Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Оқу-танымдық  құзыреттілік: танымдық есептерді

құрастыру  және

шешуі; проблемалық жағдайларды  шешуі; өздігінен танымдық іс-әрекетке

дайын 


болуы;

дедукциялық

пайымдаулар 

жүргізе 


білуі;

кеңістіктік

фигураларды  елестете  және  кескіндей  білуі; алған  теориялық білімдерді

шынайы жағдайда қолдана білуі.



Ақпараттық құзыреттілік: қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың көмегімен  ақпараттарды  табу,  талдай  және  іріктей білуі;

алған  ақпаратты құрылымдай  және  жүйелей  білуі; сыни  байыпты  ақпарат

негізінде саналы шешім қабылдауға даяр болуы; ғылымдар негізі және ғылыми

жетістіктердің  қолданылу  аймақтары  бойынша  білім  жүйесін  меңгеруі;



33

ақпаратты өздігінен  талдау, өңдеу,  іріктеу,  жүйелеу,  түрлендіру,  сақтау,

тасымалдау  және  оқу қызметінде  пайдалану әрекеттерін  білуі; танып  білу,

модельдеу, құрастыру әдістерін  меңгеруі; оқу қызметі үдерісінде өңделген

ақпаратты қолдана білуі.

Коммуникативтік құзыреттілік: есептерді  шешу  және  оқу материалын

игеру үшін ауызша және жазбаша қатысымның әртүрлі жолдарын пайдалануы;

қатысымдық мәселелерді  шешуде  ақпараттарды  алмастыра  білу  дағдысын

меңгеруі; ортақ нәтижеге қол  жеткізу үшін  топпен  жұмыс  істеу  дағдысын

меңгеруі; әдептілік нормаларына  сәйкес өз  көзқарасы  мен  ойын  көрсетіп,

жеткізе білуі; оқудағы және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешу үшін ауызша

және  жазбаша қатысымның  әртүрлі  тіл құралдарын  пайдалана  білуі; оқу  және

әлеуметтік мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді әрекеттесуді  жүзеге

асыра  білуі; қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай  білуі  және

осының негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі;



Жекелей өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі: эмоциялық  өзін-өзі басқару

және өзін-өзі ұстау тәсілдерін  меңгеруі; өз мүмкіндіктерінің негізінде өзінің

қызығушылығына қарай іс-әрекеттің тәсілдерін  меңгеруі; жеке  тазалықтың

ережелерін  сақтауы  және өз  денсаулығын  күтуі; өзінің істері  мен әрекеттері

үшін мақсаттық және  мағыналық  қойылымдарды  таңдай  білуі; пайда  болған

жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдай білу қабілетінің болуы; салауатты өмір

салтын  жүргізуі  және үгіттеуі; өзінің жеке құндылық сезімін  және өз  елінің

азаматының құндылық сезімін көрсете білуі; өздігінен білім алу, өз мүмкіндігін

іске асыру, жасампаз еңбектену қабілетінің болуы; адамның физикалық, рухани

және интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің болуы;



Азаматтық құзыреттілік: қоршаған әлемді дұрыс қабылдай білуі, жоғары

этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде қоғамның саналы

өмірінде өз орнын  таба  білуі; Қазақстан Республикасының Конституциясына,

мемлекеттік  рәміздерге,  мемлекеттік  тілге құрмет  көрсетуі,  заңдарды  және

құқықтық тәртіптерді сақтауы.

Әлеуметтік құзыреттілік: жалпы адамзаттық мәдени жетістіктері, ұлттық

ерекшеліктері,  этномәдениеттік құбылыстар  мен  жеке,  отбасылық және

әлеуметтік өмір салттары  негізінде  танып  білу  мен  іс-әрекет тәжірибесін

иеленуі; қазақ халқының және Қазақстанда өмір  сүріп  жатқан  басқа  да

ұлыстардың

тарихына, 

мәдениетіне, 

салт-дәстүріне 

және 

басқа


құндылықтарына құрметпен қарауы; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс

бағалай  алуы, қоғамға  жат құбылыстарға,  идеологиялық, діни  ағымдарға  және

заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі.

Басқарушылық 

құзыреттілігі:

жоспарлаудың

және 

іс-әрекеттерді



ұйымдастырудың нақтылы болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі;

әртүрлі өмірлік жағдайларда  дұрыс  шешім қабылдай  білуі; баламалы



мүмкіндіктермен  салыстырмалы  түрде  таңдап  алған  шешімді  негіздей  білуі;

аналитикалық және жаңашыл ойлауға ие болуы, жаңашыл қызметке ұмтылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет