Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
«Информатика» оқу пәні

Бейіндік


сыныптарда  информатиканы  оқыту  жаңа  функционалдық

міндеттерге ие, ол оқушыларды ақпараттық құзіреттілікке, қоғамда ақпараттық

технологиялардың алатын  орның білу,  оқушы  бойында  ақпараттық мәдениетті

қалыптастыруға бағытталған.

Мектептің білім  беру  жүйесінде  «Информатика»  пәні қоршаған ортаны

талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді,

сонымен қатар  ақпаратты  түрлендіру,  тасымалдау,  сақтау, қолдану әдістерін

зерттейтін  ақпараттық технологияларды қолданумен  байланысты  адамның

практикалық іс-әрекетінің дамып  және  кеңейіп  келе  жатқан ғылыми  білімнің

іргелі салаларының бірі болып табылады.

12  жылдық мектептің бейіндік сыныптарында  информатиканы  оқытудың

негізгі мақсаты:

ақпаратты қабылдау, өңдеу,  тасымалдау,  сақтау үдерісі  білім  негізінде



білім алушылардың орнықты және саналы меңгерулерін қамтамасыз ету;

әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыруда  ақпараттық  үдерістің



міндеттерін шешу біліктіліктерін қалыптастыру;

өзінің оқу,  содан кейін кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық



технологиялар құралдарын саналы және тиімді қолдануға дағдыландыру.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсатына  жету үшін келесі міндеттерді

шешу қажет:



38

әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы  ақпарат  пен  ақпараттық



процестердің

мәнін  айқындайтын  информатиканың

базалық

білімдерін

меңгерту;

мектеп  пәндерін  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық технология



құралдарын қолдана отырып,  ақпараттық моделдерді  нақтылы  обьектілермен

процестерді түрлендіру, талдау және оны қолдана білу дағдыларын игерту;

түрлі мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология



құралдары мен  информатиканы  оқыту әдістерін  оқушының  өзіндік  танымдық

іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту.

«Информатика»  пәнінің

зерттеу  объектілері:

ақпарат;

ақпараттық

ресурстар; түрлі  табиғат  жүйесіндегі  ақпараттық  үдерістер; ақпараттандыру

құралы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəні бойынша

білім  мазмұнына  информатиканың мынадай  бөлімдеріндегі  тақырыптар,  атап

айтқанда,

ақпарат  және  ақпараттық  үдерістер,  компьютер  ақпараттық

үдерістерді автоматтандыру құралы  ретінде,  формальдау  және  ақпараттық

модельдеу, 

алгоритмдеу 

және 


бағдарламалау, 

ақпаратттық

және

коммуникациялық технологиялар енеді, олар информатиканы тереңірек оқыту



мақсатында  жəне  оларды  техникалық жəне  жаратылыстану-ғылыми қызмет

саласында қолдана білу мүмкіндіктерін көрсете білуге арналады.

Информатика  курсының жүйелік  негізін құрайтын ұғымдар  «ақпараттық

процесс»  болса,  ал  оның

іргелі ұғымы – «ақпарат»  болып  табылады.

Құрылымға бірыңғай  бапты қолдану  курстың мазмұнын  оқытылатын  жеке-

жеке  дидактикалық бірліктер  ретінде  емес,  жалпы  мәдени  сипаттағы  дамушы,

іргелі  біртұтас  пән  ретінде  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Курс  мазмұнына

адамның жалпы мәдениетіне, сонымен қатар білімді жалғастыруына анағұрлым

іргелі,  сонымен қатар  кәсіптік  білім алу  жүйесін  жалғастыру  мақсатында

қолданылатын әрі маңызды  болып  табылатын қоршаған  шынайы өмірге  деген

қазіргі заманғы ғылыми  түсініктерге  сәйкес  келетін  фактілер,  теориялар,

қағидалар және  тәсілдер  енуі  керек.  Сонымен қатар  бағдарламада ғаламдық

ақпараттық  қоғам  жағдайында өмір  сүретін  кез  келген  адам, әрбір  білімді

тұлғаға қажетті  информатиканы  оқытудың инвариантты  бөлігін құрайтын

ұғымдар мен дидактикалық бірліктер сипатталуы керек.

Информатика  курсының  ұғымдарын  іріктеу  негізіне  келесі  талаптар

қойылған:  жүйелілік,  тұтастық, пәндік  саланың толықтығы,  логикалық түрде

жүйеленуі,  минималды  жеткіліктілігі,  сабақтастығы, әдістемелік  сәйкестілігі,

иерархиялығы, аксиоматикалығы, көз жетерлігі, айқындығы.

Информатика  курсы

ұғымдарының  қалыптасуының

бірізділігін  оқу

материалының тұтас ұғымдық  құрылымын  теориялық жағынан  байытып,

реттей  отырып,

ұғымдарды  біртіндеп  дамытуы,  курстың

себеп-салдар

байланысын  ескеріп,  түрлі  табиғат  жүйелеріндегі  ақпараттық процестердің

тұтастығына  ерекше  көңіл  аударуы  және  оқу  материалын  теориялық жағынан

дамытуды  негіздеуден бастауға мүмкіндік беруі қажет.

Бағдарлама мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілерді алу керек:



39

1)  іргелі ғылым  ретінде  информатиканың  қазіргі  жағдайының мектеп

курсына сәйкес бейнеленуі;

2)  «ақпараттық процесс» ұғымы  арқылы    оқыту  мазмұнын  сабақтастыру

негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін  көрсету;

3)  оқу  материалын  адамгершілік,  ізгіліктілік,  патриоттық және  т.б.

тәрбиелік құндылықтармен байыту;

4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға  шектен тыс

ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;

5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;

6)  информатика  курсының пәнішілік  және  пәнаралық байланыстарын

белсенді түрде қолдану;

7)  практикада қалыптастырылған  білім  мен  біліктіліктерді  жалпылай

қолдану тәсілдеріне үйрету.

Негізгі бөлімдерді оқытудың келесі реті ұсынылады:

1) ақпарат және ақпараттық үрдістер;

2) компьютер – ақпараттық үрдістерді автоматтандыру құрылғысы;

3) формальдау  және ақпараттық модельдеу;

4) алгоритмдеу және программалау;

5) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 


информатиканы 

оқытудағы

күтілетін  нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес

болуы керек [33, 34, 35, 36]:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет