172
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың Шванн жасушасы бір ядролы,
оның цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор,
Гольджи аппараты және кӛптеген митохондриялардың болатынын
электрондық микроскоп анықтаған. Бұл органоидтардың болуы осы
жасушалардың белсенділігінің жоғары екенін кӛрсетеді.
Миелинді
жүйке талшықтары орталық және шеткі жүйке жүйесінде
байқалады. Бұл талшықтар жүйке импульстерін ӛте тез және дәл ӛткізеді.
Орталық цилиндрге тікелей жанасып, оны қаптап тұрады. Изоляторлық рӛл
атқарады деп есептейді. Миелин жүйке талшығын толықтай қаптамайды,
белгілі аралықта үзіледі. Үзілген жерін Ранвьенің үзілісі деп атайды (4 -
суреттер). Бұл жерлер Шванн қабықшасымен қапталмайды.
Жүйке талшықтарының ең соңғы терминальді бӛлігін - жүйке ұштары
деп атайды. Олар сезгіш нейрондардағы
дендриттердің тармақталған
ұштарымен аяқталады. Функциялық ерекшелігіне қарай жүйке ұштарын
екіге бӛледі:
Достарыңызбен бөлісу: