Метанолдың өнім сипаттамасы Метил спирті,метанол СН3ОН – шекті, біратомды спирттердің ең қарапайым өкілі болып табылады.Оның молекулалық массасы 32,042. Бос күйінде табиғатта кездеспейді және өте аз мөлшерде, мысалы эфир майларының құрамында. Оның туындылары, керісінше, көптеген өсімдік майларында (күрделі эфирлер), табиғи бояғыштар, алколоидтар (жай эфирлер) және т.б. құрамдарында кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, жеңіл ұшқыш, жаңғыш сұйықтық. Кейде иісі этил спиртіне ұқсас. Адам ағзасына метанол иісі мас қылдыра әсер етеді және мөлшеріне байланысты көздің көру қабілетін жоятын өте қатты у б.с. Метанол – қан тамырлар және нервтік жүйеге әсер ететін у б.с.Метанолдың улы әсері «летальды синтез» деп аталатын («летальный синтез») – ағзада өте улы б.с. формальдегидке дейін метаболикалық тотығуына негізделген.Оның 5-10мл мөлшерде ағзаға түсуі ауыр улануға (бір қатері-бұл соқырлық), ал оның 30мл-і және одан көп мөлшері өлімге әкеледі.
Метанолдың жоғары қауіптілігі с.қ. этил спиртінен иісі, түсі не дәмімен ажыратылмайды.Соның салдарынан метанолды ішіп қою жағдайлары туындайды.
Бірақ, үй жағдайында метил спиртін этил спиртінен анықтауға болады.Қалың мыс сымын спираль қылып майыстырып, қызыл түске дейін қыздырып метанолға батырады.Бұл кезде формальдегидтің өткір иісі білінеді.Этанол мұндай эффект бермейді.
Атап өтетін жай, метанолмен улану кезіндегі бірінші көмек көрсету барысында метанолдың антидоты болып – этанол табылады.Және оны тамырға 10%-ік ерітіндісі күйінде тамшы күйінде, яғни жүйе арқылы немесе 30-40%-ік ерітіндісін адам салмағының 1 кг-на 1-2 грамм/тәул. ертінді мөлшерін ауыз қуысы арқылы (преорально) беріледі.С.қ. жақсы эффект АДГ-1-дің ерітіндісін экзогенді этанолды тотықтыру мақсатында да береді.
Ал егер уланған метанолдың мөлшерін білмеген жағдайда алкольды интоксикация мақсатында дихлорэтанмен не төртхлорлы көміртекпен улану – егер бұған қосымша этил спиртінің мөлшері берілген жағдайда қарастырылған.
Қосымша мәлімет: «Изабелла» атты американ жүзім сортынан жасалатын шараптардың құрамында метанол мөлшері көп деген айыппен АҚШ және Еуроодақ елдеріндегі шарап өндірісі рұқсат етілмей тасталды.Мұның мүмкін себебі – ас сортының жүзімдеріне (cтоловые сорта винограда) қарағанда арзан шарап өндірісі...