Жаратылыстану және география институты кеңесінде бекітілді



Pdf көрінісі
Дата31.12.2016
өлшемі290,78 Kb.
#873

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

Жаратылыстану және география

 

институты кеңесінде бекітілді 

____________К.Д.Каймулдинова 

№___ хаттама _________ 2016 ж.                                                                                  

 

 



 

 

 



 

«6M060800 – ЭКОЛОГИЯ» мамандығы бойынша 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Алматы, 2016 



 

 

 



 

Қабылдау емтиханының бағдарламасы: 

 



 

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы; 

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2011  жылдың  17  маусымындағы  №  261 



бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға 

міндетті мемлекеттік білім стандарты

 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  19  қаңтарындағы  №  109  қаулысымен 



бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру 

ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

 



 



ҚР  БжҒМ  2013 ж.  10  сәуіріндегі  «Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген 

«6M060800 – ЭКОЛОГИЯ» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды. 

 

Құрастырушылар: п.ғ.п., доцент Сабденалиева Г.М.,  п.ғ.д, проф, Бакирова К.Ш., б.ғ.д., 

профессор Джусупова Д.Б. 

Қазақстан географиясы  және  экология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ 

____ хаттама, «_____» ___________ 2016 ж. 

 

Кафедра меңгерушісі:



 

___________

 

Сабденалиев Г.М. 



 

Директордың оқу ісі жөніндегі 

орынбасары 

 

___________



 

 

Мукатаева Ж.С. 



 

 

 



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жаратылыстану және география 

институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ____ хаттама, «_____» _________2016 ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


АЛҒЫ СӨЗ 

Адам,  қоғам  және  табиғат  қарым-қатынастарын  оңтайландыру  көп  жағдайда 

экология  және  табиғатты  қорғау  жайлы  білімнің  тиімділігіне,  қоғамның  барлық 

мүшелерінде  экологиялық  ойлауды  дамыту  және  экологиялық  сана  мен  мәдениетті 

қалыптастыруға  байланысты.  Жоғары  экологиялық  білімді  жалпы  қайта  құру,  жас 

мамандарды  даярлау  сапасын  жоғарылату    экологиялық  және  табиғатты  қорғау  жайлы 

білім деңгейіне қойылатын жаңа талаптар ұсынады. Қазіргі таңда экология биологиялық 

ғылымдардың  ішіндегі  ең  өзекті  ғылым  болып  отырғанын,  қоғам  мен  табиғаттың  өзара 

тиімді қарым- қатынасының теориялық негізі екенін ескере отырып, курс болашақ биолог-

эколог, географ-эколог мұғалімнің экологиялық ойлауын дамытуға немесе химия, физика, 

бастауыш оқыту факультеттерінде мамандандыру жүргізуде пайдаланылуы керек. 

Адамның қоршаған ортаға теріс  әсері,  көптеген экологиялық  апаттар көбінесе бір 

сәттік экологиялық пайда табуды көздеу, әсіресе, адамдардың экологиялық сауатсыздығы 

мен    халықтың  экологиялық  мәдениетінің  төмендігіне  байланысты.  Экологиялық  білім 

негіздері  үздіксіз  және  бағытталған  білім    мен  тәрбие  беру  жүйесі  арқылы  қалыптасуы 

керек.  


«Жалпы  экология»  пәнінің    бұл  бағдарламасы  магистратураға  түсу  үшін    дайындалуға 

арналған;  баяндаудың  іргелілігі,  студенттерде  дүниеге  экологиялық  көзқарас  пен  биосфераны 

қорғау тұрғысынан өзінің кәсіби іс-әрекетін бағалау қабілетін қалыптастыру-  бұл бағдарламаның 

ерекшелігі болып табылады. 



Бағдарлама  мазмұны:  болашақ  мамандарды  экологияық  дағдарыс  жағдайында  қажет 

шешім  таба  білуге,  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінің  салдарын  бағалауға  негіз  болатын  іргелі 

биологиялық заңдылықтар білімімен қаруландыру. 

Бағдарлама міндеттері:  

 



Адам  мен  табиғаттың  өзара  көпқырлы  қарым-қатынастарындағы  жолдары,  оның 

ішінде  экономика  негіздері  мен  табиғатты  пайдалану  құқықтары    туралы  білім 

қалыптастыру; 

 



Экологиялық  ойлауды  дамыту,  табиғат  қорғау  проблемаларын    маңызды  проблема 

ретінде  қабылдау;  оларды  шешу  үшін  тәжірибелік    іс-әрекетті  дайындуға  тәрбиелеу; 

экологиялық білімді насихаттау; 

 



Жеке  тұлғаның  шығармашылық  дамуына  және  адам  организмінің  биологиялық 

мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктерін,  ерекшеліктерін  тану  негізінде  өмірінің  жеке 

бағдарламасын таңдауға ықпал жасау; 

Курстың мазмұны 

Экология  ғылымының  қысқаша  даму  тарихы.  Экология  ұғымы.  Қайта  өрлеу 

дәуіріндегі  экологиялық  білім  элементтері.  19  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 

экологиялық  зерттеулер.  Экологияның  ғылым  ретінде  пайда  болуы  мен  қалыптасуының 

тарихи  аспектілері.  А.Гумбольдт,  К.Рулье  жұмыстарындағы  экологиялық  ойлар. 

Экологияның  қалыптасуындағы  Дарвиннің  ролі.  Экологияның  дербес  ғылым  ретінде 

биология  ғылымынан  бөлініп  қалыптасуы.  Э.Геккель  еңбектері.    Организдердің  ортаға 

бейімделуі туралы ғылым ретінде экологияның дамуы (19 ғасырда).  

Экологияның  биологиямен,    басқа  жаратылыстану  және  қоғамдық    ғылымдармен 

байланысы.  Популяция, биогеоценоз, биосфера туралы ілім. 

Экологияның  құрылымы  мен  міндеттері.  Қазіргі  экологияның  маңызды  проблемалары- 

биологиялық  көп  түрлілікті  сақтау,    қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғатты  тиімді  пайдалану 

болып табылады.  Экологияның зерттеу әдістері. Экологияның биологиялық және басқа ғылымдар 

қатарындағы орны. Экологиялық зерттеулердің тәжрибелік маңызы.    



Орта және экологиялық  факторлар 

Табиғи  орта  және  адамды  қоршаған  орта  ұғымдары,  қоршаған  орта  сапасының 

стандарттары.  Орта  сапасын  нормалау  (ластануды  нормалаудағы  әртүрлі  әдістердің 

артықшылықтары  мен  кемшіліктері).  Орта  факторлары:  абиотикалық,  биотикалық  және 

антропогендік  факторлар  және  оларға  организмдердің  бейімделуінің  мысалдары. 

Факторлардың  өзара  әсері.  Экологиялық  жіктеулер  ұстанымдары.  Шектеуші  фактор 

туралы түсінік. 

Негізгі экологиялық факторлар және оларға организмдердің бейімделуі 

Жарық  экологиялық фактор  ретінде.  Жарық  режимі: қарқындылығы, жарықтың    құрамы, 

ұзақтығы.  Бұл  фактордың    анатомо-морфологиялық  және  физиологиялық  ролі.  Жарық  және 

биологиялық  өнімділік.  Өсімдік  өміріндегі  жарықтың  маңызы  және  жарыққа  байланысты 

өсімдіктердің  экологиялық  топтары  мен  бейімделушілік  ерекшеліктері.  Жануарлар  өміріндегі 

жарықтың  маңызы.  Түрдің  экологиясы  мен  эволюциялық  дамуы,  жануарлардың  миграциясына 

байланысты көру мүшесінің дамуы және жарықтың астрономиялық көзіне байланысты бағдарлау.  

Температура.  Температура    және  оның  тірі  организмдер  тіршілігіндегі  ролі.    Түбегейлі 

температуралық  нүктелер.  Температураға  байланысты  түрлердің  экологиялық  валенттілігі. 

Организмдердің  тіршілік  әрекетіне  температураның  әсері.  Өсімдіктердің  жылу  режимі  мен 

олардағы  жылу  алмасуды  реттеудің  негізгі  жолдары.  Жылу  жетіспеушілік  жағдайына  бейімделу 

және ортаның микроклиматын жасаудағы оның ролі. Салқынқанды (пойкилотермия), жылықанды 

(гомойотермия)  және  гетеротермия  (араласқанда).  Өсімдіктердің  және    пойкилотермді 

жануарлардың  дамуының  тиімді  температурасы.  Жануарлар  денесінің  температурасын  реттеу 

жолдары мен қабілеттері: физикалық, химиялық, мінез-құлықтық.  

Су.  Су  табиғи  дене  ретінде.  Су  мен  ылғалдықтың  жер  беті  организмдері  тіршілігіндегі 

ролі. Су ресурстарын бағалау, құрлықтағы оның негізгі көздері мен формалары.  Өсімдіктер мен  

жануарлардың  негізгі  су  қабылдау  және  шығындау  жолдары.  Пойкилотермды  және 

гомойогидротпрмды өсімдіктердің бейімделуі. Су режиміне байланысты өсімдіктердің құрылысы: 

гидрофилдер,  мезофилдер  және    ксерофилдер.  Жануарлардың  су  балансын  реттеу  жолдары: 

морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтық. Биохимиялық реакциялар үшін су негізгі сутегі 

көзі. Өсімдіктер мен жануарлардың таралуындағы температура мен ылғалдықтың ролі.  



Негізгі тіршілік орталары 

Негізгі  төрт  тіршілік  ортасы:  су,  топырақ,  тірі  организм,  жер  беті-ауа  тіршілік 

орталары.  Су  тіршілік  ортасы  және  оның    ерекшелігі.  Тығыздығы  мен  қысымы  және 

оларға 


бейімделу. 

Оттектік 

режимі. 

Оттегінің 

жетіспеушілігіне 

көндігу. 

Гидробионттардың  су  балансындағы  ерекшелік.  Пойкилосмостық  және  гомойосмостық 

түрлер.  Мұхиттардың  температуралық  жағдайы.  Жарық  жағдайы.  Өсімдіктер  мен 

жануарлардың  жарық  режиміне  бейімделуі.  Жануарлардың  су  ортасында  бағдарлау 

әдістері.  Биологиялық индикаторлар және  биофильтрлердің экологиялық ролі. Мұхиттар 

мен құрлық су қоймаларының экологиялық зоналары. Планктон, нектон және бентостық 

формалардың бейімделуі. Литораль және терең су тіршілік иелерінің ерекшелігі.  



Жер беті-ауа тіршілік ортасы 

Өсімдіктер  мен  жануарлардың    құрлықтағы  төмен  ауа  қысымы  жағдайында  

тіршілікке бейімделуі. Жарық режимі, оның ерекшелігі. Жауын-шашын түрлері, олардың 

экологиялық ролі. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі эдафикалық факторлар.  

Ауаның құрамы мен қозғалысы. Түрлердің экологиясындағы желдің маңызы. Ауа 

райы және климат,  географиялық  аймақтық және биіктік белдеулер.  

Топырақ  тіршілік  ортасы.  Биосфера  мен  адамның  іс-әрекетіндегі  топырақтың 

маңызы.  Топырақ  үш  фазалы  жүйе.  Топырақ  тұздануының  тереңдігі.  Топырықпен 

байланыстылығына  қарай  топырақ  организмдерін  жіктеу:  геобиоттар,  геофилдер, 


геоксендер. Топырақтың микро-, мезо- және  макрофазаларының ерекшеліктері. Топырақ 

тірі  организмдердің  тіршілік  әрекетінің  нәтижесінде  пайда  болған  тіршілік  ортасы. 

Топырақтың  қасиеттеріне  байланысты  өсімдіктер  типтері:  псамифиттер,  литофиттер, 

галофиттер, т.б. Өсімдіктердің индикаторлық ролі. 

Тірі  организм  тіршілік  ортасы  ретінде.  Ішкі    паразиттердің  тіршілік  ету 

жағдайлары:  ортаның  химиялық  тұрақтылығы,  қоректің  молдығы,  кеңістіктің 

шектеулілігі, тыныс алу ерекшелігі. Ішкі паразиттердің экологиялық бейімделуі. Сыртқы 

паразиттің экологиялық  ерекшелігі. 



Биологиялық ырғақтылық 

Уақыт 


экологиялық 

фактор 


ретінде. 

Организмдердің 

физиологиялық 

функцияларының  кезеңділігі  мен    циклділігі.      «Биологиялық  сағат».  Өсімдіктер  мен 

жануарлардың  тәуліктік  және  циркадтық  ритмі.  Тәуліктік  белсенділігіне  қарай 

жануарлардың  экологиялық  топтары.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  бейімделуі. 

Мұхиттардағы  тасу  және  қайту  ырғақтары.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  маусымдық 

қолайсыз жағдайларға бейімделуі. Фотопериодизм құбылысы.  



Тіршілік  формалары 

Орта  факторларының  тірі  организмдерге    форма  түзуші  әсері.  Кейбір 

организмдердің  конвергенттік  ұқсастығы.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  тіршілік 

формалары  туралы  түсінік.  Эволюция  процесі  барысында    тіршілік  формаларында 

бейімделгіштік пайда болуының маңызы.  

Биотикалық өзара байланыстар 

Биотикалық  байланыстар  түрлері.  Түрішілік  және  түраралық  қарым-қатынастар. 

Жыртқыш-жемтік 

жүйесінің 

тұрақтылығын 

қамтамасыз 

ететін 

факторлар. 



Функциональдық және сандық реакция. Түр саны реттелуінің маңызы, бәсекелестік. Бірге 

тіршілік  ету  және  бәсекелестік  ығыстыру  ережесі.  Гаузе  тәжірибелері.  Мутуалистік 

қарым-қатынастар.    Симбиоз.  Түрлердің  тіршілігіндегі  өзара  тиімді  қарым-қатынастар 

және оның маңызы.  Комменсализм, аменсализм, нейтрализм.  



Популяциялар 

Экологиядағы  популяция  түсінігі.  Популяцияның  құрылымы.  Түр  ареалының 

шегіндегі популяциялардың өзара байланысы. Популяцияның жастық, жыныстық құрамы 

мен көбею жолдары. Популяцияның жастық құрамының түр саны тұрақсыздығына әсері.  

Популяцияның  жастық  құрылымы  бойынша  өсу  жылдамдығы.  Популяция  санының 

реттелуі.    Өсімдіктер  мен  жануарлардың,  отырықшы  және  көшпелі  популяциялардың 

аумақтық  қарым-қатынастары  және  оның  ролі.  Популяция  саны  мен  құрылымын 

реттеудегі  мінез-құлықтық  факторлар.  Жануарлардың  отбасы,  топ,  үйір,  колонияларға 

бірігуі.  Популяцияның аумақтық  құрылымы. Популяция динамикасы және биологиялық 

потенциалы. Туылу және өлім.  Таралуы және миграция. Популяцияның өсу жылдамдығы. 

Популяцияның  көпжылдық    динамикасының  негізгі  типтері.  Популяциядағы  гомеостаз 

механизмі.  Бәсекелестіктің  қатаң  формалары.  Бәсекелес  особьтардың  жойылуы. 

Өсімдіктердің  өздігін  сирету  және  жануарлардағы  каннибализм.    Метаболизм  өнімдері 

арқылы  езіп  тастау  жолдары.  Түрішілік  бәсекелестік,  оның  маңызы  және  табиғатта 

таралуы.  Жануарлардағы  физиологиялық  өзгерістер  популяция  тығыздығының  артуына 

рефлекс ретінде. Бунақденеліліердегі   фазалық және сүтқоректілердегі стрессреакциялар. 

Миграция  мен  таралудың  популяция  тығыздығын  реттеудегі  ролі.    Адам  іс-әрекетінің 

табиғи байланыстарды бұзуының салдары.  



Биоценоздар 

Биоценоз  туралы  түсінік,  құрылымы,  түрлік  құрылымы,  биоценоздағы    түрлердің 

көлемдік  ара-қатынастары.  Экологиялық  қуыстар,  оның  саны  мен  көп  түрлігі. 

Биоценоздың  кеңістіктік  және    экологиялық  құрылымдары.  Индикатор-түрлер.  

Шекаралық    эффект.  Биоценоздағы  организмдердің  өзара  қарым-қатынасы    (жыртқыш-

жемтік, паразит-қожа).  

 


Экожүйелер 

 Экожүйелер,  биогеоценоздар  туралы  түсінік,    олардың  құрамы  мен  құрылымы. 

Энергия  ағыны.  Экожүйелердегі  динамикалық    процестер.  Биосфера  туралы  ілім. 

Биосфераның  тірі  заты,    биосферадағы  антропогендік    процестер.    Биосфераның 

геологиялық  қабықтары:  тропосфера,  гидросфера,  жоғарғы    литосфера    және  олардың 

сипаттамалары. Энергияның биосфераға түсу жолдары. В.И. Вернадский – биосфера және 

ноосфера  туралы  ілімдердің  негізін  қалаушы.  Биосфераны  сақтаудың  экологиялық, 

әлеуметтік және саяси  алғышарттары.  

Биосферадағы  биогеохимиялық    циклдер.  Газ  тәрізді  заттардың  айналымы,  шөгу 

циклі.  Гидросфера. Дүние жүзілік су айналымы.    Биосфераның тұрақтылық  ұстанымы 

және оның динамикалық сипаты. Биосферадағы өзгерістердің негізгі көздері.  

 

Қазіргі  экологиялық проблемалар  

Қазақстанның  экологиялық  проблемалары  мен  экологиялық  саясаты.  Адам 

экологиясы,  оның  мақсаты,  даму  тарихы,    практикалық  маңызы.    Экологиялық 

қысылшаңдық  және  адам    генофонды.  Қазақстанның    2007-2024  жылдарға  арналған 

орнықты даму бағдарламасы. Арал өңірінің экологиялық жағдайы.  

Табиғи  және  әлеуметтік  факторларға    адамның  бейімделуі.  Бейімделушілік 

биологиялық  қасиет  ретінде  және  оның  жалпы  заңдылықтары.  Қоршаған  орта 

эволюцияның сыртқы экологиялық  қозғаушы күші ретінде.  

Денсаулықтың табиғи және әлеуметтік  факторлары. 

Климат  және  денсаулық.  Қоғам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-қатынастары. 

Экологиялық дағдарыс жағдайында адам денсаулығын сақтау. 

Әлеуметтік экология заңдары.  

Әлеуметтік  экология  және  жеке  социологиялар.  Қоғам  мен  табиғаттың  өзара 

қарым-қатынастарының тарихи  кезеңдері. Адамды қоршаған ортаның сапасы. Табиғатты 

тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері. Орнықты даму концепциясы. Өнеркәсіп пен 

ауыл шаруашылығын экологизациялау. Табиғатты қорғау қызметі. Мәдениет экологиясы.  

Педагогикалық  экология.    Биосфераның  болашағына  адамзаттың  жауапкершілігін 

тәрбиелеудегі экологиялық білімнің ролі. 

Қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық байланыстар. Тіршілік қауіпсіздігін 

сақтау  мен  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  бойынша  мектепте  және  мектептен  тыс  

жұмыстар ұйымдастыру. Экологиялық ойлауды қалыптастырудағы мектептің міндеттері.  

Қазақстандағы экологиялық білім мен тәрбие беру және үздіксіз экологиялық білім 

жүйесі.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Одум Ю. Экология т.т. 1-2. -

 

М., Мир, 1986. 



2.

 

Вернадский В.И. Биосфера. - М., Мысль, 1967. 



3.

 

Андерсон Дж.М. Экология и наука об окружающей среде: биосфера, экосистема, 



человек.Пер.с анг. - Л., 1985 

4.

 



Одум  Ю. Основы экологии. - М., 1975. 

5.

 



Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. - М., 1988. 

6.

 



Стадницкий Г.В., Родионова А.И. Экология. - Спб., 1996  

7.

 



Реймерс Н.Ф. Экология. Теории, законы, правила, принципы и гипотезы. - М., 1994 

8.

 



Израэль Ю.А. экология и контроль состояния природной среды. - М.,1984. 

9.

 



Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир. - М., Мир,1993. 

10.


 

Агаджанян Н.А., Торшин В.И. Экология человека. - М., 1994.  

11.

 

Алексеев В.П. Очерк экологии человека. - М., 1993. 



12. Радкевич В.А. Экология. Учебник. - М., 1997. 

13. Коган А.Б. Экологическая физиология человека. - Ростов-на-Дону,1990. 

14. Таранков В.И. Экологическая роль леса. - Воронеж. 2008. 


15. Зверев И.Д. Разработка проблем экологического образования и воспитания. - М., 1982. 

16.  Маркович Д.Ж. Социальная экология: книга для учителей. - М., 1986. 

17. Моисеев Н.Н. Историческое развитие и экологическое образование. - М., 1995. 

18. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. - М., 1998.   

19. Основы государственной экологической политика Республики Казахстан. - Алматы, 

1995.  


20. О состоянии окружающей природной среды Республики Казахстан. - Алматы, 1995.   

21. Тонкопий М.С. Экология и экономика  природопользования. Учебник. - Алматы. 2013.  

22. Нұрғызарынов А, Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы (Қызылорда облысы). 2006.  

 «Жалпы экология» пәні бойынша емтихан сұрақтары 

1.

 



Экология  пәні  және  міндеттері.  Қысқаша  даму  тарихы.  Бөлімдері.  Әдістері.  Басқа 

ғылымдармен байланысы. 

2.

 

Орта  факторлары  туралы  түсінік.  Олардың  жіктелуі.  Толеранттық  заңы.  Негізгі  тіршілік 



орталары. Тіршілік  формалары туралы түсінік. 

3.

 



Жер-беті- ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Осы тіршілік ортасындағы негізгі факторлар 

кешені.  Осы тіршілік ортасында мекендеуге бейімделу.  

4.

 

Су тіршілік ортасының ерекшелігі. Осы тіршілік ортасындағы негізгі факторлар кешені.  Бұл 



тіршілік ортасында мекендеуге бейімделу.  

5.

 



Топырақ тіршілік ортасы.  Биосфера мен адамның тіршілік қызметіндегі топырақтың маңызы. 

Үш  фазалы  жүйе  ретіндегі  топырақтың  ерекшелігі.  Топырақпен  байланыстылығына  қарай 

топырақ организмдерін жіктеу. 

6.

 



Топырақтағы  өсімдікке  керек  элементтердің  экологиялық  маңызы.  Топырақ  құнарлығына 

байланысты  өсімдіктердің  экологиялық  топтары.  Топырақтағы  ауа  құрамы  және  оның 

атмосфера мен топырақ биотасымен байланысы.  

7.

 



Температура  экологиялық  фактор.  Температураның  өсімдіктер  мен  жануарларға  әсері  және 

жоғарғы және төменгі температураға бейімделу кешені.  

8.

 

Ылғалдық-экологиялық  фактор.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  жоғарғы  және  төменгі 



ылғалдылық жағдайында тіршілік етуге бейімделуі.  

9.

 



Жарық-экологиялық  фактор.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  жарық  режиміне  бейімделуі. 

Биоритмдер, олардың алуан түрлілігі. 

10.

 

Сыртқы ортаның химиялық құрамы-экологиялық фактор. Судың тұздылығы мен топырақтың 



тұз құрамының өсімдіктер мен жануарларға әсері. 

11.


 

Субстрат  сипаты-экологиялық  фактор.  Қардың  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігіне  әсері. 

Сусымалы құмдардың өсімдіктері мен жануарлары, олардың  экологиялық ерекшеліктері. 

12.


 

Қоректік  зат-экологиялық  фактор.  Қоректену  әдісіне  қарай  тірі  организмдерді  топтау. 

Өсімдіктердің қоректенуінің ерекшелігі. Жануарлардың қоректену типтері. 

13.


 

Биотикалық қарым-қатынастар, негізгі  типтері. Олардың байқалу ерекшелігі және түр санын 

реттеудегі    маңызы.    Бірге  тіршілік  ету  және  бәсекелестік  ығыстыру  ережесі.  Экологиялық 

қуыс туралы түсінік. 

14.

 

Популяция  туралы  түсінік.  Популяцияның  негізгі  сипаттамалары.  Популяцияның 



функциональдық және кеңістіктік құрылымы. Жыныстар арақатынасының  адаптивті маңызы. 

Түр ішілік топтастыру. 

15.

 

Популяцияда  жастық  құрылымның  түр  саны  тұрақтылығына  әсері.      Популяция  саны  мен 



құрылымын реттеудегі мінез-құлықтық факторлар.  Популяция  иерархиясы және биологиялық  

потенциал. 

16.

 

Популяциядағы  гомеостаз  механизмі.  Популяцияның  көпжылдық    динамикасының  негізгі 



типтері. Популяция санын реттеу туралы түсінік. Популяцияның өзара байланысы. 

17.


 

Биогеоценоз  туралы  түсінік.  Биоценоздың    түрлік  құрылымы.  Биоценоздағы    түрлердің 

көлемдік  ара-қатынастары.  Түрлердің  сан  алуандығы,  индикатор-түрлер,  экологиялық  қуыс 

саны мен кеңдігі.  Биоценотикалық байланыстар.    

18.

 

Биогеоценоздар  (экожүйелер)  туралы  түсінік.  Олардың    құрылымы.  Энергия  ағыны.  Тірі 



организмнің энергетикалық балансы  және экожүйелердегі энергетикалық  байланыстар. 

19.


 

Қоректену  тізбектері,  қоректік  торлар,  трофикалық  деңгейлер,  экологиялық  пирамидалар. 

Биологиялық өнімділік туралы түсінік. Жалпы және таза өнімділік.  


20.

 

Экожүйелердің  қасиеттері,  олардың  динамикасы  мен  тұрақтылығы.  Экожүйе  иерархиясы. 



Экожүйенің  құрылымы,  олардың  өзіндік  реттеуі,  өзіндік  өніп-  өсуі,  өзіндік  қалпына  келуі. 

Экожүйелердің гомеостазы. 

 

21.


 

Экологиялық  сукцессиялар.  Сукцессия дамуындағы кезеңділік.  Климакстық  

экожүйе түсінігі, қасиеттері. Бірінші және екінші реттік  сукцессиялар.  

Дисклимакстық, демутациялық, деструктивтік сукцессиялар. 

22.

 

Биосфера  туралы  түсінік.    Биосфера  туралы  ілім.    Биосфераның  қалыптасу  және  даму 



этаптары. 

23.


 

Биосферадағы  заттардың  биогендік айналымы.   Тірі  заттың  негізгі қасиеттері және  оның  өлі 

заттан айырмашылығы. Маңызды  биогенді элементтер айналымының ерекшелігі. 

24.


 

Жердің энергетикалық балансы және оны географиялық құраушылар. 

25.

 

Жердің  су  балансы,  оның    географиялық  құрамы.    Жердің  энергетикалық  және  су  



баланстарының байланысы. 

26.


 

Табиғатты қорғау  пәні. Нысаны,  әдістері,  табиғатты  қорғау  ұстанымдары.  Табиғи  қорлардың  

жіктелуі мен сипататамасы. 

27.


 

Биосфераның  қорлары.  Энергия,  азық-түлік,  шикізатты  сақтау  мен  көбейту  проблемалары. 

Энергияның қалпына келетін көздері.  Шикізатты екінші рет өңдеу. 

28.


 

Ортаның физикалық ластануы. Радиациялық ластану, оның  экожүйелерге әсері. Биологиялық 

нысандардың    радиацияға  сезімталдығы.  Летальді  және    сублетальді    дозалар.  Жылулық 

ластану. Дыбыс. 

29.

 

Судың  ластануы.  Ластану  түрлері.  Ластанудың  ағыстар  арқылы  таралуы  және  қоректік 



тізбекке түсуі. Әлемдік мұхит пен құрлық суларының ластану ерекшеліктері.  

30.


 

Топырақтың ластануы. Минералды тыңайтқыштар,  пестицидтер проблемалары. 

Ластанудың әсерінен топырақтағы табиғи циклдердің бұзылуы. Топырақ эрозиясы. 

31.


 

Атмосфераның  ластануы.  Оның  ластаушы  негізгі  көздері.  Атмосфера  ластануының 

экожүйелерге әсері.  Жылыжай  эффекті, қышқыл жауындар, озон "тесігі". 

32.


 

Биосфераның  ластануы.  Қалдықтар  мәселесі.    Биосфераны  негізгі  ластаушылардың  түрлері 

тегі мен қасиеттері. 

33.


 

Демографиялық жарылыс, оның биосфераны ластауды көбейту және зардаптары. Халық саны 

өсу проблемасын демографиялық зерттеу.  Демографиялық  болашақ –апат әлде тұрақтылық? 

34.


 

Қолданбалы  экология  туралы  түсінік.  Биосфераны    бұзатын  факторлар,  олардың    тегі  және 

маңызы.  Алғашқы  адамның  тіршілік  қызметінен  қоршаған  ортаның  өзгеуі.  Ауыл 

шаруашылығы  табиғаттың  тепе-теңдігін  бұзушы  алғашқы  себеп  ретінде  және  қазіргі 

өнеркәсіптік қоғамның  биосфераға әсері.  

35.


 

 Онтогенездің  әр  кезеңіндегі  тіршілік  жағдайында  адамның  биологиялық  және  әлеуметтік 

қажеттіліктері. Ауа мен су денсаулықтың  аса маңызды  факторлары. Қоректену- зат алмасуды 

және энергия түрлерін реттейтін басты механизм. 

36.

 

Экологиялық    факторлардың  Қызылорда    облысы  халқының  денсаулығына  әсері.  Адам 



денсаулығының табиғи және әлеуметтік  факторлары. 

37.


 

Антропоэкожүйе  дамуының  әр  кезеңде  экология  және  адам  денсаулығы.  Жаңа  аймақтарды 

игерудің ерекшелігі. Экстремальды табиғи жағдайларда өмір сүретін  тұрғындар денсаулығы 

қалыптасуының жалпы заңдылықтары.  

38.

 

Адамның  табиғи  және  әлеуметтік  ортаға  бейімделуі.  Денсаулық  функциясы  және  халықтың 



әлеуметтік-еңбек  потенциалы.  Халықтың  әлеуметтік-еңбек  потенциалын  қазіргі  заманғы 

зерттеулердің кейбір қырлары. 

39.

 

Халықтың динамикасы және орнықты дамуы. Адам экологиясының демографиялық қырлары. 



Мемлекеттік  демографиялық саясат. 

40.


 

Этногенез. Экологиялық факторлардың  этностардың қалыптасуы мен әлем тарихы процесіне 

әсері. 

41.


 

Жер бетінде адам пайда болуының экологиялық алғышарттары. Адамның ақыл-ойының дамуы 

мен әлеуметтік ұйымдасуының алғышарттарына экологиялық факторлардың әсері. 

42.


 

Қазақстанда табиғатты қорғаудың құқықтық негіздері. 

43.

 

Экологиялық құқық пәні, зерттеу нысаны.  Экологиялық бақылау мен экологиялық  сараптама. 



44.

 

Құқықтық экология. Құқықтық экология туралы тарихи мәліметтер. Құқықтық экология пәні 



және  оның    зерттеу  шеңбері.  Табиғи  нысан  туралы  түсінік  және  оның  функциясы.    Табиғи 

нысандар, қорлар және кешендер. 



45.

 

Қазіргі  ғаламдық проблемаларды шешудегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы мен 



бірлігі ұстанымдық  ролі. ҒТР(ғылыми-техникалық жетістік) жағдайындағы қоғам мен табиғат 

дамуының ықпалдасуы.  

46.

 

Адам,  оның  психикалық  және    моральдық  біртұтастығы.  Таза  тіршілік  ортасында  өмір  сүру 



құқығы және оны жүзеге асырудың құқықтық ретті.  

47.


 

Қазақстандағы  тіршілік  ортасының  бұзылу  себептері  мен  формалары.  Адамның  тіршілік 

ортасын жақсарту мен қорғау саясатының  негізгі бағыттары мен  субъектілері. 

48.


 

Экологиялық  дағдарыс  түсінігі  және  анықтамасы.  Экологиялық  дағдарыс  себептері. 

Экологиялық  проблемаларды шешу  мүмкіндіктері. 

49.


 

Адамның  тіршілік  ортасы  және  оны  қоршаған  орта.  Адамның  тіршілік  ортасы  ұғымы  және 

элементтері. Тіршілік және еңбек орталарының қарым-қатынастары. 

50.


 

Әлеуметтік  экологияның  пайда  болуы.  Әлеуметтік  экология  пәні.  Әлеуметтік  экология  және 

жеке социологиялар.   

51.


 

Стенобионтты организмдердің  эврибионтты организмдерден  айырмашылығы. 

52.

 

Планктон мен нектондар кандай органзмдер. Тіршілік ету ортасы. 



53.

 

Эуологиялық    проблемалардың    басты  себебі.  Экологиялық    проблемаларды  шешудің  



жолдары. 

54.


 

Экотоп пен биоценоз арасындағы  байланыстар. Экожүйелердің  тұрақтылығы мен  дамуы.  

55.

 

Биосфера. Биосферада  адам іс-әрекетімен  болатын өзгерістер. 



56.

 

Халық  санының  көбеюі  мен    жаңа  техникалық    құралдардың    пайда    болуының  биосфераға  



әсері. 

57.


 

Сарқылатын  және  сарқылмайтын  табиғи  ресурстарға  не  жатады. 

58.

 

Радиоэкология ұғылым. Радиоэкология ғылымының шұғылданатын салалары. 



59.

 

Радиоэкологияның  шығуы және  зерттеген  ғалымдар. Табиғатқа  радиоэкологияның  әсері. 



60.

 

Радиоэкологияның  пайда  болу  себептері. Радиоэкологияның  табиғатқа  әсері. 



61.

 

Радияциялық  сәуле. Радияциялық сәледен сақтанудың  тиімді  жолдары. 



62.

 

Улы қалдықтар дегеніміз не, оның  пайда  болу себептері және адамзатқа әсері. 



63.

 

Өнеркәсіп пен  ауыл шаруашылығы дамуының табиғи ресурстарына  тигізетін әсері. 



64.

 

Ауыл  шаруашылығы  жерін  техногенді    ластанудан  қорғау    шаралары.  Жер    қорларының 



техногендік ластану  себептері. 

65.


 

Қазақстан қорықтарының дүниежүзілік қорықтардан ұймдастырылу ерекшелігі. 

66.

 

Ақсу-Жабағалы  қорығы    туралы    мәлімет.  Марқакөлде  кездесетін  құстар  және  олардың  



тіршілігі. 

67.


 

Барсакелмес  қорығының алатын  орны, климаты, жануарлары. 

68.

 

Алматы қорығының көлемі, ашылған жылы, жануарлар мен өсімдіктері. 



69.

 

Қазақстанның  «Қызыл  кітабы»  туралы    мәліметтер.  Қызыл  кітапқа  енген  Қазақстанның  



фаунасы мен  флорасы. 

70.


 

Геоэкология ұғымы және оның  балама  атаулары. Геоэкологиялық  зерттеудің  мақсаты. 

71.

 

Агроэкология  және ауыл шаруашылығы  жерлерінің  ластану  мәселелері. 



72.

 

Адам экологиясы  туралы  түсінік. Адам  экологиясын  оқытудың  көкейтестілігі. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет