Жаратылыстану Кафедра: Химия және химиялық технология


ҚР мұнай – газ кен орындары



бет4/10
Дата16.03.2023
өлшемі46,52 Kb.
#74805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ҚР мұнай – газ кен орындары.
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстандық эксперттердің болжамы бойынша жалпы көмірсутек шиказатының барланған қорын келесідей сипаттайды:Өндірістік категориядағы мұнайдың бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. т аса, оның ішінде 70 мұнай кен орны пайдалану үстінде. Мұнай қорының шамамен 90%–ы 12 кен орнындағы тұз асты шөгінділерінде анықталған, ал олардың үшеуінде(«Теңіз», «Карашығанақ», «Жаңажол») қор мөлшері 100 млн т аса.
Өндірістік категориядағы еркін газ қоры 2 млрд м3 жететін газды, газ конденсатты, мұнай газды кен орындары 70 тен аса тебылған. Қолданыста шамамен 30 кен орны, ал оларға 86% бастапқы 85% қалдықты өндірістік категориядағы газ қорлары байланысты.
Өндірістік категория бойынша кондесат қорларын өндіру 694,8 млн т құрайды және 30 кен орнында шоғырланған. Бірақ тек 15 кен орнында ғана өндіріледі. Негізгі конденсат қорлары мен өндіру көлемі республикадағы барлық конденсат қорының 91%-ы шоғырланған «Карашығанақ» кен орнында тіркелген(866,9 млн т). Қалған кен орындарында, «Оңтүстік Жетіба», «Теңге» және «Ракушечникті» ескермегенде, Маңғыстау облысында конденсат қоры 0,2-0,3 млн т-дан аспайды. Республикадағы конденсаттың барланған қоры 1 438 млн т. бағаланған. Конденсат ресурсының айтарлықтай бөлігі Каспий теңізі секторында шоғырланған, негізінен Батыс Қазақстан(46%) және Ақтөбе(45%) облыстарында. ҚР перспективті мұнай-газды орындарының ауданы 1 млн 700 мың км2-қа тең, ал бұл Қазақстан барлық территориясының 62%-ын құрайды. Қазіргі уақытта 150-ден аса мұнай және газ кен орындары ашылған.

2. Көмірсутекті шикізат кен орнын жүйелі қарастыру мақсатында келесідей 3 бағытты көрсетуге болады:


1. Отандық экономика үшін маңыздылық деңгейі бойынша.
2. Мұнай-газды геологиялық аудандастыру үлгісін қабылдау бойынша.
3. Әкімшілік-аумақтық орналасуын ескеру бойынша.

Бірінші бағыт. Көмірсутекті кен орындарының маңыздылық деңгейібойынша экономика даму үшін кен орындарының үш тобын бөліп көрсету дұрыс:


Бірінші топ.
Зерттелген ресурстардың негізгі бөлігі жаңа кен орындарына сәйкес келеді. Олардың ішінде жартысына жуығы бір-біріне айтарлықтайжақын оранласқан «Теңіз», «Королевск» және «Карашығанақ» кен орныдарына тиесілі. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша берілген кен орынларындағы көмірсутекті шикізат қорының жалпы қосындысы:
— мұнай қоры бойынша «Теңізде» 3 млрд т аса, газ — 1 800 млрд3 м аса;
— «Королевск» кен орнындағы мұнай қоры – 20 млн т аса;
— «Карашығанақтағы» қалдықты мұнай қоры — 190 млн т аса, газ — 1,3 трлн3 м аса, конденсат — 600 млн т аса.
Екінші топ.
Берілген топты Каспий теңізі қайраңында орналасқан кен орындары құрайды. Олар жеткілікті зерттелмеген, бірақ 2 млрд т мұнай және 2 трлн. м3 газ қорлары бар геологиялық құрылымы көрініс табады. Басқа да бағалар бойынша қазақстанық қайрандағы мұнай қоры 25 млрд т-ға жетеді. Бұл кен орындар Қазақстанның болашақ байлығы. Олар барлауға инвестицияны талап етеді, бірақ қазіргі уақытта шетел инвесторларының алдында екінші топтағы кен орындарының ресурстық потенциал ретінде бағалығын көтеріп, экономика үшін жұмыс жасайды.
Үшінші топ.
Берілген топқа күшті өңделген («Өзен», «Жетібай», «Каламқас», өндіру деңгейі 48%, 35% және 31% құрайды), сонымен қатар сарқылуға жақын Ембі ауданының кіші кен орындары жатады. Кен орындарының бұл тобы өндірудің аз емес бөлігін қамтамасыз етеді, бұл салада ұлттық кадрлердің айтарлықтай бөлігі жұмыс жасайды.
Екінші бағыт – «мұнай-газды геологиялық аудандастыру»қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі төрт ауданның сипаттамасын қосатын ғылыми бағыттың бірі болып табылады:
1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.
Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қаражанбас», «Кенбай», «Доссор», «Құлссары», «Қаламқас» тәрізді 130-дан артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%) және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды аудандарға жатады.
2)Турин мұнай-газды ауданы.
Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды. Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады. В целом месторождения этого района характеризуются как промышленно разрабатываемые, с преобладанием смешанного типа геологических
3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.
Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — «Өзен», «Жетібай» және «Теңге». Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе мөлгердің 45%-ы), басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.
4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.
Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты қыртысы есептелген. Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет