52
құрылым пайда болады. Мұндай хроматинді фибрилдердің диаметрі 20 –
30 нм, ұзындығы 1,2 мм. Тығыздалу коэффициенті - 40.
3 деңгей. Ілмектік домен (хромонема). Генетикалық материалдың
келесі құрылымдық деңгейі хроматин фибрилдердің ілмектер түзуіне
негізделген. Олардың түзілуіне гистондық емес ақуыздар қатысады. Бір
ілмекке сәйкес келетін ДНҚ-ның бӛлігі 20 000-тен 60 000 дейін жұп
нуклеотидтерден
тұрады.
Мұндай
қысқарудың
нәтижесінде
хромонеманың d = 100-300 нм жетеді, ұзындығы 0,2-0,3 мкм, оны
интерфазалық хромонемалар деп атайды. Тығыздалу коэффициенті -
680.
4
деңгей.
Тығыздалған
хромонемалар.
Интерфазалық
хромонеманың жеке бӛліктері әрі қарай қысқарып, құрылымдық блоктар
түзіп, құрылымы бірдей кӛршілес ілмектерді қосады. Тығыздалған
хромонемалардың ұзындығы 0,1-0,2 мкм, жуан жіпшелер түзеді, d = 700
нм, олар жарық микроскопы астында кӛрінеді, тығыздалу коэффициенті -
12х104.
5 деңгей. Хроматидтік және хромосомалық деңгей. Жарық
микроскопы астында анық кӛрінетін хроматин құрылымының жоғары
деңгейі,
d = 1400 нм.
Сондықтан,
хроматиннің бӛліктерін
эухроматинді және
гетерохроматинді бөліктер деп екіге ажыратады.
Эухроматинде информация тығыз жазылмаған, одан транскрипция
жүреді, генетикалық активті. Гетерохроматинде информация тығыз
болғандықтан,
генетикалық
инертті,
биологиялық
ақпараттың
транскрипциясы жүрмейді.
Гетрохроматиндерді
Достарыңызбен бөлісу: