Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет86/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142
3 – сурет 
Кӛп қабатты 
мҥйізденетін эпителий 
1 – мүйізді қабат 
2 - жылтыр қабат 
3 – түйіршікті қабат 
4 – тікенекті қабат 
5 – базальді қабат 
6 – базалььді мембрана 
7 – тальшықты дәнекер ұлпа 
8 - тер бездерінің түтікшелері 
1 
2 
3 
4 
5 
6 
7 
8 


108 
Безді эпителий 
Организмдегі бездердің негізгі массасын безді эпителий құрайды. 
Бездегі эпителий жасушаларының қызметі — организм тіршілігіне қажет 
заттарды жасушаларда синтездеп, олардан бӛліп шығару. Бездер 
организмде секрет бӛлу қызметін атқарады. Олардың кӛпшілігі — безді 
эпителийдің туындысы. Бездердің кӛпшілігі қалыптасқан жеке мүшелерге 
жатады. Мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без. 
Басқалары мүшелердің бӛлігі болып саналады (мысалы, асқазанның 
бездері). 
Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бӛлінеді. Экзокриндік 
бездер секрет түзуші бӛлімі мен шығарушы ӛзектен тұрады (4-сурет). 
Экзокриндік бездердің классификациясы осы бӛлімдерінің құрылысына 
негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бӛледі. 
Эндокриндік бездер, безді жасушалардан тұрады және олардың шығару 
ӛзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, калқанша және 
қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс 
аралшықтары т. б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік 
жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен 
астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын 
секреттер бӛледі.  
Экзокриндік бездер экзоэпителиалді және эндоэпителиалді болып 
бӛлінеді. Безді жасушалардың тобы эпителийдің астындағы ұлпаға енсе
ол безді экзоэпителиальді деп атайды. Мысалы, тері, сілекей және май 
бездері, бауыр т. б. Ал эпителиальді бездер жасушалардың комплексі 
астарлаушы ұлпаға ӛтпей, эпителиальді жасушалардың қабатында қалса
ондай бездерді эндоэпителиальді дейді. Мысалы, адамның кӛмекей үсті 
шеміршегі эпителийінің сілекей жасушаларының тобы. 
Экзокриндік экзоэпителиальді бездер бір жасушалы және кӛп 
жасушалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиальді бір жасушалы 
бездер омыртқасыздарда кең тараған: турбелляриларда, немертинде, 
сақиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителиальді кӛп 
жасушалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды — сілекей, 
кӛз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бӛлігі. 
Экзокриндік экзоэпителиальді кӛп жасушалы бездер ӛзегінің 
құрылысына қарай жабайы және кҥрделі бездер болып бӛлінеді. Жай және 
күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (кӛпіршік) және түтікше-
альвеолалық болып бӛлінуі мүмкін. Тармақталмаған бір ғана ӛзегі бар безді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет