Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет75/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Инвагинация 
Иммиграция 
Деляминация 
Эпиболия 
 
8- сурет. Гаструляцияның тҥрлері 
 


94 
2. Иммиграция – бұл процесс ішек қуыстыларға тән. Бластодермадан 
кей жасушалар ішке қарай ығысып шығып, бӛліну жолымен кӛбейіп, бір – 
бірімен байланысып, тұтасу нәтижесінде ішкі энтодерма қабатын түзеді, ал 
сыртында қалған қабат эктодерманы құрайды.
3. Деляминация – кезінде ұрық жасушалары параллелді бағытта 
кӛлденеңінен бӛлініп екі қабат түзеді. Бұл центролециталді жұмыртқасы 
бар ағзаларға тән. 
4. Эпиболия – жұмыртқаның анималді полюсіндегі жасушалар тез 
кӛбейіп, вегетативті полюсті жауып, эктодерма қабатын құрайды, ал ішкі 
қабатынан энтодерма түзіледі. Бұл телолециталді жұмыртқасы бар 
ағзаларға тән. 
Мезодерманың пайда болуы 
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде 
гаструланың пайда болуымен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші 
ұрық жапырақшасы дамиды. Бұл эктодерма мен энтодерманын арасында 
орналасқан 
клеткалық 
элементтердің 
жиынтығы. 
Омыртқасыз 
жануарлардың бәрінде, тікенекті терілілерден басқаларында, мезодерма 
бӛлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың 
арасында орналасады.
Ішек қуыстылардан басқа барлық ағзалар үш ұрық жапырақшасынан – 
эктодерма, энтодерма және мезодермадан дамиды. Мезодерманың 
қалыптасуының 2 әдісі бар (70-сурет): 
1. 
 Телобластикалық 
2. 
 Энтероцелдік 
Телобластикалық – гаструляция кезінде бірінші реттік ішек қуысының 
екі жағында, бластопорға жақын жерде бір – бірден ірі жасушалар – 
телобластар пайда блады, олардан кішкене жасушалар бӛлініп мезодерма 
дамиды. Бұл әдіс бірінші реттік ауыз қуыстыларға тән. 
Энтероцелдік – бұл кезде бірінші реттік ішек немесе гастроцелдің екі 
жағынан қалташықтар пайда болады. Олар бірте – бірте ішектен бӛлініп, 
кӛбейіп, екі ұрық қабатының арасына орналасып мезодерма түзеді. Бұл 
әдіс хордалыларға тән. Міне осы әдістермен 3 ұрық жапырақшасынан 
тұратын гаструла сатысы қалыптасады. Мезодермалық ӛсіндінің куысы 
дененің екінші реттік қуысы немесе целом деп аталады. 
Мезодерма этодерма және энтодерма сияқты клеткалардың тұтас 
қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және 
мезенхима деп аталатын құрылымды, ұрықтық дәнекер ұлпасын құрайды. 
Энтодерма мен мезодермадан дамыған мезенхиманы эндомезенхима деп 
атаса, эктодермадан дамығандарын эктомезенхима дейді. 


95 
Омыртқалыларда эндомезенхимадан ересек организмнің дәнекер 
ұлпаларының әр түрлері, қан тамырлары мен бірыңғай салалы бұлшық ет, 
қанның клеткалары дамиды. Экзомезенхимадан висцералдық қаңқаның 
бәріне дерлігі, пигменттік клеткалар, микроглия мен дерманың бір бӛлігі 
түзіледі. Сонымен, гаструляция аяқталғаннан кейін хордалыларға тән дене 
құрылысының жалпы жоспары анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет