69
Жынысты кӛбею аталық және аналық жыныс жасушаларының
қосылуымен сипатталады.
Кӛбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір ағза түрінің
ұрпақ алмастыруын жүзеге асырумен қатар, ұрпақтар арасындағы
сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Бір клеткалы организмдердің кӛбею тҥрлері. Жынысты кӛбею
1.
Конъюгация – тұқым қуалайтын материалдарымен алмасу
мақсатында екі дараның уақытша қосылуы. Инфузорияға тән.
Нәтижесінде ата-анасынан генетикалық жағынан айырмашылығы бар
дара пайда болады.
2.
Копуляция – екі дара гаметаларға айналып, бір-бірімен қосылып,
зигота түзейді. Жасыл эвглена тән.
Эволюция процесі барысында гаметалардағы айырмашылық арта
түсті.
Жынысты
кӛбеюдің
алғашқы
этапында
гаметаларда
морфологиялық жіктелу болмаған – бұл жағдайда
изогамия (бірдей)
орын алады. Одан әрі қарай гаметалар үлкен және кіші мӛлшерге ие
болып,
анизогамия орын алды.
Үлкен мӛлшерлі гаметалар қозғалмайтын, кіші гаметалар қозғалмалы
болған жағдайда,
овогамия орын алады. Кӛп жасушалы жануарлардың
жынысты кӛбеюі кезінде тек ғана
овогамия орын алады.
Гаметалардың түзілуі жыныс бездерінде –
гонадаларда жүреді.
Жыныс жасушаларының екі түрі бар –
аталық – сперматозоидтар,
аталық жыныс безінде дамиды,
аналық жұмыртқа жасушасы, аналық
жыныс безінде дамиды.
Егер аталық және аналық жыныс клеткалары бір дарада дамып
жетілсе ондай дараны
гермофродиттер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: