106
үш түрі бар: ауыспалы эпителий, мүйізденбейтін және мүйізделетін (2 -
сурет).
Кӛп қабатты ауыспалы эпителий зәр шығару жолдарын (бүйрек
қуысы, қуық, несеп ағар) астарлап жатады. Эпителий негізінде үш
қабаттан тұрады:
базальді, аралық, үстінгі. Аралық қабат несептің
жиналып шығуына байланысты ӛзгеріп отырады. Қуық толып созылғанда
аралық қабат бір қатар клеткалардан тұрады, ал
босап жиырылғанда
аралық қабаттың клетка қатарлары кӛбейіп, қуық қабырғалары
қалыңдайды.
Кӛп қабатты мҥйізденбейтін эпителий. Бұл эпителий механикалық
әсерге ерекше қатты ұшырайтын ылғалды жабынды беткейліктерге тән.
Ылғалға
қажетті сұйық, эпителийдің астындағы борпылдақ дәнекер ұлпада
орналасқан бездерден келеді. Эпителийдің бұл түрі ауыз бен ӛнештің ішкі
қуысын, қынапты, кӛздің мүйізді қабығының бетін, тік ішектің артқы бӛлігін
астарлайды. Эпителийдің осы түрінде жасушалардың үш қабаты болады:
базальдық қабат, кӛп бұрышты немесе тікенек тәрізді жасушалар қабаты,
жалпақ жасушалардан тұратын үстіңгі қабат.
Базальді қабат, негізінен мембрананың үстінде
орналасқан митоз
жолымен жедел кӛбейетін цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады. Базальді
қабаттың жасушалары базальді мембранаға арнайы құрылымдармен бекіген.
Жасушалардың ортаңғы қабаты немесе кӛп бұрышты жасушалар қабаты
десмосомалармен жабдықталған жіңішке ӛсінділермен байланысқан кӛп
бұрышты жасушалардан тұрады. Жасушалардың
арасында эпителиальді
жасушалардың қалың қабатының қоректенуін қамтамасыз ететін, ұлпалық
сұйық ағатын, жасуша аралық кеңістіктер болады. Кӛп бұрышты жасушалар
қабатындағы
жасушаларда, Гольджи аппаратының кӛмегімен жасуша
аралық цемент деп аталатын затты синтездейді. Кӛп қабатты мүйізделмейтін
жалпақ эпителийдің үстіңгі қабаты жалпақ жасушалардан түзілген, солардың
ең үстінгілері оқтын-оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен
жасушалардың орнын тӛменгі жаңа жасушалар басады.
Достарыңызбен бөлісу: