Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет57/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

қалыптасу аймағы бар. Бұл аймақта сперматидтердің ядросы 
тығыздалып акросома аппараты қалыптасады. Бұл кезеңде цитоплазма 
мӛлшері азаяды. Сперматидтер кішірейеді, құйрығы пайда болып, нағыз 
сперматозоидтарға айналады. 
1 - сурет. Аталық жыныс безі тҥтікшесіндегі сперматогенез 
 
http://mirbiologii.ru/
2. Овогенез – аналық жыныс жасушасының (жұмыртқаның) пісіп 
жетілуі (2-сурет). Овогенез үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісіп 
 
Сперматогонийлер 
2-ші мейоздық бӛліну 
1-ші 
мейоздық 
бӛліну 
Сперматозоидтар 
Сперматидтер Сперматоциттер 1- ші қатардағы 


72 
жетілу. Бірақ, қалыптасу кезеңі болмайды. Сонымен қатар, овогенездің 
ӛзіндік ерекшеліктері бар. Овогенез аналық жыныс безінде ӛтеді. 
Алғашқы жасушалар – овогониялар көбею және өсу кезеңдерінен ӛтеді 
(туылғанға дейін). Мұнда овоциттер қалыптасады. Бірінші реттік 
овоциттердің мейоздық бӛлінуі эмбриогенездің 2, 4 айында басталады. 
Мейоз профазасының диакенез кезеңіне жетіп, ұзақ уақытқа (туылғанға 
дейін) тоқтайды. Қыз бала жыныстық жетілген кезден бастап, 
лютеиндеуші гормон әсерінен мейоздың екінші бӛлінуі метафаза кезеңіне 
дейін жүреді де, қайтадан тоқтайды. Мейоздың екінші бӛлінуі ұрықтанған 
соң аяқталады. 
2 – сурет. Аналық жыныс безіндегі овогенез 
(
http://mirbiologii.ru/
). 
Бірінші мейоздың нәтижесінде бірінші реттік овоциттерден
екінші реттік овоцит және бағыттаушы (полоцит) денешік 
қалыптасады. 
Ал, екінші мейоздан кейін екінші реттік овоциттен бір жұмыртқа 
жасушасы және бағыттаушы денешік, ал бірінші реттік полоциттен екі
бағыттаушы денешік түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет