Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Технологиялық  құзыреттілік: таңдап  алған  оқу  бағдарының  (жалпы  орта

білім  беру  деңгейінде)  аясындағы өндірістік қызметінде  пайдаланылатын

негізгі  технологиялардың жалпы  сипаттамаларын  білуі; оқу қызметінің



34

аясындағы  зерттеуді құрастыру  мен  жобалауда қазіргі  заманғы  ақпараттық-

коммуникациялық

технологияларды 

пайдалануы;

жобалық


іс-әрекеттер

негіздері  мен  ақпараттарды  берудің графикалық  құралдарын  меңгеруі  және

оларды зерттеу қызметтерінде қолдануы.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  геометрияны  оқыту үдерісінде

келесі салалас оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

«Алгебра  және  анализ  бастамаларымен»: теңдеулер  мен  теңсіздіктерді

және  олардың жүйелерін құрастыру  және  шешу; теңсіздіктерді  дәлелдеу;

квадрат  түбір  мен  санның модулінің  қасиеттерін қолдану; тригонометриялық

функциялардың  қасиеттерін қолдану; пропорцияның  қасиеттерін қолдану;

геометриялық есептерді шешу үшін жазықтықтағы тікбұрышты координаталар

жүйесін қолдану; геометриялық есептерді  алгебралық  әдіспен  шешу  кезінде

тепе-тең түрлендірулерді қолдану; геометриялық есептерді  шешу  кезінде

тригонометриялық 

өрнектердің

тепе-тең


түрлендірулерін

қолдану;


геометриялық шамалардың  өзгеруін  зерттеу үшін  функцияның  қасиеттерін

қолдану.


«Физикамен»: геометриялық есептерді құрастыру  және  шешуі  кезінде

физикалық  үдерістерді  сипаттау; векторлық алгебраны  физикалық  үдерістер

моделінде  түсіндіру;

стереометрия  аппаратының

көмегімен  оптикалық

құбылыстарды сипаттау; кеңістіктік  фигуралардың  өзара  орналасуын  оқыту

барысында

ғарыштық


объектілер  мен  бүкіл

ғаламдық  құрылымдардың

орналасуын пайдалану.

«Географиямен»: доғаның және  шеңбердің градустық  өлшемін  ендік  пен

бойлық арқылы  түсіндіру; сфераның жазықтықпен қималарын  ендіктер  мен

меридиандар  арқылы  түсіндіру;

географиялық объектілердің  (таулардың

биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық сипаттамаларын табу.

«Биологиямен»: биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

«Химиямен»:

атомдағы 

электрондардың

кеңістіктік 

орналасуы;

органикалық 

қоспалардағы 

химиялық


байланыстардың

симметриясы;

көпжақтарды  оқу  барысында әртүрлі  заттардың молекулаларының формасын

және криссталдық құрылымын пайдалану.



«Информатикамен»:дайын сызбалар бойынша есептерді шешу, кеңістіктік

денелерді 

бейнелеу, 

динамикалық

жағдайларды 

жаңғырту


үшін

мультимедиялық құралдарды пайдалану; қолданбалы программалар пакеттерін

пайдаланып  координаталық жазықтықта  нүктелер  жиынын  салу; кеңістіктегі

геометриялық жағдайларды  бейнелеу үшін  графикалық  3D программалар

пакеттерін пайдалану.

«Технологиямен»: сызу  және өлшеу құралдарын  пайдалану; геометриялық

фигураларды  кескіндеу  кезінде  сызу  дағдыларын  пайдалану;

нақтылы

объектілердің сызықтық және  бұрыштық элементтерін өлшеудің  әртүрлі

әдістерін қолдану.

Қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы 

пәндермен:

математикалық

ұғымдардың пайда  болу  тарихымен  танысу; қоғамның қазіргі даму  кезеңінде

математикалық 

ұғымдардың

пайда 


болуын

қамтамасыз 

ету;

мәдени


ескерткіштерде  кездесетін  геометриялық фигуралардың  қасиеттерімен  танысу;


35

сөздік қорын  математикалық терминдермен  байыту; сөйлемдерді  сауатты

құрастыруға үйрету; дедукциялық ойлауды,  талдауды  және  дәлелдеуді  жүзеге

асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  геометрия  курсының мазмұны

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  геометрия  курсының мазмұнына қарағанда

кеңейтілген  және  тереңдетілген,  жаңашыл  және  практикаға  бағдарланған

мазмұнды,  жоғары  оқу  орнының жоғары  математика  курсымен  сабақтастықта

болып табылады.

Бұл, мектепте және жоғары оқу орындарында геометриялық білім берудің

үздіксіздігін,  оның мазмұны  мен әдістерінің сабақтастығын қамтамасыз  етеді.

Мектеп пен жоғары  оқу  орындарында  геометрияны  оқытудағы  сабақтастық,

біріншіден, оқушының жоғары оқу орнында оқытылатын геометриялық білімді

игеруіне дайындығын  жетілдіруін; екіншіден,  студенттің жоғары  оқу  орнында

алған білімін болашақ қызметінде қолдануын қамтуы тиіс.

Мектепте  және  жоғары  оқу  орындарында

геометрияны  оқытудағы

сабақтастық мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуын ұсынамыз:

1) мектеп 

геометрия 

курсынан

қалыптасқан 

білім, 

біліктік,

дағдыларындағы кемшіліктерді жою;

2) мектеп және жоғары оқу орнында алған білімдерін өзектендіру;

3) төменгі  курстарда  геометрияны  оқытуда  интерактивті  оқыту әдістері

мен формаларын қолдану.

«Аналитикалық геометрия»  курсы  бойынша  орта  мектеп  пен  жоғары  оқу

орындарында  көптеген  тақырыптары өзара  тығыз  байланыста,  бір-бірімен

ұштасып

жататыны  белгілі.  Атап  айтсақ,  «Жазықтықтағы  тікбұрышты

координаталар 

жүйесі», 

«Жазықтықтағы 

векторлар», 

«Кеңістіктегі

координаталар  және  векторлар»  және  т.б.  орта  мектепте  басталып,  жалғасы

жоғары  оқу  орындарында  аяқталады.  Кіріспе  курсқа  тән ерекшелік  оның

қарапайымдылығы болады.

Мектеп  және  жоғары  оқу  орнында  аналитикалық геометрияны  оқытудың

сабақтастығын  жүзеге  асыру  барысында,  оқушылар  мен  студенттердің

геометриялық мәдениетін  арттыруға,  кеңістіктік  елестетуін қалыптастыру

бойынша, олардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған нақты жұмыстар

жүргізілуі  тиіс. «Аналитикалық геометрия»  курсында  геометриялық есептерді

шешудің 


әдісі

координаталар



әдісі 

пайдаланылады.

Сондықтан,

жаратылыстану-математикалық бағытта  оқитын  оқушылар  мен  студенттердің

геометриялық мәдениетін  арттырып,  кеңістіктік  елестетуін қалыптастыра

отырып,  олардың логикалық ойлауын  дамыту үшін  мектеп  пен  жоғары  оқу

орнында геометрияны оқытудағы сабақтастықтың жүзеге асырылуы оқушының

мектеп  геометрия  курсынан қалыптасқан  білім,  біліктік,  дағдыларындағы

кемшіліктердерді  жоюға,  болашақ маманның жеке  тұлғалық  қабілеттерін

дамытуға,  мектеп  және  жоғары  оқу  орындарында  алған  білімдерін

өзектендіруге бағытталуы тиіс [29, 30, 31].

Мектеп 


пен 

жоғары 


оқу

орындарында 

геометрияны  оқытудағы

сабақтастықты екі бағытта жүзеге асыруға болады:




36

1)  білім  алушылар  жаңа  білім  мазмұнын  игеруде  алдыңғы  оқу  кезеңінде

алған  біліміне  сүйенуі  тиіс.  Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің біліктері

мен  дағдыларын  бекіту  мен  дамыту  бойынша қайталауларды ұйымдастыру

жұмыстарын жүзеге асыру;

2) пәннің мазмұны білім алушының одан әрі материалды табысты игеруіне

дайындауы тиіс.

Сонымен, мектепте оқылатын материалмен жоғары оқу орнында оқылатын

материалдың

тығыз


байланысы  туралы  айтуға  болады.  Бұл  жағдайда

сабақтастық

функциясы 

пропедевтикалық

функциямен 

сәйкес 


келеді.

Көрсетілген сабақтастықтың бағыттарын схема түрінде кескіндейік (3-сурет).

3-сурет

3-суреттегі  бағыттар  зерттеу  объектілерімен  анықталады:  мектептегі

аналитикалық геометрия  элементтерін  оқыту үдерісі  немесе  жоғары  оқу

орнындағы аналитикалық геометрияны оқыту үдерісі.

Зерттеу  жұмыстары  көрсеткендей,  геометриялық білім  берудің келесі

мәселелерін ескергенде ғана оқыту тиімділігін арттыруға болады:

тарихи  және  логикалық принциптердің бірлігін  (дәстүрлі-синтетикалық



және қазіргі заман материалдарының сабақтастығы) жүзеге асыру;

жүйелі  геометрия  курсын құруда  мазмұнды  аксиомализациялауды



жүзеге асыру;

курсты құруда  және  оны қажетті  есеп  материалдарымен қамтамасыз



етуде  жиі қолданылатын  негізгі  деген  іргелі  математикалық түсініктерді,

фактілерді, әдістерді боліп қарастырудың қажеттілігін жүзеге асыру;

жаттанды  дәлелдемелерді  «міндетті,  таныстыру  деңгейінде,  тек өздері



оқып үйрену үшін»  деп  бөліп,  олардың санын қысқарта  отырып  уақытты

үнемдеу және  оқытудың дамыта,  саралап  оқыту  принциптерінің ролін

күшейтудің қажеттілігін жүзеге асыру;

салалас  оқу  пәндерімен  пәнаралық байданыстарды  жүзеге  асырудың



қажеттілігін жүзеге асыру;

жаратылыстану-математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың



мазмұнын  келесі  аспектілер  бойынша  айырмашылығын  ескеру қажет:  оқу

материалдарының

көлемі  бойынша;  оқу  жүйесінің  әртүрлі  деңгейінде

тақырыптарды оқыту мақсаттары және геометрияға оқыту талаптары бойынша;

нақты  тақырыптарды  оқытудың  әдістемелік  ерекшеліктері  бойынша  (мысалы,

геометриялық материалды  логикалық  қатаңдығын  сақтап  баяндау,  оқып

үйренетін

материалдың 

қолданбалы 

деңгейін 

ашып 

көрсету 


т.с.с.);

Мектеп математика

курсындағы

аналитикалық

геометрия

элементтері

ЖОО

аналитикалық



геометрия

курсы


Сабақтастық ≈ пропедевтика

Сабақтастық ≈ ең жоғарғы

деңгейде қайталау



37

оқушылардың білімдеріне,  іскерліктеріне,  дағдылары  мен құзырлықтарына

қойылатын

талаптар 

бойынша; 

теориялық

материалдарды 

пысықтау


жұмыстарының кейбір ерекшеліктері бойынша және т.с.с.

Геометрияны 

оқыту 

барысында 



компьютерлік 

технологияны,

интербелсенді  тақтаны  оқыту үдерісінде  тиімді  пайдалану, оқушыларға

ақпараттық

технологияларды 

меңгеруге, 

компьютерлік

сауаттылығын

арттыруға,  оқу  материалдарын

құрастыру  мен  түрлендіруге

қатысуға

ынталандырады. Қазіргі  кезде  мультимедиялық  құралдар  мен  білім  берудегі

программалық  өнімдердің бар  болуы  оқыту үдерісін  жаңадан ұйымдастыруға

мүмкіндік береді [39].

Геометрия  сабағында геометриялық фигуралардың сызбаларын  салу,

фигуралардың жазықтықпен қималарын  салу,  есептеулер  жасау  мәселелерін

шешуде қолданылатын  дайын  түрдегі  арнайы бағдарламалық пакеттер:

Advanced Grapher, 3D SecBuilder, Mathematika және т.б. Мұндай бағдарламалық

пакеттерді  интерактивтік  тақтаның көмегімен  геометриялық  ұғымдарды,

фигураларды  және  олардың  қасиеттерін  түсіндіруде,  сызбаларды  кескіндеуде

пайдалану тиімді болып табылады.

Сонымен


қатар,

ұлттық


ақпараттандыру 

орталығында

әзірленген

«Геометрия» электрондық оқулықтары мен электрондық басылымдарын тиімді

пайдалану

оқушылардың

геометриялық

білімдерін 

жетілдіруді, 

оқу


белсенділігін  арттыру  мен  жекелей  оқытуды,  компьютерлік  технологияларды

сапалы  меңгеруді,  геометриялық фигуралардың  қасиеттерін  тереңірек танып

білуді, өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыруды, шығармашылығын ойлауын

дамытуды, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет