93
гистологиялық оқшаулануы осы кездегі, олардың
арасында пайда болатын
функциялық айырмашылықтарға негізделген болуы тиіс.
Гаструляция әдістері бастапқы бӛлшектену
нәтижесіне, ағзалардың
шығу тегіне және жүйелік орнына тәуелді 4 түрге бӛлінеді:
инвагинация
(iшке қарай ойысу), эпиболия (қаптау), деляминация (қабаттар түзу),
иммиграция (көшу)
(8- сурет).
1. Инвагинация
– бластуланың вегетативті жағы ішке қарай ойысып
тереңдеп энтодерма қабатын түзейді, сыртқы қабаты эктодерма болып
қалады. Эктодерма мен энтодермада бір-біріне тығыз жанасып бластоцель
қуысы жойылады,
шар тәрізді ұрықтан, екі қабаттан тұратын ұрық пайда
болады, ал ондағы қуыс гастроцель немесе бірінші реттік ішек. Ішек
басталатын жерді бластопор немесе бірінші реттік ауыз қуысы деп атайды.
Оның шеттері бір – біріне жақындап үстіңгі және астыңғы еріндері түзейді.
Құрттарда, молюскаларда, буынаяқтыларда күрделеніп ол ауыз қуысына
айналады. Екінші реттік ауыз қуыстыларда (тікенек терілілерде және
хордалыларда) ол аналь тесігіне айналады немесе бітеліп кетеді, ал
ауыз
қуысы қарама – қарсы жағынан пайда бодады. Инвагинация изолециталді
жұмыртқасы бар ағзаларға тән.
Достарыңызбен бөлісу: