Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет149/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

 
Нейроглия 
– жүйке ұлпасының аралық заты, және оның құрамына 
кіріп, сан – алуан қызмет атқаратын маңызды бӛлігі. Нейроглияның 
жасушалары жүйке импульстарын ӛткізбейді, бірақ олар жүйке ұлпасында 
тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функцияларды атқарады. 
Мидағы эпифиз бен гипофиздің негізгі массасын құрап, секреторлық 
функция атқарады. Нейроглиядағы жасушалар саны нейрондарға қарағанда 
10 есе кӛп. Бұл жасушалар орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қоршап
олардын арасындағы кеңістікті толтырып, механикалық тіректік функция 
атқарады. Глиялық жасушалардың зат алмасу қарқындылығы ӛздерін 
қоршаған жасушалардың метаболизміне тығыз байланысты деп есептеледі. 
Есте сактау процестеріне қатысуы мүмкін. Шванн жасушалары деп 
аталатын нейроглияның серіктері миелинді талшықтардың қабықшаларын 
синтездейді, ал қалған жасушалар фагоцитоздық функция атқарады.
 
Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бӛлінеді: 
глиоциттер 
немесе
макроглия 
және 
микроглия
. Макроглия жүйке түтігінен дамыса, 
микроглия мезенхимадан дамып жетіледі.
 
Макроглияға жататындар
:
 

эпендимоглия, 
 
- астроглия, 
 
- олигодендроглия.
 
Эпендимоглия
жұлын ӛзегі мен ми қарыншаларының ішкі қабырғасын 
астарлайды. Жасушалары эпендимиоциттер, пішіні куб тәрізді болады. 
Эпендимиоциттердің жұлын ӛзегі ішіне қараған бетінде кӛптеген 
кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға қолайлы жағдай 
жасайды (3-сурет, А). Базальді жағында миға бағытталған ұзын ӛсіндісі 
болады, ол мида механикалық және шектеуші қызметін атқарады. Бұл 
жасушаларды 
танициттер
деп атайды, олардың кӛбісі ІІІ ми 
қарыншасының түбінде орналасқан. Сонымен қатар, қарыншадағы қан 


170 
тамырлары біріккен жердегі эпендимді эпителиоциттер цереброспинальді 
сұйықтықты (ликвор) ӛндіреді. Кӛптеген эпендимиоциттер секреторлық 
қызмет атқарады, қанға және ми қарыншаларына активті заттар бӛледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет