Мұнай өндіру процесі Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді),мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар
Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады. Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық пен шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.
Мұнай өндірудің артуы
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.