134
кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бӛгде денелер мен
белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің
кӛмегімен оларды жойып отырады. Қабыну ошағыңда гистиоциттер үлкейіп,
ӛсіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық
жасушаларымен қосылып, организмнің ретикулалық эндотелиальді жүйесін
құрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиялар кӛмегімен
амебаша қозғалады. Цитоплазмасын фибробластікімен
салыстырғанда
қанық боялады, жасушаларға тән органоидтардың бәрі бар. Пішіні
тұрақсыз және физиологиялық қасиеттері түрліше болуына байланысты
гистиоциттерді полибластар деп те атайды. Макрофагтар бағаналы қан
жасушаларынан, оның ішінде промоноциттер мен моноциттерден дамып
жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: