Жаратылыстану жəне математика факультеті Информатика кафедрасы «Инженерлік жəне компьютерлік графика»



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата31.12.2016
өлшемі1,11 Mb.
#849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

HSB  түстік моделі 
HSB    түстік  моделі  адамның  түсті  қабылдау  ерекшеліктерін  максималды  ескере 
отырып  жасалған.  Ол  Манселл  түстік  дөңгелегі  негізінде  құрылған.  Түс  үш 
компонентпен сипатталады: өңі (Hue), қоюлығы (Saturation), ашықтылығы (Brightness). 
Түс  мəні  шеңбер  центрінен  шығатын  вектор  ретінде  таңдалады.  Центрдегі  нүкте  ақ 
түске,  шеңбер  периметрі  бойынша  нүктелер  –  таза  спектр  түстеріне  сəйкес  келеді. 
Вектор  бағыты  градуспен  беріледі  жəне  түстік  өң  анықталады.  Ахроматикалық  деп 
аталатын  келесі  осьте  ашықтылық  беріледі,  бұл  жағдайда  нольдік  нүкте  қара  түске 
сəйкес келеді. HSB  моделінің түстік қамтуы нақты түстердің барлық белгілі мəндерін 
алады.  
HSB    түстік  моделі  суретші  құралдары  мен  жұмыс  істеу  тəсілдерінің  баламасы 
ретінде компьютерде бейне құруда қолдану үшін қабылданған.  
HSB  түстік  моделі  басқа  жүйелердің  алдында  өте  мəнді  сипатқа  ие.  Ол  түстің 
табиғи  анықтылығына  сəйкес  келеді.  Көптеген  түс  қосындыларын    HSB  түстік 
моделінде тез əрі ыңғайлы түрде алуға болады. Осы модельде бейне құрып болған соң, 
басқа түстік модельге өзгертіп алып баспаға шығаруға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
CMYK түстік моделі 
CMYK  түстік  моделі  субтрактивті  түс  шығаруға  жатады,  басылымды  баспаға 
шығару үшін қолданады. CMY моделінің түстік компоненттері ретінде негізгі ақ түстен 
алынып тасталатын түстер қызмет етеді. 
Көгілдір (cyan) = ақ – қызыл =жасыл + көк 
Пурпурный (magenta) = ақ – жасыл = қызыл + көк 
Сары (yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл. 
Көгілдір,  пурпурный,  сары  түстер  қосымша  түстер  деп  аталады,  өйткені  олар 
негізгі  –  ақ  түске  дейін  толықтырады.  Қосымша  түстердің  қосылуы  практикада  қара 
түсті  бермейді,  сондықтан  түстік  модельге  таза  қара  түс  қосылған.  CMYK  –  Cyan, 
Magenta, Yellow, blacK
СМҮК  түстік  моделі  компьютерлерді  графикалық  бейнелерді  жасап  шығару 
мақсатында  қолданбас  бұрында  кең  танымал  болған.  Бұл  түстік  модельдегі  негізгі 
түстер  болып  көгілдір,  күлгін,  сары  түстер    табылады.  СМҮК  түстік  моделі 
субтрактивті  болғандықтан  баспаға  беруге  дайындық  барысында  қолданылады. 
Типографиядағы  басылымға  баратын  барлық  бейнелер  СМҮК  түстік  моделіне 
сəйкестендірілуі қажет. Бұл процесті түстік бөліну деп атайды.  
1.  көгілдір (Cyan) 
сары 
қызыл 
күлгін 
Көк 
Көгілді
р 
жасыл 
ақ 
ашық 
қою 

2.  күлгін (Magenta) 
3.  сары (Yellow) 
Көгілдір, күлгін, сары  түстер қосымша түстер деп аталады, себебі олар ақ түске дейін 
толтырылады.  Осыдан  СМҮ  түстік  моделі  анықталады.  Бірақ,  қосымша  түстердің 
қосындысы  таза  қара  түсті  бере  алмайды.  Сондықтан,  қара  түс  түстік  модельге  жеке 
қосылып, СМҮК түстік моделі пайда болады. 
4.  қара (Black) 
RGB түстік моделі 256 градациялық деңгейден тұрса, СМҮК түстік моделінде ашықтық 
пайызбен өлшенеді (0-ден 100-ге дейін). RGB түстік моделіне қарағанда СМҮК түстік 
моделінде ашықтық тереңірек болып келеді, яғни бір пиксельге 32 биттен келеді. 
     СМҮК  түстік  моделінің  қолданылу  аймағы  төрт  түсті,  көп  қабаттты  баспамен 
шектеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түстік палитра 
 
Компьютерлік  графикада  электронды  түстік  палитра  суретші  палитрасына  ұқсас 
болып келеді, бірақ онымен салыстырғанда əлдеқайда көп түсті қамтиды. Электрондық 
палитра нақты ұяшықтар санынан тұрады, оның əрқайсысы белгілі бір түстік өң береді. 
Нақты  түстік  палитра  белгілі  бір  түстік  модельге  сəйкес  келеді,  өйткені  оның  түстері 
осы  модельдің  түстік  кеңістігі  негізінде  құрылған.  Бірақ  егер  түстік  модельде 
сипатталатын кез келген түсті шығаруға болатын болса, түстік палитра стандартты деп 
аталатын шектеулі түстік жиынды қамтиды.  
Компьютерлік  графиканы  құру  жəне  өңдеу  программалары  RGB,  HSB,  CIE  Lab, 
CMYK түстік модельдеріндегі бірнеше түстік палитраны таңдауға мүмкіндік береді.  
 
Түсті басқару жүйесі 
Компьютерлік  графика  элементтерін  құру,  өңдеу  барысында  бейне  процестің  барлық 
сатысында кез-келген құрылғыда визуалдау əдісі барысында бірдей болуы тиіс, əйтпесе 
бейнені өңдеу процесінде бірнеше сатыдан соң түпнұсқа өзгерістерге ұшырап, алынған 
нəтиженің сапасы. Талапқа сай болмауы мүмкін. Компьютерлік графиканың сатысында 
түстердің  өзгеруін  болдырмау  үшін  түстерді  басқару  жүйесі  қолданады.  CMS  мұндай 
жүйе түстік мəлімет алмасу барысында барлық құрылғыларды міндетті параметрлерден 
тұрады. Түсті басқару жүйесінің айнымалылары: 
К 


С 
а
қ 
ақ 
қара 
көгілдір 
жасыл 
сары 
күлгін 
қызыл 
көк 
 
Көгілдір 
Көк  жасыл 
күлгін 
сары 
қара 
қызыл 

1.  Түстік  гамма.  Əр  құрылғының  өзінің  түстік  графикасы  болады.  Оның 
аумағы  кез-келген  түстік  модель  қамтитын  аумақта  шағын  болады.  Түстік 
басқару жүйесі, түстік модель түстерінің өзгерісін басқарады. 
2.  Профиль.  Əр  құрылғы  түсті  дайындаушының  технологиялық  жəне 
программалық  шешіміне  байланысты  прфильдерден  бере  алады.  Түрлі 
құрларда  түстердің  берілуін  ортақ  ету  үшін,  о/р-ң  өзіндік  пр-лі  болу  керек. 
Түс  жөніндегі  халықаралық  концертагуіне  түсті  бейнелеу  сипаттамасының 
параметрлеріне өндірістік стандарт бекітті(icc)  
3.  Калидровка.  Бір  өндірушінің  бірдей  моделі  мен  шығарылған  құрылғылары 
стандартты профильдің жүзеге асыруда бір-бірімен айырмашылығы бар. 
 
Бекіту сұрақтары: 
Түс деген не? 
Субтрактивті, аддитивтік түс шығаруға мысал келтіру. 
Түстік модельдер деген не? 
Қандай түрлері бар? 
 
 
9- 10 апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: Кесінділер мен көпбұрыштарды кесіп тастау 
 
Дəріс мазмұны: 1) Қима туралы түсінік. 
                                  2) Қабаттасқан қималар. 
                                  3) Оңашаланған қималар. 
Дəріс  мақсаты:  ЕСКД  стандарттарына  сай  негізделген  сызбаны  дайындау, 
қималарды орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру. 
Тақырыпта  қолданылатын  сөздер:  қималар,  оңашаланған,  қабаттасқан, 
симметриялы, симметриялы емес, қиюшы жазықтық.  
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 
1) Қима туралы түсінік. 
Сызбаны орындағанда  көріністер саны ең аз болуы, бірақ нəрсенің пішінін осы 
сызба  бойынша  анықтауға  жеткілікті  болуы  керек.  Қима  деп  нəрсені 
жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нəрсе 
ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. 
2) Қабаттасқан қималар. 
Сызбада орналасуына қарай қима қабаттасқан жəне оңашаланған қималар болып 
бөлінеді.  Қабаттасқан  қима  нəрсенің  көрінісін  шектейтін  сызықтардың  ішінде 
орындалады.  Қабаттасқан  қима  фигурасын  шектейтін  сызық  жіңішке  тұтас 
болады.  Қабаттасқан  қима  нəрсе  көрінісін  оқуды  қиындатады,  кейде  қиманың 
өзін де түсіну қолайсыз болады. 
3) Оңашаланған қималар. 
Оңашаланған  қима  сызбада  бос  орынға  салынады,  оны  негізгі  тұтас  жуан 
сызықпен  шектейді.  Негізгі  тұтас  жуан  сызық  нəрсенің  көрінетін  контурының 
кескіні  үшін  де  қолданылады.  Оңашаланған  қиманы  қима  сызығының 
созындысына орналастыруға болады.  
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада ) 
бақылау сұрақтары: 

Қабаттасқан қима дегеніміз не? 
Оңашаланған қималар қалай орналастырылады? 
Қиюшы жазықтықтың ізінің бағытына қарай қималар қалай болып бөлінеді?  
Қималар сызбада қалай белгіленеді? 
Қималар қалай штрихталады?  
Қималарды  орындауға  арналған  графикалық  тапсырмалар.  «Біліктің»  қимасын 
орындау. 
Көріністер. Қосымша жəне жергілікті көріністер тақырыбын қайталау. 
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 72-75 бет. 
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2002; 174-178 бет. 
[2]  Боголюбов  С.К.,  Воинов.В.А.  Черчение.М.,  «Машиностроение»,  1982;  131-
132 бет. 
[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет. 
[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.  
[13]  Суворов  С.Г.  Машиностроительное  черчение  в  вопросах  и  ответах.  М., 
Машиностроение , 1981; 170-178 бет. 
 
 
11- апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: Геометриялық модельдеу   
 
Дəріс мазмұны:  
 
 
Сурет салу жəне бояу саймандары  
 
 
Аэрограф. Бейненің  үстінен түс шашу үшін қолданылады. 
 
Кисть. Негізгі түспен бояу үшін қолданылады. 
 
Ластик. Бейненің пикселдерін фон түсіне бояу арқылы жояды.  
 
Карандаш. Сурет салу үшін қолданылады. 
 
Сынық  (линия).  Түзу  сызық  салу  үшін  қолданылады.  (Басы  мен  соңына 
стрелкалар қосуға болады). 
 
Пипетка. Негізгі жəне фон түсін бейнеге шерту арқылы немесе "Синтез" жəне 
"Каталог" палитраларынан таңдау арқылы таңдалады. 
 
Градиент. Бір түстен екінші түске ауысуын береді.  
 
Заливка. Бейненің  белгіленген аумағындағы бірдей пикселдерді бояйды. 
 
Перо.  Шекараларды  сызықтық  сегменттердің  көмегімен  нүктелерді  бекіту 
арқылы салуға көмектеседі. 
 
Стрелка. Шекараларды түйіндік нүктелерді қозғау арқылы өңдеуге арналған.   
 
Перо+. Контурға жаңа түйінді нүктелер қосады. 
 
 
Перо-. Контурдан түйінді нүктелерді жояды. 
 
 
Угол. Бекітілген нүктелердің қасиетін өзгерту үшін қолданылады. 
 
 
Магнитное перо.  
 
 
 

 

 
 
 
12 апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: Тұйық сызықтар мен жазықтықтарды жою 
Дəріс мазмұны:  
1. Зат жазықтығының шектік түзулері. 
Дəріс  мақсаты:  Түзулердің  перспективасын  тұрғызу  ережелерін  үйретіп, 
перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. 
Тақырыпта 
қолданылатын 
сөздер: 
орталық 
перспектива, 
параллель 
перспектива,  проекциялаушы  аппарат,  картина,  дистанциялық  нүкте,  көкжиек, 
жеке жəне жалпы, горизонталь т.б. 
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 
Ерекше жаѓдайдаѓы т‰зулер.  
Зат  жəне  картина  жазықтықтарына  кез-келген  бұрыш  жасай  орналасқан  жəне 
басты  көру  сəулесі  жазықтығына  параллель  түзу  ерекше  жағдай  түзуі  деп 
аталады. 
2.  Мұндай  түзулер  бағытына  қарай  жоғары  жəне  төмен  бағытталған  болып 
бөлінеді. Жоғары бағытталған ерекше жағдай түзуі горизонт үстінде орналасқан 
басты  вертикаль  сызықта  жатқан  шеткі  нүктемен  шектеледі,  ал  оның 
проекциясы картинаның басты нүктесімен беттеседі. 
3.  Төмен  бағытталған  ерекше  жағдай  түзуі  горизонт  астында  орналасқан  басты 
вертикаль  сызықта  жатқан  шеткі  нүктемен  шектеледі,  ал  оның  проекциясы 
картинаның басты нүктесімен беттеседі. 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.  Жоғары  бағытталған  түзу  дегеніміз  не  жəне  оның  шеткі  нүктесі  қайда 
орналасады? 
2. Ерекше жағдай түзулері дегеніміз не? 
Əдебиет: [1] Макарова М. Н. Перспектива М. Академический Проект,2002.   
[
2]  Борисов Д. М и др. Черчение. М, Просвещение, 1988.   
[
3] Боголюбов С. К, Воинов А. В Черчение, М. Машиностроение, 1982г.   
[
6] Миронова Р. С. Инженерная графика. М. Академия, 2001.   
[
16]  Фролов  С.  А.  И  др.  Машиностроительное  черчение.  М,.  Машиностроение 
1981.     
 
 
13- апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: Сахнаның шынайы ұсынылуы 
Дəріс мазмұны: 1) Көріністер туралы жалпы түсінік 
                                     2) Басты көріністі таңдау 
                                     3) Косымша жəне жергілікті көріністер 

Дəріс  мақсаты:  Сызбаларды  орындауда  тік  бұрышты  проекциялар  жүйесін 
пайдалануды,  көріністерді  орындауда  кездесетін  шарттылықтарды  білуге 
үйрету. 
Тақырыпта  қолданылатын  сөздер:    негізгі,  қосымша,  жергілікті,  еуропалық 
жəне америкалық жүйе. 
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:  
1) Көріністер туралы жалпы түсінік 
Нəрсе кескінін сызбада тік бұрыштап проекциялау əдісімен алады. Проекцияның 
негізгі  жазықтықтары  етіп  кубтың  алты  қабырғасын  алады.  Нəрсе  бетінің 
қараушыға көрінетін бетін көріністер деп атаймыз. Кескіндер санын азайту үшін 
сызбада  нəрсе  бөлігінің  көрінбейтін  жерлерін  үзік  сызықтармен  көрсетуге 
болады.                                      
 
2) Басты көріністі таңдау.  
Нəрсені  негізгі  алты  проекция  жазықтығына  проекциялау  арқылы  шыққан 
көріністер  негізгі  деп  аталады.  Олардың  атаулары:  алдыңғы,  үстіңгі,  сол 
жағынан,  оң  жағынан,  астынан,  артынан  қараған  көріністер.  Сызбада  фронталь 
проекция  жазықтығындағы  кескін  басты  көрініс  болып  есептеледі.  Нəрсенің 
пішіні  мен  өлшемі  жағынан  көп  мағұлмат  беретіндей  етіп,  фронталь  проекция 
жазығына параллель орналастырады. 
3) Қосымша көріністер 
Бөлшекті  немесе  оның  бір  бөлігін  негізгі  проекция  жазықтықтарына  параллель 
емес  жазықтыққа  проекциялау  арқылы  алынған  көрініс  қосымша  көрініс  деп 
аталады.  Қосымша  көрініс  негізгі  көрініспен  проекциялық  байланыста 
орындалса,  оның  үстіне  жазып  белгілемейміз,  керісінше  жағыдайда  үстіне 
жазамыз  да,  кескіннен  қарау  бағытын  бағыттамамен  көрсетіп,  əріппен 
белгілейміз. 
4) Жергілікті көріністер 
Бөлшектің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні жергілікті көрініс деп аталады. 
Берілген көріністерде бұйымның қандай да бір бөлігінің пішінін көрсету мүмкін 
болмаған жағдайда жергілікті көріністер қолданылады. 
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада ) 
Бақылау сұрақтары: 
           Сызбадағы негізгі көріністерді атаңыз. 
Сызбада басты көріністі қалай таңдайды?  
Жазық фигураларды аксонометриялық проекцияда  орындау тəсілдерін атаңыз. 
Қандай жағдайларда қосымша жəне жергілікті көріністер белгіленеді? 
Жазулар кескін үстіне қалай орналастырылады? 
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др.Черчение. М., Просвещение, 1988; 66-71 бет. 
[2] Боголюбов С.К., Воинов В.А. Черчение. М., Машиностроение,1982.  
128-132 бет. 
[9]  Чекмарёв  А.А.Справочник  по  машиностроительному  черчению.  М.,  В.Ш., 
2002;  40-43 бет.  
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М.,Академия 2001г; 171-174 бет 
[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение, 1984; 41-46 бет.  
  
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., Ш., 1984;  91-94 бет. 
 
 
14- апта 
1  кредит сағат. 

Тақырыбы: Графикалық мəліметтерді ұсыну   
Дəріс  мазмұны:  АР  программасын  келесі  параметрлер  бойынша  графикалық 
рұқсат етулерді өзгертуге мүмкіндік жасайды: 
 
1.  Бейненің графикалық рұқсат етілуі. 
2.  Графикалық рұқсат етілуді баптау. 
3.  Интерполяция əдісін таңдау. 
4.  Файл көлемін жəне бейне параметрлерін белгілеу. 
5.  Парақ өлшемін бағалау жəне макет қарау. 
6.  Бейнені кадрлау. 
7.  “Бейне өлшемі” командасы. 
8.  Рұқсат етуді атоматты орнату. 
9.  “Размер холста” командасы. 
Түстік  түзету  (цветовая  коррекция)  бейнедегі  тондық  (өңдік)  жəне  түстік 
кемшіліктерді  жою  процесі  болып  табылады.  Сондай-ақ  түстік  түзету  түстердің 
анықтылығын да жүзеге асырады (контраст). 
Түстік түзетуді жүзеге асырудың бірнеше кезеңдері бар. Бейнеге байланысты осы 
кезеңдердің біреуін таңдауға болады. 
1.  Жүйенің колибровкасын орындаңыз 
2.  Сканерленген бейненің сапасын тексеріңіз. 
3.  Бейнеге ақ (ашық) жəне қара (қою) нүктелер қосыңыз. 
4.  Тонды  (өң)  түзетуді  орындаңыз  жəне  “Деңгейлер”  (Уровки)  немесе 
“Қисықтар” (Кривые) командаларының көмегімен контрастылықты өзгертіңіз. 
5.  Түстерді түзетуді “Қисықтар”, “Түстік тон / Толыққандылық”, “Түсті өзгерту” 
немесе “Түсті таңдап өзгерту” командалары арқылы орындаңыз. 
АР  программасында  бейнені  түрлендіру  бейнені  келесі  форматтарда  өзгертуге 
мүмкіндік береді: 
1.  RGB жəне Cmyk форматындағы бейнелер. 
2.  Lab Форматындағы бейнелер 
3.  8 биттік түстік бейнелер 
4.  Құжатты түрлендіру 
5.  Бір түстік жүйеден екіншісіне өту. 
1.  RGB  жəне  Cmyk    форматындағы  бейнелермен  жұмыс.  RGB  жəне  Cmyk 
режимдерінде  экранда  бейне  каналдарының  түрлі  комбинацияларын  түзетуге  жəне 
алуға  болады.  Дегенмен,  монитор  RGB  құрал  болғандықтан  Cmyk  түстерді  экранда 
бейнелеу оларды уақытша RGB форматқа ауыстырғанда мүмкін болады. 
Cmyk – оригинал параметрі көмегімен Основные установки сұқбат терезесінде Cmyk  
форматында көрсетілген құжаттарды бейнелеу тəсілін анықтауға болады. 
* “Жылдам” нұсқасы  RGB мəндерді қабылдайды жəне сондай өңдеу  жылдамдығын 
қамтамасыз етеді. 
*  “Дəл”  нұсқасы  түстер  түрленуінің  əлдеқайда  жаңа  кестесін  қолданады.  Ол 
бастапқы түстердің дəл шығарылуын қамтамасыз етеді. 
2.  Lab  форматына  түрлендіру.      RGB  бейне  мен  индекстелген  түстегі  бейнелерді 
Lab  форматына  түрлендіруге  болады.  Бұл  форматта  пикселдердің  өңі  мен  қоюлығын 
өзгертпей оның ашықтылығын өзгертуге болады. Бейнені өзгертуді аяқтаған соң  түсті 
түзеу  процесін  жалғастыру  немесе  үш  түс  көмегімен  бейнені  қағазға  басып  шығару 
үшін RGB мен Cmyk режимдеріне көшуге болады.  Lab форматы  мен кез келген басқа 
формат арасы.нда түрлендіру бастапқы түстік мəндерді өзгертпейді. 

Lab форматында бейнені өзгерту процесінде барлық түстік ақпараттар үш канал 
бойынша бөлінеді: L (ашықтылығы) а (жасыл-қызыл ось) жəне в (сары-көк ось). 
Lab  форматы  ақпараттық  –  тəуелсіз  болып  табылады,  сондықтан  ол  бейнені 
түрлі жүйелер арасында алмастыруға мүмкіндік береді. 
3.  8 биттік түсті монитор үшін түстерді бейнелеу параметрлері. 
АР  программасы  бейнелердің  түрлі  типтерін  өңдеуде  түрлі  түс  өзгерту 
кестелері  мен  түстік  палитраларын  қолданады.  Егер  жүйе  8  биттік  түсті  ғана 
қолдайтын болса, онда видеокарта бір мезгілде 256 түске дейін шығара алады. 
Ағымдағы түстік палитрада жоқ түстерді бейнелеу үшін АР программасы кейде 
түстердің жалған араласуы деп аталатын арнайы технология қолданылады. Ол түрлі 
түсті көшірме пикселдерді үшінші түс шығатындай етіп өзгертеді. 
Түстерді бейнелеу тəсілі белсенді жəне басқа да барлық құжаттарда Основные 
установки ⇒ Системная политра сұқбат терезесіндегі параметрлермен анықталады. 
4.Құжаттарды  түрлендіру.  Түстік  форматты  өзгерту  үшін  бір  процедура 
қолданылады: Режим менюінде бейненің жаңа типін таңдаймыз. Кейде бұл жағдайда 
түрлендіру шарттары беру мүмкіндігі көрсетілетін сұқбат терезе ашылады. 
Түстік  бейнелер  түрлі  түстік  мəндері  бар  пиксельдерден  тұрады,  сондықтан 
құжат  форматын  өзгерту  түстік  мəндердің  қайтарымсыз  өзгеруіне  əкелуі  мүмкін. 
Осыған  байланысты  түрлендіру  алдында  құжаттың  резервті  көшірмесін  міндетті 
түрде сақтау керек. 
Бейнелердің  кейбір  типтері  қатаң  анықталған  түстік  форматқа  ғана 
түрлендіріле  алады.  Бұл  жағдайда  барлық  қолдануға  келмейтін  нұсқалар  Режим 
менюінде сұр түспен көрсетіледі. 
5.  Түстік  форматтарды  өзгерту.  Түстік  шамаларды  бір  түстік  жүйеден 
екіншісіне  түрлендіру  үшін  АРт  программасы  Lab  моделін  қолданады.  Бұл  модель 
басқа  барлық  түстік  модельдермен  сəйкестенеді.  Сондықтан  оны  “делдал”  ретінде 
қолдану барлық өңнің əлде қайда толық жəне дəл сақталуын қамтамасыз етеді. 
Мысалы,  алмастыру  үшін  АР  алдымен  оны  Настройка  манитора  диалоктық 
терезесіндегі  ақпараттар  негізінде  Lab    форматына  түрлендіреді.  Одан  соң  АР 
программасы Краски для печати жəне Параметры цветоделения сұқбат терезелерінен 
ақпарат оқиды жəне түс түрлендіру кестесін қалыптастырады. 
Осылайша Cmyk форматына көшкеннен кейін АР кері форматына түрлендіруді 
орындайды. Ол манитор экранында құжатты бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Бұл  Cmyk-тан  RGB-ге  ауысу  сұқбат  терезеде  ешқандай  мəн  өзгертілмесе  RGB-ден 
Cmyk-қа түрлендірумен бірдей болып табылады. 
6.  Бір,  екі,  үш  жəне  төрт  бояулы  дуплекстері  АР  1,  2,  3,  4  боялу  дуплекстерді 
құруға мүмкіндік береді. Бір түрлі түстік дуплекстер бір ғана қара емес бояу көмегімен 
басылған жартылай тонды бейне болып табылады. 2, 3, 4 бояулы бейнелер сəйкесінше 
2, 3 немесе 4 бояу  арқылы басылған. Дуплекстегі түрлі бояулардың қолданылуы жеке 
элеметтредің түстерін емес бейненің жалпы тонын анықтайды. 
7.Индекстелген түстер форматына түрлендіру 
15- апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: Компьютерлік графика мен анимацияның программалық құралдары 

Дəріс  мазмұны:  Растрлық  графикамен  жұмыс  істеуде  Adobe  фирмасының 
Photoshop  программасы  ерекше  орын  алады.  Бұл  программа  қазір  компьютерлік 
графикада стандарт болып табылады, басқа программалардың бəрін осы программамен 
салыстырады.  
Adobe Photoshop программасы – графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауға 
арналған  көптеген  пакеттердің  бірі.  Adobe  Photoshop  программасында  палитрамен 
жұмыс  істеуге,  сканерлеуге,  импорттауға  жəне  экспорттауға,  аймақ  пен  контурды 
ерекшелеуге,  сурет  салуға,  түзетуге,  түстер,  қабаттар,  каналдар  мен  маскалар, 
фильтрлер,  бейненің  өлшемі  мен  рұқсат  етілуін  таңдауға,  түстік  түзетулерге,  бейнені 
түрлендіруге, түс бөлуге, бейнені баспаға шығаруға мүмкіндік береді.   
Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop 
Adobe Photoshop программасының терезесі мынадай болады:  
 
Түпнұсқаның  бастапқы  алынуы  Файл  →Открыть  командасы  арқылы  жүзеге 
асады. Импорт деп сыртқы көзден – сканер, цифрлық фотокамерадан алынған бейнені 
атайды.  Графикалық  редактордың  сыртқы  құрылғылармен  байланысы  TWAIN 
программалық  интерфейсі  арқылы  жүзеге  асады,  ол  бейне  көздерімен  мəліметтердің 
алмасу параметрлеріне стандарт орнатады. 
Түпнұсқа бейнемен жұмыс жасамас бұрын оның параметрлерін анықтау керек. Ол 
үшін  Изображения  →Размер  изображения  командасын  орындайды.  Шыққан 
диалогтық терезеде бейненің биіктігі мен ені сантиметр жəне пиксельмен беріледі жəне 
рұқсат  етілімі  көрсетіледі.  Орнатылған  мəндерге  байланысты  бейненің  сапасы  мен 
өлшемі  белгіленеді.  Adobe  Photoshop  программасының  басты  басқару  элементтері  – 
меню қатары, құрал-саймандар панелі, қасиеттер панелі болып табылады.  
Палитралар 
Құралдар  параметрлерін  басқарудың  маңыздысы  интерактивті  қасиеттер  панелі 
болып  табылады.  Кез  келген  құралды  таңдағанда  оның  қасиеттеріне  сəйкес  палитра 
қажетті басқару элементтерімен бірге автоматты түрде пайда болады. 
Басқа  құралдармен  бірге  ерекше  сұқбат  терезелер  болып  құралдық  палитралар 
болып  табылады.  Adobe  Photoshop  программасында  оннан  астам  құралдар  палитрасы 
бар.  
Палитраларды бейнелеуді басқаруды Окно менюінен қажетті палитраларға сəйкес 
меню жалаушалары көмегімен жүзеге асыруға болады.  
Adobe Photoshop программасында палитралар ұғымы көп қолданылады. 

Палитра  дегеніміз  –  құрал  –  саймандар  параметрін  өзгерту,  бейнемен  операциялар 
орындау  үшін  қолданылатын  терезелер  болып  табылады.  Палитраларды  жұмыс 
терезксінің  оң  жақ  бұрышынан  көруге  болады.  Олар  төрт  кішкене  терезеде  топтасып 
орналасқан.  Adobe  Photoshop  программасында  барлығы  17  палитра  бар.    Adobe 
Photoshop программасында кеңінен қолданылып жүрген палитралар төмендегілер: 
  Navigator  (Навигатор)  –  бейненің  түрлі  фрагменттерін  қарау  жəне  қарау 
масштабын өзгерту. 
  Info  (Информация)  –  бейнелеуді  ақпараттық  қолдау  құрылғыларын 
қамтамасыз  етеді.  Онда  мыналар  беріледі:  тышқан  курсорының  мəндерінің 
ағылшын координаттары бейне элементтерінің түстік параметрлері жəне т.б, 
  Histogram  (  Гистограмма)  –  бейненің  тондық  жəне  түстік  диапазоны 
жөніндегі графика түріндегі мəлімет. 
  Color (Синтез) – алдыңғы көріністегі жəне фондық түстердің түстік мəндерін 
бейнелейді. 
  Swatches  (Каталог)  –  алдыңғы  көрініс  жəне  фондық  түс  жиынтық  (каталог) 
құрамынан таңдалады. 
  Styles (Стиль) – бейненің қабаттарында қолдануға арналған дайын стильдер. 
Стильдердің  құрамына  тексттік  жəне  фотографиялық    эффектілер, 
текстуралар, кнопкалар жəне басқалары кіреді. 
  History  (События)  –  құжатты  өңдеу  барысында  орындалған  барлық 
операциялардың  көрсеткіші.  Бұл  палитралардың  көмегімен  бұрын  істелген 
операцияның  кез  –  келгенін  алып  тастап,  құжаттың  кез-келген  күйін 
орнатуға болады. 
  Actions  (Действия)  –  макроканалдар  бейнелер  орындалуға  операциялар 
тізбегін  құруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  палитраларда  қайталана  беретін 
операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік бар. 
  Layers  (Слой)  –  ең  жоғарғысынан  бастап,  бейненің  барлық  қабатын 
көрсетеді.  Бейнені  басқару  үшін  қызмет  етеді.  Қабат  параметрлерін 
анықтауға,  олардың  ретін  өзгертуге,  түрлі  əдістерді  қолдану  арқылы 
қабаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
  Channels (Каналы) – түстік каналдарды құру, ерекшелеу, қайталау жəне жою 
үшін қолданылады. 
  Paths  (Контуры)  –  палитрасында  барлық  құрылған  контурлар  орналасқан. 
Контурларды    ерекшеленген  аймақтық  шекарасына  айналдыруға  мүмкіндік 
бар. 
Меню  қатарының  астында  параметрлер  панелінің  оң  жағында  үш  палитрадан 
тұратын топты табуға болады: 
  Brushes  (Кисти)  –  палитрасында  дайын  қылқаламдар  берілген.    Бұл  арқылы 
жұмысқа  қылқалам  таңдап  жəне  ол  қылқаламдарды  жұмыс  параметріне 
келтіруге болады. 
  Tool  brushes  (Заготовки  настроек  инструментов)  -  əр  түрлі  құралдардың 
дайын заготовкаларының жиынтығын көрсетеді. 
  LayerConps  (Снимок  слоя)  –  қабаттар  палитрасының  суреттерінің  көрінісін 
көрсетеді. 
Палитраларды  жəне  инструменттер  панелін  (Tools)  экран  бетінде  жылжытуға 
болады. Ол үшін тақырып қатарын тышқан курсорымен белгілеп, тышқанның сол жақ 
пернесін  ұсталған  күйі  қозғалтамыз.  Палитралар  терезесін,  сонымен  қатар,  мүлдем 
жауып  тастауға  да  болады.  Палитраны  экранда  көрсету  немесе  жасыру  үшін  window 
(терезе) менюінен əзір палитраны табамыз. 
 

 
Бақылау сұрақтары:
  
1.  Бейнені  құру  мен  өңдеу  құралдары  мен  тəсілдерін  зерттейтін 
информатиканың арнайы саласы ?  
2.  Негізгі  объектісі  -  математикалық  теңдеулер  болатын  компьютерлік 
графиканың түрі.  
3. Бейнені масштабтау оның көлеміне əсер етпейтін графиканың қандай түрі?  
4. 
Расторлық 
графикалық 
редакторлардың 
көшбасшысы 
деп 
қандай 
программаны айтамыз?  
 
 
7. Электрондық оқу құралдары  
1. AutoCAD бағдарламасы, практикум, Булатова А.К. БҚМУ, 2007 жыл 
 
8.  Практикалық (семинар)  сабақтарының  жоспары жəне əдістемелік нұсқаулар  
 
(Барлық  орындалған  тапсырмаларды  сканирлеп  жəне  электрондық  нұсқасын 
жіберу жəне  міндетті түрде қандай тақырып, қандай тапсырма т.б. көрсетілуі қажет) 
№ 
Тақырыбы 
Практикалық 
жұмыс 
мазмұны 
Апта 
Əдебиеттер 

Кескін  өлшемдерін,  түстер 
режимін тандау. 
Суретті  əр  режимде  ашу  жəне 
əртүрлі өлшемде алу 

[5]49-60 

Бейненің 
түстік 
режимдерін,  түстің  реңін, 
ашықтығын өзгерту 
Жаңа  фотодан  ескілеу  фото 
жасау 

[5]60-72 

Бейнелерді 
ерекшелеу, 
ерекшелеу 
жиектерін 
өзгерту. 
Бейнелерді  ерекшелеп,  оларды 
трансформациялау түрлері. 

[5]287-288 

Қабаттар. 
Қабаттарға 
қолданатын операциялар. 
Қабаттармен жұмыс. Қабаттарға 
қолданатын операциялар. 

[5]281-283 

Мəтінмен жұмыс. 
Фильтр қолдану. 
«Гельді мəтін» кескінін жасау 

[5]283-285 

Мəтінмен жұмыс. 
«Өртенген 
мəтін» 
кескінін 
жасау 

[5]299-301 

Штамп құралымен жұмыс 
Суреттегі бейнелерді көбейту 

[5]185 

Бағыттауыштармен жұмыс 
Бағыттауыштар 
көмегімен 
дұрыс 
алтыбұрыш 
жəне 
жулдызша салу 

[5]225-228 

Бейнені 
бояу 
мүмкіндіктері,    түстерді 
араластыруды баптау 
Табиғат 
бейнесін 
салу(күн, 
бұлттар, аспан) 

[5]272-274 
10 
Ескі фотоны жаңарту  
Штамп  құралын  жəне  тустер 
режімін  өзгерту  арқылы  ескі 
фотоны жаңарту 
10 
[5]206-210 
11 
Мəтінді  сызық  бойынша 
немесе  шеңбер  бойымен 
орналастыру 
Мəтінді 
шеңбер 
бойымен 
орналастырып, 
кəдімгі 
мөр 
бейнесін  кескіндеу. 
11 
[5]222-236 
12 
Бейненің түсін өзгерту 
Автомобильдің 
жəне 
адам  12 
[5]210-212 

шашының түстерін өзгерту 
13 
Adobe 
Photoshop 
программасынан 
Adobe 
ImageReady 
программасына 
өтіп 
анимациялық файл құру 
Батырма жасау  
13 
[4]335-339 
14 
Adobe 
Photoshop 
программасынан 
Adobe 
ImageReady 
программасына 
өтіп 
анимациялық файл құру 
Кішкене мультфильм жасау 
14 
4]335-342  
15 
Өткен 
тақырыптар 
бойынша 
қортынды  
жұмыс. 
Өткен 
тақырыптар 
бойынша 
қортынды  жұмыс жасау. 
15 
 
Рамка 1 
1.  Кез келген графикалық файл таңдаңыз. 
2.  Жаңа канал жасаңыз. Окно-Каналы 
3.  Тіктөртбұрышты аймақты ерекшелеңіз. 
4.  Ерекшелеуді инверсиялаңыз. Выбор-Инверсия 
5.  Алынған аймақты ақ түспен толтырыңыз. 
6.  Кез келген фильтрді таңдаңыз. 
7.  RGB түстік режиміне көшіңіз. CTRL+N 
8.  Выбор – Загрузка выбора 
9.  Түс таңдап, Правка-Заливка немесе Градиент 
 
Рамка 2 
1.  Кез келген графикалық файл таңдаңыз. 
2.  Жаңа канал жасаңыз. Окно-Каналы 
3.  Тіктөртбұрышты аймақты ерекшелеңіз. 
4.  Ерекшелеуді инверсиялаңыз. Выбор-Инверсия 
5.  Алынған аймақты ақ түспен толтырыңыз. 
6.  Фильтр – Размытие – Размытие по Гауссу 9,4 
7.  Фильтр – Размытие – Размытие по Гауссу 21 
8.  RGB түстік режиміне көшіңіз. CTRL+N 
9.  Изображение – Настройка – Оттенок/Насыщенность (180,53,-10) CTRL+U 
10. Изображение – Настройка –Кривые (CTRL+М) 
 
Найзағай 
1.  Жаңа құжат құрыңыз. RGB түс орнатыңыз. Ақ фон таңдаңыз. 
2.  Градиент аспабын қолданып, бір бұрыштан екіншісіне сұр түспен толтырыңыз. 
Ақ пен сұр түстің қиылысы найзағай жарқылы болады.  
3.  Filter-Render-Difference Clouds 
4.  Image – Adjust – Auto Levels 
5.  Image – Adjust – Invent 
6.  Image – Adjust – Levels (0; 0,11; 255) 
7.  Select – Color Range – қою түс таңдап, ОК 
8.  Select – Inverse 
9.  Егер  найзағайға  басқа  түс  қойғыңыз  келсе,  Image  –  Adjust  –  Hue/Saturation 
(Ctrl+U), Colorize батырмасын басыңыз, содан соң түсті өзгертіңіз. Осы бейнені 
көшіріп өзіңізге ұнаған жерге қойыңыз. 

 
Шашылған нүктелер 
1.  Жаңа құжат құрыңыз. Файл- Новый. 
2.  Каналдар палитрасына көшіңіз. (Окно- каналы) 
3.  Новый канал батырмасы арқылы жаңа канал жасаңыз. 
4.  Кез- келген формада ерекшелеу жасаңыз. 
5.  Оны ақ түспен толтырыңыз. 
6.  Ерекшклеуді алып тастаңыз. Выбор- Снять выделение. 
7.  Разлитие по Гауссу фильтрін қолданыңыз. 
8.  Фильтр- Деформация- Скручвание фильтрін қолданыңыз. 
9.  Фильтр- Оформление- Цветные полутона фильтрі. 
10. RGB  каналына ауысыңыз. Изображение- Режим-RGB цвет. 
11. Бейнені көк түспен толтыр. 
12.  Выбор- Загрузка выбора командасын орындаңыз. 
13. Жеңіл түс таңдаңыз. 
14. Ерекшелеуді түспен толтырыңыз. Правка- Заливка. 
15. Ерекшелеуді алып тастаңыз. 
16.  Бейне ортасына өз атыңызды стильді түрде жазыңыз. 
 
“Елочные шары” 
1.  RGB форматта жаңа файл құрыңыз. 
2.  Жаңа слой жасаңыз. Слой- Новый- Слой. 
3.  Эллипстік ерекшелеу пайдалана отырып, дөңгелек салыңыз. +Shift 
4.  Оны ұнаған түспен бояңыз. ( Заливка) 
5.  Filter- Noise- Add  Noise (Фильтр- Шум- Добавить шум.) (23,75%, Uniform) 
6.  Filter- Disfort- Spherize (Фильтр- Искажение-Сферизация) ( 100%, Normal) 
7.  Filter-  Render-  Lighting    Effects  (  Фильтр-  Рендер-  Эффекты  света)  (Spotlight) 
(35,69,0,69,60,10, Nine) 
8.  Filter- Render- Lens  flare ( Фильтр- Рендер- Блик) (125%, 105 mm Prime) 
9.  Filter- Texture- Grain ( Фильтр- Текстура-Зерно) 
10. Intensity-9, Contrast-27, Grain  Type- Enlarged. 
 
Тапсырма 2 Көтеріліп жазылған мəтін құру. 
1.  RGB режимінде өлшемі 70х200 пиксель болатын жаңа файл құрыңыз. 
2.  Мəтін еңгізіңіз (қалың шрифт) 
3.  Слой  палитрасындағы  Сохранение  прозрачности  (Preserve  Transparency) 
батырмасын айырыңыз. 
4.  Filter →Noise→  Median 1,2,3 пиксель орнатыңыз. 
Тапсырма3 Түрлі түсті доп . 
1 40х40 өлшемді жаңа файл құрыңыз.  
2 Шеңбер салыңыз. 
3 Шеңбеюр ішін қызыл түспен толтырыңыз.  
4Фильтр →KPT Class  Lens 
.Фильтр →Alien Skin  Drop Shadow  
Тапсырма 4 Жаңа планета құрыңыз
1.  200х200 пиксель өлшеммен жаңа файл құрыңыз RGB 
2.  Алдыңғы көрініске ашық көк түс, фонға қою көк түс таңдаңыз. 
3.  Filter→Render →Clouds (облака) 
4.  Filter→Render→ Lighting  Effects  (15) 
Тапсырма 5 Шеті өртенген қағаз. 

1.  Жаңа құжат құрыңыз. 
2.  Лассо құралы арқылы жануға тиіс қағаз бөлігін ерекшелеңіз. 
3.  Quicu Mask режиміне көшіріңіз. 
4.  Filter→Pixelate→Crustalire (3) 
5.  Кəдімгі режимге көшіңіз. 
6.  Select→Save Selection, оны ақ түспен толтырыңыз. 
7.  Select→Modify→Expanol (4 жəне 5) 
8.  Quicu Mask режиміне ауыстыру. 
9.  Lilter→Blur→Gauissian Blur (3) 
10. Кəдімгі режимге көшіру. 
11. Select→Load Selection→H4 Subsract Mode 
12. Imade→Adjusf→Hue (Saturation ) 
13. Colozize қосыңыз Hue-14, Saturation 31 Lightntss-61 
14. Drop Shadow Alien Skin көлеңке қою. 
 
 
 9.  СОӨЖ сабақтарға əдістемелік нұсқаулар. 
 
Оқытушы    басшылығымен  өткізілетін  өзіндік  жұмыста  оқу  материалының 
теориялық  қосымша  сұрақтары  талданады,  қосымша  берілген  есеп  программалары 
құрылады,  тексеріледі  жəне  талқыланады.  Бақылау  сұрақтарының  жауаптары 
тексеріледі.  Студенттің  үй  жұмысында  бұрын  алған  білімдерін  бекітуге  арналған  
тапсырмалар беріледі.  
ОСӨЖ 
тақырыбының 
атауы 
Сабақтың 
мақсаты 
Сабақтың 
түрі 
Тапсырманың мазмұны 
Ұсынылатын 
əдебиет 





1. 
тақырып 
Координаттар  мен 
түрлендірулер 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
 
Жаттығуды 
орындау 
 
 
Екі 
өлшемді 
өзгертулердің 
композициясын 
құрастыру. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
2. 
тақырып 
Проекциялар. 
Растрлі 
суреттердің 
геометриялық 
түрлендірулері 
 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Фигураның 
ортогональдік 
проекцияларын орындау  
  
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
3. 
тақырып  
Векторлар 
мен 
шеңберлердің 
генерациясы 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Вектор 
мен 
шеіберге 
Брезенхемнің  алгоритмін 
жазу. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
4.тақырып 
Көпбұрышты 
толтыру 
мен 
таңбасы 
бар 
облысты 
түспен 
бояу 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Растрде 
аймағын 
толтыру  алгоритмін  жəне 
жолдық 
толтыру 
алгоритмін жазу 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 






5. 
тақырып 
Кесінділер 
мен 
көпбұрыштарды 
кесіп тастау 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Коэна-Сазерлендтің                          
алгоритмнің 
схемасын 
жазу. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
6. 
тақырып 
Геометриялық 
модельдеу   
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Қайта 
жаңару 
қолдануымен 
объектіні 
құру. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
7.тақырып  
Тұйық  сызықтар 
мен 
жазықтықтарды 
жою 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
        Z-буфермен  үстіңгі 
бетті 
жою 
алгоритмін 
жазу.. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
8.тақырып 
Сахнаның 
шынайы 
ұсынылуы 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Жарық пен бояу моделін 
бейнелеу. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
9. 
такырып 
Компьютерлік 
графика 
мен 
анимацияның 
программалық 
құралдары 
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
Компьютерлік 
графика 
жəне 
анимацияның 
бағдарламалық    құралын 
бейнелеу.. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
10.тақырып 
AutoCAD 
графикалық 
жүйесі  
Берілген  
тақырыппен 
білімді 
тереңдету 
Жаттығуды 
орындау 
 
AutoCAD 
Графикалық 
интерфейсті  оқып  білу, 
аспаптармен 
танысу. 
Сызудың  параметрлерін 
келтіруге,өлшемін 
енгізуге 
жəне 
оларды 
редакциялауға  үйрену. 
Негізгі 
жəне 
толықтырыла-
тын əдебиеттер 
 
 
 
 
10.  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.  
 
СӨЖ  –  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындауға,  танымдық  қабілетті 
арттыруға  жəне  белгілі  бір  ғылым  саласысына  байланысты  білімін  толықтыруға 
негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. 
СӨЖ  шығармашылық  белсендікті,  логикалық  ойлауды  дамытуды  қамтамасыз 
ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады. 
СӨЖ  оқытушының  қатысуымен  (СОБӨЖ)  аудиториядан  тыс  жəне  оқытушысыз 
аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады. 
СӨЖ арналған бақылау жұмыстарының тақырыбы 
1.   Аналогты  мониторлар,  сұйықкристалды    мониторлар  мен  газоплазмалық 
мони-торлар. 
2.  Электронды-сəулелі мен сұйықкристалды мониторларды салыстыру. 
3.  Мониторға сəйкес видеокартаны таңдау.  

4.  Графикалық үдеткіштің функциялары.  
5.  Периферия (модемдер, CD-R, CD-RW, DVD, Kodak CD-PROM). 
6.  Сандық фотокамера. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Түрлері.  
7.  Графикалық планшеттердің артықшылықтары мен кемшіліктері.   
8.  Графикалық  мəліметтерді  енгізу  мен  шығару  құрылғылары.  Олардың 
сипаттамалары.   
9.  Түпнұсқаның рұқсаты, экранды суреттің рұқсаты, баспа суреттің  рұқсаты. 
10.Амплитудалық модуляциямен растрлеу əдісі (АМ). 
11.Жиіліктік модуляциямен растрлеу əдісі (ЖМ). 
12. Растрлі мен векторлы графиканы салыстыру. 
13. Үшөлшемді графиканың негізгі ұғымдары.  
14. Графикалық мəліметтер мен оларды ЭЕМ-да өңдеудің ерекшеліктері.  
15. Бір тектес координаталардағы екі өлшемді түрлендірулер: шексіз координаталы 
декарттық нүктелер, параллельді түзулер.  
16. Екі өлшемді түрлендірулердің композициясы.  
17. Түрлендірулердің нəтижелілігі. 
18. Ортогональді, 
тікбұрышты 
аксонометриялық 
жəне 
қисықбұрышты  
аксонометриялық проекциялар. 
19. Стереокөріністер. 
20. Растрлі суреттердің геометриялық түрлендірулері.  
21. Векторлардың аппроксимация сапасын жақсарту.  
22. Брезенхемнің модифицияланған алгоритмі.  
23. Көріністің сапасын фильтрациямен жақсарту.  
24. Көпбұрышты толтыру: Экланд алгоритмі. 
25. Облысты белгімен бояу: Белгімен бояудың жол бойынша алгоритмі.  
26. Облыстарды  бояу:  Төбелердің  тізімімен  берілген  облыстарды  бояудың 
алгоритмі (жол бойынша сканерлеу əдісі). 
27. Кесілген кесінділер: ортаңғы нүктелерді бөліктеу алгоритмі,  параметрлік кесілу, 
Кирус-Бектің  екі өлшеулі алгоритмі. 
28. Көпбұрыштардың  кесілуі:  жазық  фигураның  кесілуі  (Коэн-Сазерлендің 
алгоритмі), кесілген көпбұрыштың алгоритмі,  
29. Қисықтар мен үстігі беттің құрылуы 
30. Модельдің  типтері 
31. Полигональдік  торлары 
32. Модельдің ішкі көрінісі 
33. Z-буфермен жолма-жол алгоритмі 
34. Варноканың аймағын бөлу  алгоритмі  
35. Сəуленің жарқырап ұшу алгоритмі 
36. Фонг пен Гаусстың жарықталғандық моделі 
37. Мөлдірлік 
38. Фактура 
39. Сəуле шығарғыштық 
40. Графикалық деректердің форматтары: PhotoCD, WMF , EPS, PDF  жəне т.б. 
41. Грассманның заңдары: үш өлшемділік, толассыздық,  аддитивтік 
42. Түстік модель HSB, YUV 
43. Түспен басқару жүйесі. 
44. Түстік  палитрасы. Қондыру жəне мөлдірлік 
45. Сурет салуға компьютерлік  графика  (2D) 
46. Екі өлщемді анимация: Animator Pro, Animo, Animation Works Interactive, Elastic 
Reality 

47. Бейне мен  тұтастыру жұмысқа арналған жүйелер: 
48. Ғылыми  көзбен  шолып  байқауға  бағдарламалар:  Surfer,  Grapher  и  MapViewer; 
IRIS Explorer, VIS-SD, PV-Wave, Khronos, Data Visualizer, Data Explorer. 
 
 
 
11.  Реферат , курстық жұмыс, жоба, презентациялардың деректер қоймасы  
 
12. Бақылау жəне жеке жұмысты жазуға техникалық талаптар  
1. Бақылау жұмысын, титульдық бетін жұмыс құрылымын безендіру  
Жұмыс көлемі- баспа мəтіндік 20 бет шамасында. Басапға шығару параметрлері: шрифт 
TNR, 12 кегль, 1,5  интервал, əр бетте сілтеме, нөмірлеу беттің соңында қойылады.  
Əдебиеттер  тізімі  жұмыс  соңында  жазылады.  Список  литературы  –  в  конце  работы. 
Құрылымдық  компоненттер  (тізбекті  ретпен):  мазмұны,  кіріспе,  негізгі  бөлім, 
қорытынды, пайдаланылған əдебиеттер тізімі.  
2. «Кіріспе» 
«Кіріспе» бақылау жұмысының негізгі мазмұнын сипаттап тұруы қажет. (көлемі – 0,5 – 
1,5  бет).  Онда  тақырыптың  өзектілігі  негізделіп,  сұрақ  бойынша  əртүрлі  көзқарастар 
келтіріліп  жəне  мазмұны  негізгі  бөлімде  қарастырылатын  негізгі  тақырыптар 
көрсетіледі.  
3. Негізгі бөліммен жұмыс 
Бақылаудың  негізгі  бөлімімен  жұмыс  жасау  үщін  бақылау  жұмысн  жазуға  берілген 
əдістемелік нұсқауды зейін сала оқып шығу қажет.  
4. «Қорытындымен» жұмыс 
Қорытындыда жасаған жұмысты қорытындылап, алынған нəтижелерді  талдау қажет. В 
Қорытынды көлемі-  0,5 – 1 бет. 
 
13. Электрондық  кітапхана  –  курс  тақырыбы  бойынша  электрондық 
кітаптар,  электрондық  кітапхана  сайтына  сілтеу,  ақпаратпен  жұмыс 
жасаудың  электрондық  кітаптары,  мысалы,  элетрондық  почтамен, 
Интернеттен ақпарат іздеу т.б.   
       
http://www.rmeb.kr
 
-  http://www.iis.ru/el-bib 
14. Студенттің  оқытушымен  жəне  басқа  студенттермен  бірігіп  жұмыс  жасау  
құралдары  (электрондық почта, телеконференция(форум), чат) 
– 
zuhra_82@inbox.ru
  
– 
luna2505@mail.ru
  
– 
saya__86@mail.ru
 
–  platon.wksu.kz  
–  www.wksu.kz 
15. Неғұрлым  жиі  қойылатын  сұрақтар  жəне  олардың  Web-сайтта 
орналасқан жауаптары   
16. Қорытынды емтихан сұрақтары.  

Оқу  материалын  ойдағыдай  меңгеру  үшін  тақырып  соңындағы  білімді  өзіндік 
тексеру сұрақтарына жауап дайындау керек.  
 
Емтиханға дайындық сұрақтары. 
 
1.  Мониторлар, мониторлардың сипаттамалары 
2.  Дербес компьютердің видеожүйесі  
3.  Видеобластерлер 
4.  Периферия    (Принтерлер,  плоттерлер,  дыбыс  карталары,  компакт-дисктерді 
оқу мен жазу үшін арналған құрылғы) 
5.  Графикалық  мəліметтерді  енгізу  құрылғылары  (Сканерлер,  дигитайзерлер, 
сандық фотоаппараттар) 
6.  Компьютерлік графиканың түрлері. Растрлі графика  
7.  Растрлі графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері 
8.  Векторлы  графиканың  математикалық  негіздері.  Артықшылықтары  мен 
кемшіліктері. 
9.  Фракталды графика.  
10. Екі өлшемді түрлендірулер  
11. Бір тектес координаталардағы екі өлшемді түрлендірулер  
12. Үш өлшемді координаталар 
13. Проекциялар. Жазық проекцялардың таптастырылуы  
14. Параллельді проекция 
15. Орталық проекция 
16. Сандық  дифференциалды анализатор 
17. Векторлар мен шеңбердің генерациясы үшін Брезенхем алгоритмі   
18. Көпбұрышты толтыру: облыстарды растрде толтыру, жол бойынша толтыру. 
19. Облысты белгімен бояу: бояудың қарапайым алгоритмі.  
20. Шекралық-байланыстық облысты бояу.  
21. Модельдің элементтері 
22. Модельді құрастыру əдістері 
23. Модельдің типтері 
24. Модельдің ішкі көрінісі 
25. Көрінбейтін бөліктердің жою тəсілін классификациялау  
26. Сызықтарды жою алгоритмі  
27. Z-буфермен  үстіңгі бетті жою  алгоритмі  
28. Уоткинстің жолма-жол алгоритмі  
29. Жарқырау модельдері 
30. Боялу модельдері 
31. Көлеңкелер 
32. Фактура 
33. Сəуленің  жарқырап ұшуы 
34. Графикалық деректердің форматы  
35. Компьютерлік графигінде түсі 
36. Түстік модель 
37. Екі өлшемді  жəне үш өлшемді  кескіндердің жарату тəсілдері.   
38. Компьютерлік графиканың жəне  анимацияның  амалдар классификациясы  
 
 
 
 

 
Аралық  жəне  қорытынды  емтихан  аттестация  (емтихан)  модулі  бойынша 
бақылау жасау үшін сұрақтар  
 
Қолданушыға нұсқау  
Емтихан  тестілеу  формасы  бойынша  жүргізіледі.  Емтихан  бойынша  максимал  баға  
100% (ұпай). Қорытынды баға рейтинг жəне емтихан нəтижесі бойынша ұпай санымен 
анықталады.  Тест  мазмұны  (сұрақтары)  дəріс  жəне  СӨЖ  материалдары  бойынша 
сұрақтармен  сəйкес  келеді.  Əр  тестте  сұрақтың    нұсқасы  беріледі,  одан    бір  дұрыс 
жауапты таңдау керек.  
 
Қорытынды тесттер. 
 
        Өз білімін тексеру үшін тестілік тапсырмалар 
Тест 
Инженерлік  жəне компьютерлік графика 
 
 
   Вопрос №1   
 
 
Кəсіптік  деңгейде графикада ... сияқты қуатты қосымшалармен қолданады. 
 
 
 WordPad, Word, Excel, Adobe Photoshop 
 Word, Excel, PowerPoint, Adobe Photoshop 
 Adobe Photoshop, CorelDrow, WordPad 
 CorelDraw, Photo Finish, Adobe Photoshop 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет