне ұқсас.
Жүрек жаттығулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат- эндокард, ортаңғы қабат-миокард, сыртқы қабат-эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады. Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл сондай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
7-12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқанжүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады.
Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар. Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды.