Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Плазмалық жасушалар немесе плазмоциттер - лимфоидты



Pdf көрінісі
бет110/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Плазмалық жасушалар немесе плазмоциттер - лимфоидты 
мүшедегі В-лимфоциттерден дамиды. П
ішіні жұмыр немесе сопақша 
ұсақ жасушалар, ядросы жасушаның бір жағына ауытқи орналасқан
цитоплазмасы 
базофильді 
боялады, 
құрамындағы 
түйіршікті 
эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Плазмоциттер
көмекей бездерінде, 
көк бауырда, лимфа түйіндерінде, бауырда, ішектің кілегейлі 
қабатында, сілекей бездерінің стромасында т.б. мүшелерде
болады. 
Плазмоциттер 
организмдегі 
антигенге 
қарсы 
антиденешіктерді 
синтездейді, ол иммундық жүйенің маңызды компоненті. Плазмоциттер 
саны аллергия мен қабыну процестері кезінде артады.
 
Перициттер шала жіктелінген дәнекер ұлпаның жасушалары. Қан 
тамырларының қабырғаларын қоршай эндотелий мен базальді мембрана 
арасында орналасқан (3-сурет). Перициттер қоршаған ортадан тітіркенуді 
қабылдап, қан тамырларының кеңеюін немесе тарылуын реттеп отырады. 
Осы белгісіне қарап бұларды адвентициялық жасушалар (латынша 
2 – сурет. 
Май ҧлпасы 
 
(http://ebiology.ru/tkani2.jp) 


136 
adventicius - сырттан келген) немесе периваскулярлық жасушалар деп 
атаған.
Перициттер жасушалардың басқа түрлеріне айнала алады – 
фибробластарға, макрофактарға, қан жасушаларына және бірыңғай бұлшық 
ет жасушаларына. Оптикалық микроскоппен қарағанда ядросы сопақша 
болып кӛрінеді, ал цитоплазмасы гематоксилин – эозинмен боялған 
кесінділерде солғын болып байқалады. Электрондық микросуреттерде 
жасуша денесінен цитоплазмалық ӛсінділердің тарайтыны кӛрініс береді.
 Пигменттік жасушалар адамның алғашқы борпылдақ қалыптаспаған 
дәнекер ұлпасында пигменттік жасушалар кездеседі. Пигменттік жасуша 
тармақталмаған ұршық пішінді болып келеді. Цитоплазмасында пигмент 
меланиннің ұсақ түйіршіктері бар. Пигменттік жасушалардың бір түрі 
пигментті ӛздері синтездейді, оларды - меланоциттер деп атайды. Екінші 
түрінің фагоциттік қабілеті болғандықтан, дайын пигментті жұтып 
құрамына енгізеді. Пигменттік жасушалар кӛздің тамырлы және түсті 
қабаттарында, емшек ұшының маңында және басқа жерлерде де байқалады 
(4-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет