Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет122/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157
Ретикулалық ҧлпа 
Бұл ұлпанын аты латынның 
"ретикулум"
(тор) деген сӛзінен 
шыққан. Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас (5- сурет). Жасушалары 
тармақтарымен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық 
сұйық зат болады. Сонымен бірге кӛп мӛлшерде қан жасушалары да 
кездеседі. Ретикулалық ұлпаның мезенхимадан айырмасы жасушалардың 
бетінде орналасқан коллаген белогінің фибриллалары мен фибриллаларды 
байланыстыратын аморфтық жасуша аралық заттың ішінде ретикулалық 
талшықтар болады. Ретикулалық талшықтар коллагендік талшықтардан 
амин
сандық қатынасы жағынан айырмашылығы бар және ретикулалық
талшықтарда қышқыл мукополисахаридтер болмайды, липиттер кӛп 
болады. Ретикулалық ұлпа организмінің кӛптеген жерінде, әсіресе сүйек 
майында, кӛк бауырда, лимфа бездерінде, тамақтың бадамша бездерінде 
ішектің кілегейлі қабықшасында кӛп болады. Ретикулалық ұлпаға
фагацитоздық қасиет тән. Кӛк бауыр мен лимфа бездерінің ретикулалық 
ұлпасы арқылы үнемі қан мен лимфа сүзіліп отырады. Сондықтан
5 – сурет.
 
 Ретикулалық ҧлпа
 
1 — ретикулалық
 
талшық;
 
2 — ретикулалық
 
жасушалар.
 
 
(soedinitelnaya- 
tkan13996.html)
 


139 
ретикулалық жасушалар бӛгде белокпен бірінші болып кездесіп, оны 
ұстайды да макрофагтарға айналады. Мұндай қасиет бүйректің, 
бүйрек үсті бездердің және кӛптеген басқа бездердің
капиллярларының эңдотелийіне тән. Жалпы қорғаныш қасиеттері бар 
дәнекер ұлпасының барлық элементтерін бір тұтас аппаратқа біріктіріп, 
ретикуло-эндотелиалдық жҥйе
деп атайды. Бұл жүйе организмде 
қорғаныш қызметін атқарады. 
 
Тығыз дәнекер ҧлпа
Тығыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның 
кұрамында жасушалар мен аморфтық зат аз, ал талшықтар басым болып 
келеді және талшықтарының орналасу бағыты әртүрлі. Тығыз дәнекер ұлпа 
терінің негізін, буын байламдарын, сіңірді, шандырды, желкені құрайды (6- 
сурет).
Тығыз дәнекер ұлпа талшықтарының бағыты мен орналасуына 
байланысты екі түрге ажыратылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет