62
Хромосомалар
бірте-бірте деспиралданады, ядрошық қалыптаса
бастайды. Телофазаның соңғы жағында
цитотомия
(цитокинез) жүреді –
жасушаның екіге бӛлінуі. Ол үшін жасуша экваторларында актомиозинді
сақина қалыптасады, ол бірте-бірте тарылып, жіңішкеріп, нәтижесінде екі
жасуша түзіледі. Одан соң жасушада ЭПТ мен Гольджи аппараты
қалпына келеді.
Ӛсімдіктерде жас жасушалардың бӛлінуі аналық жасушаның ішкі
аймағында басталады. Жасушаның ортасында біртіндеп ӛсіп, толығымен
екіге бӛлетін, жасушалық пластина түзіледі.
Митоздық хромосомалар
жеке, қарқынды боялатын тығыз денешік
түрінде кӛрінеді
.
Центромераларының орналасуына
тәуелді митоздық
хромосомалардың бес типін ажыратады (1 кесте):
метацентрлік,
субметацентрлік, акроцентрлік, телоцентрлік, спутниктік.
Қалыпты
кариотипте телоцентрлік хромосомалар кездеспейді.
Хромосомалардағы иіндердің шетін
теломерлер
деп атайды, ол
хромосомаларды ӛзара немесе олардың фрагменттермен қосылуына
кедергі жасайтын арнайы бӛліктері.
Хромонемалар спиральды ширатылып, тығыздалып,
Достарыңызбен бөлісу: