Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет75/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

4 – сурет. Ҧрықтың жатырда даму тҥрі.
А - 6 апта; Б - 4-5 айлық ҧрық: 1 – эмбрионның денесі (ҧрық); 2 - 
амнион; 3 – сары уыз қапшығы; 4 - хорион; 5 - кіндік. 
Геккель және Мюллердің бір – біріне байланыссыз қарастырған 
биогенетикалық заңында онтогенез филогенездің қысқаша және жылдам 
қайталануы болып табылады деген. Филогенез – түрдің тарихи даму 
процестерінің толық жиынтығы.
 
Проэмбрионалдық кезең 
Проэмбрионалды немесе проэмбриогенез кезеңі гаметогенезге сәйкес 
келеді. Ӛйткені гаметогенезде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар 
гаметалар жұмыртқа мен сперматозоид жасушалары пісіп жетіледі. 
Жұмыртқа жасушасында кӛптеген информациялар (р–РНҚ, а–РНҚ), сары 
уыз, гликоген және майлар жиналады. 
Сары уыздың мӛлшеріне және цитоплазмада таралып орналасуына 
байланысты жұмыртқа жасушаларын 3 типке бӛледі (5-сурет): 
Изолецитальді
жұмыртқада сары уыз аз болып, цитоплазмада 
біркелкі таралады. Мысалы: ондай жұмыртқалар тікенекті терілілерге, 
тӛменгі сатыдағы хордалыларға (ланцетник), сүтқоректілерге және адамға 
тән. 
Центролецитальді 
жұмыртқаның сары уызы орташа, 
цитоплазманың 
дәл 
ортасына 
шоғырланады. 
Ондай 
жұмыртқа 
буынаяқтыларға тән. 
Телолецитальді
жұмыртқада сары уыз ӛте кӛп және жұмыртқаның 
бір жақ полюсінде орналасады - оны вегетативті (1), ал ядро мен 
А 
Б 


88 
цитоплазма орналасқан полюсін – анимальді (2) деп атайды. Ондай 
жұмыртқалар қос мекенділерге, рептилийлерге, құстарға тән.
Жұмыртқа құрылысының әртүрлі болуы эволюция процесі 
барысында, сыртқы орта жағдайларына бейімделуіне байланысты 
қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет