50
бос нуклеотидтерді синтездеу мен ыдыратуға қатысатын ферменттер
тобы, АТФ-азаның ерекше орыны бар.
Ядрошық - интерфазалық ядроның тұрақты бӛлігі. Бактериялар мен
кӛкжасыл балдырлардан басқа барлық тірі ағзаларда ядрошық бар.
Ядрошық тұрақты құрылым емес, митоздың бас кезінде жойылып,
телофазаның аяғында қайтадан түзіледі. Ядрошықтың функциялық
ӛзгерістері олардың саны мен кӛлемінің ауытқуына байланысты.
Ядрошықта рибосомалар қалыптасатын болғандықтан, ядрошықтың саны
мен кӛлемі ӛзгерген кезде рибосомалардың түзілу жылдамдығы да
ӛзгереді, яғни белоктің синтезделуі артады. Ядрошық хромосомалардың
белгілі бір бӛлігіне жанасып тұрады, осы бӛлік ядрошықты
ұйымдастырушы деп аталады. Оның бақылауымен ядрошықтың
нуклеинқышқылдық материалы синтезделеді және бұл материалдың
тығыз денешікке ұйымдасуы жүреді. Ядрошық ӛзінің шығу тегі жағынан
хромосомамен байланысты, бірақ, қызметі жағынан ӛзгеше. Ядрошықтың
зақымдалуы бүкіл клетканың метаболизміне әсер етеді, атап айтқанда
РНҚ-ның, яғни белоктың да синтезі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: