174
4 тапсырма
: Ақпаратты блоктан оқып, нейроглияның клеткалық құрамы
мен қызметі туралы мәліметті № 4 кестеге толтырыңдар.
№ 4 кесте
Нейроглияның
тҥрлері
Клеткалардың
тҥрі
Қызметтері
Микроглия
Макроглия
Микроскоппен ӛзіндік жҧмысты орындау.
1 Препарат
. Нейрондар мен нейроглиялар. Иттің жұлыны.
Бояуы: күміспен импрегнациялау.
Жұлынның кӛлденең кесіндісінің ортасында пішіні кӛбелек тәрізді сұр
зат орналасқан, олар нейрондар денешігінен тұрады. Сұр заттың алдыңғы
жағындағы мүйізшесінен үлкен ұлғайтқыш арқылы жүйке
жасушалары
денесі мен олардың ӛсіндісін тауып, қараңдар. Ядролары ірі ашық, оның
ішіндегі ядрошықтар ортасында орналасқан. Нейрон цитоплазмадағы
нейрофибрилдерден тұратын қалың торға кӛңіл аударыңдар. Нейрондар
арасында әртүрлі жасушалар орналасқан – нейроглиялар. Жұлынның шеткі
жақтарында ақ заттар орналасқан. Ол жүйке жасушасының ӛсінділерінен
тұрады. Талшықтар ортасында – аксон қара нүкте тәрізді кӛрінеді.
Аксонның айналасындағы қабықшасы гиалинді жасушалардан тұрады.
Препараттан сұр және ақ заттардың фрагментін салыңдар және белгілеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: