Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Дамыта  оқыту – оқушыны  жан-жақты  дамыту,  оқушының іс-әрекеттік

амалды,  білім  мен  біліктілікті өз  бетінше  алуға  бейімдеу.  Мектеп  оқушылары

мұғалімнің  қолдауымен  сөз  сөйлейді,  пікір  таластырады,  біреу  тарапынан

ұсынылған болжамдарды  дәлелдейді  немесе  теріске  шығарады.  Түсіндірмелі-

Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге  мынадай  принциптер  жатады:

тірі  табиғат  процестері  мен құбылыстардың себептілігі,  тарихилығы;  табиғи

көрнекіліктердің тиімділігі;  табиғатқа  ену;  тірі  заттардың бірлігі;  табиғи

құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану  (отантану);  экологияландыру  және

табиғатты

қорғаушылық;

табиғи 

сәйкестілік; 

негізділік; 

мазмұнның

сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].

Жобалап  оқыту – оқу  процесі  «жобалау әдісі»  бойынша құрылатын

оқытудың түрі.

Идеографиялық оқыту – белгілі  бір  мазмұнды  оқытуда  таңбалық сөздерді

пайдалану.

Саралап  оқыту – оқушылардың танымдық  қызығушылықтарын  сақтауды

көздейтін оқытудың түрі.



Мультимедиялық оқыту – оқытудың персоналдандырылған  тәсілі.  Соңғы

жылдары  жалпы  білім  беретін  мектептер  көбінесе  мультимедиа құралдарымен

жарақтандырылған компьютерлерді қолдануда. Мультимедиа (ағылшын тілінен

ауд.  «мульти» – көп,  «медиа» – орта) – бұл  ақпараттық ортаның, ақпараттың

мазмұндық каналдардың көптігі.  Мультимедиялық бағдарламалар  жасайтын

жағдайлар  табиғилыққа ұқсас,  оның беретін  дыбыстық, бейнелік, қатысу

әсерлері оқытудың виртуалдық  (тек өзара әрекет  процесінде  болады)  ортасын

моделдеуге  мүмкіндік  береді.  Заманауи  техникалық мүмкіндіктер  оқытуға

арналған мультимедиялық кешенді, программаларды, білім берудің моделдеуші

ортасын  жасауға,  виртуалдық оқыту үшін қажеттіліктің бәрін  жасауға

мүмкіндік  береді.  Осыған  орай  мұғалім  мақсатты  болжайтын  функцияны

атқарады,  ал  компьютерлік  бағдарлама  оқу  мазмұны  мен  оқу  алгоритмдерінің

негізінде  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеру  процесін ұйымдастыруды өз

бетінше  таңдауға қабілетті [39]. Қазіргі  кезде жоғары сыныптардағы  жалпы

биология курстарында мультимедиа құралдарын пайдалану әдістемесі жасалды.

Биологияны  бейінді  оқыту  мен  биологияны  бейінді  оқыту  жүйесінің мән-

мазмұны – оқушылардың ерекше қабілетін  дамыту  және  олардың кәсіби  іс-

әрекеттің белгілі  бір  саласына,  немесе  білімін  жалғастыру үшін  оқу  орнын

таңдауына қызығушылығын дамытатын оқу жүйесінен тұрады.

Биологияны  бейінді  оқытудың теориялық негізін  бейінді  курс  мазмұнын

қалыптастыратын

принциптер  мен  биологияны  бейінді  оқыту  процесін

ұйымдастыратын  принциптер

құрайды:  ізгілендіру,  мәдениетті  болжау,

ғылыми-тарихи,  бейінді  саралау, ғылыми  биологиялық білімнің негізділігі,



58

кәсіби бағыттылық пен политехнизмнің бірлігі және өзара шрттастығы жатады.

Биологияны  бейінді  оқыту  процесін ұйымдастырудың негізгі  принциптері

индивидуалдық,

оқу 

мен 


ізденушілік 

танымдық


іс-әрекеттің,

интенсивтендірудің, проблемалық оқытудың, диалогтық оқытудың бірлігі,

оқушылардың  ұжымдық және  жеке  іс-әрекеттерінің,  білім  алушылардың

шығармашылық белсенділігінің, дербестігінің бірлігі, оқушылардың танымдық

қажеттілігі мен мотивтерін қанағаттандыру болып табылады.

Биологияны  бейінді  оқытудың

моделі  биологияны  бейінді  оқыту

мақсаттарының интеграциясы  негізінде қалыптасқан  мақсатты  компоненттен

тұрады. Әдістеменің жобалаушы  компоненті  педагогикалық заңдылықтарға

және  зерттеу  барысында  бекітілген  биологияны  бейінді  оқыту  принциптеріне,

білім  беруді  жаңарту  тұжырымдамасына,  бейінді  оқыту  тұжырымдамасына,

мемлекеттік  білім  беру  стандартына  сүйенеді.  Мазмұндық

компонент

инвариантты  және  вариативті  бөлімдерде  көрсетілген.  Инвариантты  бөлім

тұтастық идеясы  мен  табиғаттың бірлігінен,  табиғаттың жүйелі  және  көп

деңгейлі құрылысынан, адам мен табиғаттың бірлігінен, білім компоненттері –

биологиялық теория,  заңдар, ұғымдар, фактілерден, құндылық компоненті  мен

пәндік  биологиялық біліктілікті, әдіснамалық және  зияткерлік  біліктілікті

қамтитын

іс-әрекеттік

компоненттерден 

тұрады. 


Вариативті 

бөлімнің


мазмұнына  жаратылыстану-ғылыми, әдіснамалық және  биологиялық білімдер,

іс-әрекеттердің түрлері,  арнайы  тағайындалған  және  арнайы  тағайындалмаған

элективті  курстардың мазмұны  шеңберіндегі құндылықтар  кіреді. Әдістемелік

жүйенің


процессуалдық

компоненті

оқушының  өзіндік  белсенділігін



арттыруға  ықпал  ететін  оқытудың  ұйымдастырушылық формалары, әдістері,

тәсілдері  және  биологияны  бейінді  оқыту  шеңберіндегі  тәрбие  болып

табылады.  Нәтижелі  компонент  биологияны  бейінді  оқытудың нәтижелерін

көрсетеді.

Бейінді  оқыту  жағдайында  жалпы  биология  курсында  кез  келген

тақырыпты 

оқытуды 

негізгі 


биологиялық

теориялардың 

(жасушалық,

хромосомалық, эволюциялық, ген  теориясы,  экологиялық тұжырымдама)

айналасында өрістету  керек.  Сабақтарды  тақырыптық және әр  сабаққа  бөліп

жоспарлау  мазмұндық және  процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне

негізделген  төрт  блоктан  тұрады:  теориялық, практикалық, шығармашылық

және қосымша. Мұндай бөлім сабақтардың сан алуан түрінен көрінетін бейінді

оқытудың принциптері  мен  оқытуды ұйымдастырудың ерекше  формасына

байланысты.  Сабақтың

сан  алуан  түрлеріне:  проблемалық

лекциялар,

эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар лекциялар, семинарлар, диспуттар,

«дөңгелек үстелдер»,  практикумдар,  аралас  сабақтар,  оқу  ойындары  жатады.

Биологияны  бейінді  оқытудың мақсатына  жетуде  зерттеу  іс-әрекеттерінің

элементтерінен  тұратын үйдегі  шығармашылық жұмыстар  мен  сыныптан  тыс

жұмыстар  (ғылыми әдебиеттерді  оқу, ғылыми  тақырыптық кештер, ғылыми

конференциялар,  биология  бойынша  оқушылардың  ғылыми қоғамы,  табиғатта

экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.

Эксперименттік  оқытудың нәтижелері  биологияны  бейінді  оқытудың

әзірленген әдістемесі тиімді екенін және оны жалпы білім беретін мектептерде



59

биологиялық білім  берудің тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаратылыстану-

ғылыми бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет