64
рет-ретімен белгілі бір процестердің инициациясын (басталуын) бақылап
отырады.
Жасушалық циклдағы
фазалардың ауысуына қатысып, арнайы рӛл
атқаратын белоктарды протеинкиназалар немесе оны
циклинге тәуелді
киназалар
(ЦТК, cyclin-dependent kinases) деп атайды.
Жасушалық
циклдың фазаларына тән белгілі бір ақуыздар ЦТК-ның әр қайсысын
фосфорлап активтендіріп немесе бәсеңдетіп (ингибиторлық әсер)
отырады. ЦТК-ның кез келген молекуласы активті емес және бір ғана
суббірліктен тұрады. Оның активтелуі арнайы ақуыз циклинге (Ц)
тәуелді, оның бірнеше түрі бар.
―Циклин‖
термині ЖЦ барысында, жасушадағы циклиндер
концентрациясы әр кезеңге тән ӛзгеріп отыратынын кӛрсетеді.
Соныменен,
протеинкиназалар
циклиндермен
гетеродимерлі
комплекстер құрайды, ол – циклин-ЦТК (ц-ЦТК), мұнда циклин –
активатор, ал ЦТК – катализдік суббірлік болып табылады. Бұл қосылыс
комплекс
деп аталады, себебі әр нақты циклинге ӛзіне тән ЦТК
қосылады, олардың әрбір түрі ЖЦ әр фазасына сәйкес келуі тиіс. Әртүрлі
циклиндер латын әріпімен, ал әртүрлі ЦТК араб цифрасымен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: