128
Моноциты. Ең ірі жасушалар Мӛлшері - 4 эритроциттей. Ядросы
бұршақ пішінді. Цитоплазмасы – ашық кӛкшіл.
Тромбоциттер (қан пластинкалары). Пішіні әртүрлі, кішкентай
базафилді денешік. Бір жерге жиналғыш.
Қанның формалық элементтерін
зерттеп болған соң, лейкоцитарлық
формуланы шығару қажет, яғни лейкоциттер түрлерінің
проценттік ара-
қатысын табасыңдар. Оларды санау үшін, альбомда 100 квадраттан тұратын
(10х10) кесте сызыңдар. Жоғарғы 5 қатары сегментті ядролы, алтыншы
қатар таяқша ядролы нейтрофилдерге арналады. Келесі 3
қатар
лимфоциттерге арналып, соңғы қатар эозинофилдер мен моноциттерге
арналады. Лимфоциттердің кездескен формаларын,
олардың басты
әріптерімен белгілеп, кестеге ендіреміз. Есептеу бірқалыпты болу үшін,
препаратты зигзаг тәрізді қозғай отырып санау жүргізіледі және әр-бір
зигзагтың екі-үш кӛрініс алаңындағы жасушалар саналады.
Алынған
нәтижені тӛменде келтірілген № 3 кестесіне енгізіп, ондағы берілген қанның
қалыпты формуласымен салыстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: