Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет70/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Проэмбрионалдық кезең 
Проэмбрионалды немесе проэмбриогенез кезеңі гаметогенезге сәйкес 
келеді. Ӛйткені гаметогенезде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар 
гаметалар жұмыртқа мен сперматозоид жасушалары пісіп жетіледі. 
Жұмыртқа жасушасында кӛптеген информациялар (р–РНҚ, а–РНҚ), сары 
уыз, гликоген және майлар жиналады. 
Сары уыздың мӛлшеріне және цитоплазмада таралып орналасуына 
байланысты жұмыртқа жасушаларын 3 типке бӛледі (5-сурет): 
Изолецитальді жұмыртқада сары уыз аз болып, цитоплазмада 
біркелкі таралады. Мысалы: ондай жұмыртқалар тікенекті терілілерге, 
тӛменгі сатыдағы хордалыларға (ланцетник), сүтқоректілерге және адамға 
тән. 
Центролецитальді жұмыртқаның сары уызы орташа, 
цитоплазманың 
дәл 
ортасына 
шоғырланады. 
Ондай 
жұмыртқа 
буынаяқтыларға тән. 
Телолецитальді жұмыртқада сары уыз ӛте кӛп және жұмыртқаның 
бір жақ полюсінде орналасады - оны вегетативті (1), ал ядро мен 
А 
Б 


88 
цитоплазма орналасқан полюсін – анимальді (2) деп атайды. Ондай 
жұмыртқалар қос мекенділерге, рептилийлерге, құстарға тән.
Жұмыртқа құрылысының әртүрлі болуы эволюция процесі 
барысында, сыртқы орта жағдайларына бейімделуіне байланысты 
қалыптасқан. 
Изолецитальді 
Центролецитальді 
 
Телолицетальді 
1
5 – сурет. Жҧмыртқа жасушаларының типтері 
1 – вегатативт полюсі, 2 – анимальді полюсі. 
 
Эмбрионалдық кезең 
Эмбрионалдық немесе антенатальдық (адамдарда) кезең зиготаның 
түзілуінен басталады. Ал, аяқталуы онтогенездің типтеріне байланысты.
Личинкалық даму типінде - ұрық жұмыртқа қабығын жарып шығады. 
Личинкасыз даму типінде - ұрық, ұрық қабығын жарып шығады. 
Ұрықтың жатырда даму типінде – дүниеге келуімен аяқталады.
Эмбрионалды кезең келесі сатылардан тұрады (6- сурет):
зигота,
бөлшектену, 
бластула, 
гаструляция,
гистогенез және органогенез.
Зигота - бір жасушалы ұрық, ол жұмыртқа жасушасы мен 
сперматозоидтың қосылуы нәтижесінде пайда болып, сол ағзаға тән 
хромосомалардың диплоидтық жиынтығы қалпына келеді. Сүтқоректілер 
мен адамдар зиготасында бӛлшектенуге дейін, цитоплазма бӛліктерінде 
қозғалыстар мен дифференциация жүріп, жұмыртқада билатералді 
симметрия пайда болады. 
Жұмыртқа жасушасының бӛліну процесін бөлшектену деп атайды. 
Бӛлшектену барлық кӛп клеткалы жануарларға тән. Оның нәтижесінде кӛп 
клеткалы ұрық пайда болады. Бӛлшектену кезінде
П
айда болған клеткалар 



89 
ӛсіп үлгіре алмайды, бӛлінген сайын кішірейе береді, саны ғана кӛбейеді, 
ұрық ӛспейді. Бӛлшектенудің нәтижесінде пайда болған клеткалар 
(бластомерлер) шала жіктелген, бір текті болып келеді.
Бөлшектену – кезінде зигота митоз жолымен бӛлініп, бластомерлер 
(жасушалар) түзіледі. Зиготадағы бластомерлердің кӛлемі ӛспейді, тек 
бӛліну процесі жүріп жатады. Әртүрлі омыртқалылар ұрығының 
бӛлшектенуі түрліше жүреді, олай бӛлу себебі жұмыртқа клеткасындағы 
сарыуыздың 
мӛлшері 
мен 
цитоплазмада 
таралып 
орналасуына 
байланысты. Сондықтан, бӛлшектену жұмыртқа жасушасының типіне 
тәуелді, оның екі түрі бар: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет