Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
«Физика» оқу пәні

Физика  пәні  материяның салыстырмалы  түрде қарапайым,  сонымен қатар

неғұрлым жалпылама түрлерін (зат, өріс, энергия) және материя қозғалысының

күрделірек түріне енетін қозғалыстың физикалық түрін зерттейді. Материяның

жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын

физика ғылымы  білім  беруді ұйымдастырудың неғұрлым  жоғары  сатысына

жетті  және  оның дамыған  математикалық және  эксперименттік  зерттеу

құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі

бүкіл  жаратылыстанымдық ойлау  стиліне  елеулі  ықпалын  тигізеді.  Іргелі

физикалық

теориялардың

біртұтас  жүйесі  ретінде

ұсынылған

әлемнің


физикалық бейнесі  оқушылардың дүниетанымын  және  біртұтас ғылыми-

жаратылыстану  бейнесі  туралы  көзқарасын қалыптастырудағы  басым  модель

болып табылады.

Физика  оқу  пәні  ретінде қоршаған әлемнiң сансыз құбылыстарында  орын

тебетiн  табиғаттың жалпы  заңдылықтарын қарастырады,  оның  ғылыми,

техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды

құраушысы болып табылады [43].

Физика ғылымының дидактикалық принциптер  негізінде  оқу  пәніне

трансформациялануы  оқу  пәнін  зерделеудің объектілерін  нақтылау  арқылы

қоршаған


дүниенің

сан  алуан

құбылыстарында  орын  тебетін  табиғат

заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Жаратылыстану  және  техника ғылымдары  саласының  қарқынды  дамуы

елімізде  жоғары  білікті  мамандар  даярлауды  талап  етуде.  Жалпы  орта  білім

беретін  мектептерде  физика  пәнінен  бейіндік-бағдарлы  білім  бермей,  бұл

мәселені шешу мүмкін емес.

«Физика»  оқу  пәнінің бағдарлы  деңгейі – белгілі  бір  бағыт  пен оқу

бағдарын таңдап алған оқушылардың игеруі міндетті болып табылатын деңгей.

Мазмұнның

бағдарлы  деңгейі  жаратылыстану-математикалық

бағыттың

қайсыбір бағдарлары  аясындағы  оқушылардың физикадан  жалпы  білімдік

дайындығын  кеңейтуді  және  тереңдетуді,  сондай-ақ таңдап  алған  оқу  бағдары

немесе  мамандық

саласы  бойынша  білім  берудің

келесі  деңгейімен

сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Физика»  оқу  пәнін бағдарлы



оқыту  мақсаты ғылыми дүниетаным  негіздерін қалыптастыру,  мектеп

оқушыларының зияткерлік қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамыту,

құндылық бағдарларды тәрбиелеу болып табылады.

Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:

физика ғылымының негізімен,  оның негізгі ұғымдарымен,  заңдарымен,



теориясымен таныстыру.

оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыстану-ғылыми



көрінісін қалыптастыру.

жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістемелерін меңгерту.



политехникалық білім беру.




60

Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:

диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.



оқушыларды 

танымдық

жөне 


практикалық

іс-әрекетте

дұрыс

методологиялық тәсіл жасауға үйрету.



еңбекке,  ынталылыққа  және қиындыктарды  жеңуде  табандылыққа

тәрбиелеу.

Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:

оқушылардың



логикалық

ойлау


қабілетін 

дамыту, 


индуктивті,

дедуктивті, ұксастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.

физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру.



физикалық

теориялардың,

олардың


элементтерінің,  ұғымдардың,

модельдердің, заңдардың колданылу шекаралары туралы білімді қалыптастыру.

белгілі 


теориялық 

қағидаларды, 

математикалық

аппараттарды,

графиктік әдістерді,  анықтамалық  әдебиеттерді,  есептеу  техникасын  және  т.б.

пайдаланып, есеп шығару дағдысын дамыту.

физикалық  құралдардың жұмыс  принципін, құрылысын  біліп,  оларды



пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеу қателіктерін анықтап,

эксперименттен  алынған  шамалар  бойынша қорытынды  жасап,  эксперимент

жүргізу икемдігін дамыту.

қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.



оқытудың қарастырылған жалпы мақсаттары физиканы оқыту процесін

құрудың негізі, іргетасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет