Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет62/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142
Ядро 
Қабығы 
Полярлы 
денешік 
Цитоплазма 


77 
Олар кортикальді реакцияға қатысып, овоциттерді полиспермия 
процесінен 
сақтайды. 
Овоцитті 
қоршаған 
мӛлдір 
аймақта 
гликопротеидтер, 
гликозаминогликандар, 
хондроитин 
күкірт 
қышқылы, гиалурон қышқылы тағы басқалар болады. 
Әйелдерде жыныстық цикл 24-28 тәулік сайын жүріп, жыныс 
жасушасы пісіп жетіліп отырады, оны овуляция деп атайды. Аналық 
безден бӛлініп шыққан овоцит жатыр түтігінің дистальді бӛлігіне ӛтіп, әрі 
қарай пісіп-жетілу кезеңін аяқтайды.
Сперматозоидтар - ӛте ұсақ қозғалмалы жасушалар. Оның қызметі 
ұрықтану 
барысында 
хромосомалардың 
гаплоидты 
жиынтығын 
жұмыртқа жасушасына енгізу. Олардың сперматогониялардан пісіп-
жетілу және түрлену мерзімі шамамен 72 тәулік құрады. Қозғалысы 
құйрығының кӛмегімен іс жүзіне асырылады. Адамда орташа 
жылдамдығы 
секундына 
30-50 
мкм. 
Қозғалысы 
хемотаксис 
(сұйықтыққа) және реотаксис (химиялық қоздырғышқа қарсы қимыл 
жасау) қасиеттеріне байланысты жүреді. Сперматозоидтар жатырға 30-60 
минутта, ал жатыр түтігінің дистальді бӛлігіне 1,5–2 сағатта жетіп, 
аналық жасушаны ұрықтандырады. Ұрықтандыру қасиетін 2 тәулік 
сақтайды.
Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70 мкм, атқаратын 
қызметіне сәйкес сперматозоидтардың басы, мойны және құйрығы 
болады (4, Б сурет). Басында жұмыртқа жасушасын тани білетін 
гликозилтрансфераза дейтін рецепторы мен тығыз келген, мӛлшері 
кішілеу 
ядросы 
болады. 
Ядросында 
нуклеогистондар, 
нуклеопротеоаминдер, гаплоидты жиынтықтағы хромосомалар бар.
Ядроның алдында акросома орналасқан. Акросомада гиалуронидаза және 
протеаза ферменттері бар. Ферменттер сперматозоидтың жұмыртқа 
жасушасына ӛтуін қамтамасыз етеді. Акросомасы Гольджи комплексінің 
туындысы болып табылады. Адам сперматозоидында 23 хромосома бар, 
оның 22 аутосома, біреуі жыныс хромосомасы. Жыныс хромосомасы ер 
адамдарда ХУ болғандықтан, сперматозоидтың екі түрі пісіп жетіледі, 
біреулерінде Х болса, біреулерінде У болады. Х-хромосомасының 
салмағы У-хромосомасына қарағанда ауыр, сондықтан оның қозғалысы 
баяу болып келеді. Сперматозоидтың басынан кейін орналасқан қысқа 
мойны құйрығымен жалғасқан. Құйрығы – аралық, негізгі және 
терминальді 
болып 
бӛлінеді. 
Аралық 
бӛлігінде 
центриоль, 
микротүтікшелер және оны қоршай орналасқан митохондриялар бар. 
Микротүтікшелердің құрамында тубулин белогі болады. Әрбір 
микротүтікшелерден жұп болып динеин белогының ӛсінділері шығып 


78 
тұрады, оларда АТФ-азаның белсенділігі ӛте жоғары болғандықтан, 
сперматозоидтарды қозғалысқа алып келеді. Егер, ол белок болмаса 
сперматозоидтардың қозғалысы жойылады. Сонымен қатар, оның 
қозғалысына рН ортасы мен дене температурасының атқаратын рӛлі 
маңызды.
Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде сперматозоидтың 
басындағы протоплазманың сұйық кристал күйінде болатыны анықталды. 
Сондықтан сперматозоид сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына 
тӛзімді. Мысалы, иондаушы радиацияның, зақымдаушы әсері жетілмеген 
жыныс жасушалармен салыстарғанда спермазоидтарға әсер етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет