Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
Ele 2214 «Электротехника» пәні
КВ 07 «Кәсiби-бағытталған» модулі
6В07203 - «Мұнай-газ ici» білім беру бағдарламасы
студенттері үшін арналған
Әзірлеген: ЭЖ кафедрасының аға оқытушысы ________ Какимова К.Ш.
«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының отырысында талқыланған
№ 14 хаттама «29» 03 2022ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Нешина Е.Г. «29» 03 2022ж.
Қарағанды 2022
№ 1 Зертханалық жұмыс
«Электротехника» курсы бойынша зертханалық тәжірибелерді орындау үшін Еlectronics Workbench (EWB) программалық қамтамасыздандыруды тәжірибелік қолдануға әдістемелік нұсқаулар (2 сағат)
Жұмыстың мақсаты: электр сұлбаларын модельдеу техникасын зерттеу және өлшеу арқылы электр шамаларына талдау жасау.
Жалпы мәліметтер
1.1 Электр схемаларын жасау техникасы
EWB программасы түрлі қиын электр схемаларын модельдеуге мүмкіндік береді. EWB программасы арқылы электр схемаларын модельдеу үшін талданатын тізбектің схемасы болу керек. Схемаға сәйкес программаның жұмыс терезесіне компоненттер кітапханасынан кажетті электр тізбектерінің элементтері алынады. Электр тізбегін модельдеу программаның жұмыс терезесінде орындалады (сур.1.1).
Сур.1.1 EWB программасының жұмыс терезесі
Жоғарғы қатарда жұмыс терезесінің менюі орналасқан (File, Edit, Circuit, Analysis, Window, Help), төменде «ыстық клавиштер» функциясын орындайтын командалар қатары орналасқан. Ары қарай электр тізбектерін модельдеу үшін қажет түрлі элементтері бар пиктограммалар орналасқан.
Жұмыс терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышында электр схемасының жұмысын жүргізіп, тоқтататын сөндіргіш орналасқан. Сөндіргіштің төменгі жағында дер кезінде жұмысты тоқтата тұратын Pause клавишасы орналасқан. Электр схемаларын модельдеу терезесі пиктограмма қатарынан сызықша арқылы бөлінген.
Элементтерді орналастыру үшін тышқан курсорын сәйкесінше пиктограммаға апарып, тышқанның сол жақ кнопкасын бір рет басады. Осыдан кейін берілген пиктограммадағы барлық элементтердің бейнелері көрсетілген терезе ашылады. Таңдалған элемент тышқанның сол жақ кнопкасын басу арқылы жұмыс терезесіне алынып шығарылады. Элемент қызыл түспен бөлініп, өзінің активті күйде екенін көрсетеді. Элементке апарып тышқанның сол жағын екі рет басу диалогты терезені ашады, ол тізбекке қажетті параметрлерді орнатуға мүмкіндік береді (кернеу, номинальды кедергі және т.б.).
Элементтерді орналастырғаннан кейін оларды бір-бірімен жалғайды. Ол үшін тышқанның курсорын элементтің шетіне апарып сол жақ кнопканы басады, қара нүкте пайда болғанда келесі элементтің шетіне апарады, тағы да қара нүкте пайда болғанда кнопканы жібереді, яғни қосылыс орындалды деп есептеледі. Қосылысты айыру немесе керек емес элементті өшіру қажет болса, сол элементтің үстіне тышқан курсорын апарып сол жағын бір рет басады да клавиатурадағы Delete клавишасын басады. Шынымен өшіру қажет пе деген диалогты терезе шығады. Мақұлдаған жауап – элементті өшіреді, теріс жауап - өзгеріссіз қалдырады.
1.2 EWB компонеттерінің кітапханасы
Электр схемаларының элементтерін құрайтын пиктограммалар саны 14. Компоненттер кітапханасы келесі бөлімдерден тұрады:
1. Favorites – схемалардан тұратын бөлім. Алғашқы күйінде бөлім бос күйінде болады. Компоненттер модельдері мен схемалармен бөлімді толтыру автоматты түрде орындалады және жұмыстың соңында өшіріледі.
2. Sources – көздер. EWB программасындағы барлық көздер идеалды түрде көрсетілген.
3. Basic – сызықты және сызықты емес элементтер.
4. Diodes – диодтар.
5. Transistors – транзисторлар.
6. Analog ICs – ұқсас микросхемалар.
7. Mixed ICs – аралас типті микросхемалар.
8. Digital ICs – санды микросхемалар.
9. Logic Gates – қисынды сандар микросхемалары.
10. Digital – санды микросхемалар.
11. Indicators – индикаторды құрылғылар.
12. Controls – қисынды есептеу құрылғылары.
13. Miscellaneouts – аралас типті компоненттер.
14. Instruments – электр схемаларының талдауын жасауға мүмкіндік беретін құрылғылар бөлімі.
Ары қарай электр схемаларын модельдеуге қажет болатын пиктограммалар мен соған жататын элементтер келтіріледі.
1. Sources – мкВ-дан кВ дейін параметрлердің номиналды өлшемін бере алатын қоректендіру көздері:
- тұрақты кернеу көздері;
- айнымалы кернеу көздері. Номиналды кернеу өлшемінен басқа жиілік пен бастапқы бұрыш фазасы беріледі;
- жерлестіру – нөлдік кернеумен. Потенциалдарды есептеуге қажет.
2. Basic – сызықты және сызықты емес элементтер:
- резистор – кедергі (Ом – МОм);
- конденсатор – сыйымдылық (пФ – Ф);
- индуктивті катушка (мкГн – Гн);
- кілт, оның тұйықталуы мен ажыратылуы клавиатураның «пробел» клавишасы арқылы орындалады.
3. Indicators – ішкі кедергі мен кернеу берілгендерін өзгертетін өлшеуіш құралдар:
- вольтметр – электр тізбегіне параллель жалғанатын, едәуір ішкі кедергісі бар өлшеуіш құрал;
- амперметр – минималды ішкі кедергісі бар электр тізбегіне тізбектей жалғанатын өлшеуіш құрал;
- қыздыру шамы. (мВт – кВт) максималды қуатпен және (мВ – кВ) максималды кернеумен сипатталады. Максималды кернеуден асатын кернеуді берген кезде, шам жанып кетеді.
Электрлік шаманы өлшеу әдістемесі
Өлшеу тура және жанама болып бөлінеді. Тура өлшеу кезінде іздеген мән ретінде өлшеу құралының көрсеткішін алады. Жанама өлшеу кезінде физикалық шаманың белгісіз мәнін тура өлшеумен табылған мән мен белгісіз мәннің арасындағы физикалық тәуелділік арқылы табады. Мысалы, R резистордың кедергісін U кернеу мен I тоқты пайдаланып Ом заңымен табады:
.
Өлшеу құралдарын тізбекке қосу жұмыс режимінің (тоқ, кернеу және т.б. параметрлердің) нақты өзгеруіне әкеледі. Electronics Workbench прграммасында өлшеуіш құралдар идеалды болады, яғни, амперметрлердің кедергісі нөлге тең, ал вольтметрлердікі шексіз үлкен болады.
а) б)
Сур. 1.2 Өлшеу құралдарын қосу схемасы
Тізбек элементінде I тоқтың және U кернеудің өлшемдері арқылы қуатты оңай анықтауға болады:
.
Айнымалы тоқ тізбегінде активті қуат кернеу мен тоққа ғана емес олардың φ фазалық ауытқуына тәуелді болады, яғни:
.
Жұмыстың мазмұны
1. Берілген зертханалық жұмыстың материалдарын бекіту үшін студент оқытушы берген тура және айнымалы тоқтың электр схемаларын жинайды.
2. Элементтер мен олардың номиналды шамаларын жинау. Таңдалған элементтерді түсіндіру.
Бақылау сұрақтары
1. Электр өлшеуіш құралдардың қолдану саласы қандай?
2. Тура өлшеу мен жанама өлшеудің айырмашылығы қандай?
3. Өлшеуіш құралдарды таңдаудағы қойылатын талаптар?
4. Амперметр мен вольтметрді жалғау схемаларын салыңдар.
5. Амперметр мен вольтметрді пайдаланып тізбектің кедергісін қалай өлшеуге болады?
6. Тоқ пен қуаттың мәндерін пайдаланып тізбектің кедергісін жанама өлшеумен қалай есептеуге болады?
7. Вольтметрді жүктемемен тізбектей жалғаса тізбектегі тоқ қалай өзгереді?
Ұсынылған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |