123
вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу
бағытын анықтайды;
2. В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты.
Арнайы белоктар антиденелерді бӛліп, ағзаны бактериялық және
қайталанатын вирустық инфекциялардан қорғайды. В — лимфоциттер
алғаш рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба)
деп аталатын құстың
лимфоидтық мүшесінде байқалған.
Моноциттер
лейкоциттердің 2-8% дейінгі мӛлшерін құрайды,
лейкоциттердің ішіндегі ең ірісі, пішіні сопақтау, ядросының пішіні әртүрлі
болып келеді: таға, бұршақ, таяқша тәрізді немесе сегменттелген. 1 мм
3
қандағы саны 200 - 600-ге дейін жетеді. Цитоплазмасында жақсы жетілген
Гольджи аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар, түйіршікті
эндоплазмалық тор
және
бірен-саран
митохондриялар
болады.
Моноциттерге амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер
бактерияларды ғана емес, сонымен
бірге жасушалардың қалдығын,
антигендер мен бӛгде белоктарды да фагоцитоздайды (4-сурет Б). И. И.
Мечников бұларды
Достарыңызбен бөлісу: