Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#17239
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Оқу пәнінің міндеттеріне:

қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде  жатқан  іргелі



заңдар  мен  принциптер  туралы;  табиғаттың  ғылыми  таным әдістері  туралы

білімді игерту;

бақылаулар  жүргізе  алу,  экспериментті  жоспарлап,  оны  жүзеге  асыра



білу,  физикадан  игерген  білімдерін әр  түрлі  табиғат құбылыстары  мен

процестерді    түсіндіру үшін  пайдала  білу,  физикадан  игерген  білімдерін

күнделікті өмірдегі және  зертханалық мәселелерді  шешу,  жобаларды  орындау,

әр түрлі  іс-әрекет түрлерінде  жаңа  міндеттерді қоя  алу үшін қолдана  алу;

ғылыми-жаратылыстану  ақпаратының

сенімділігін  бағалай  алу;  игерген

физикалық білімдерімен жұмыс істей алу үшін әр түрлі ақпарат көздерін және

жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алу.

Бағдарлы  оқыту  деңгейіндегі

«Физика»  курсының

мазмұны  іргелі

физикалық теориялардың динамикалық түрде  дамитын  жүйесі  ретіндегі

дүниенің ғылыми-физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға

бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталады. Физиканың мазмұны осы

іргелі теориялар төңірегіне топтастырылады.

«Физика»  пәні  бойынша  білім  беру  мазмұны ғылымилық, жүйелілік,

түсініктілік,  біртұтастық, сабақтастық сияқты  принциптер  негізінде  таңдалып

алынған.


11-12 сыныптарға  арналған «Физика»  оқу  пәнінің мазмұндық және

әдістемелік құраушылары оқушылардың пәндік, коммуникативтік, ақпараттық,




61

әлеуметтік құзыреттерін мақсатты  дамыту  арқылы  орта  білім  берудің жалпы

мақсаттарын  жүзеге  асыруға қарай  бағытталған  және  келесі  түйінде  көрініс

табады [33, 34, 35, 36]:



Пәндік

құзырет:

іргелі


өзара

әрекеттесулерді 

(гравитациялық,

электромагниттік,    күшті  және әлсіз)  сипаттайтын,  зат  және өріс құрылымын

қалыптастыратын негізге  алынатын ұғымдарды,  заңдарды  және  теорияларды

пайдалана  алады; игерген  білімдерін  физикалық есептерді  шығару  және

шығармашылық

жобаларды 

орындау,

өмірлік 


тәжірибеде, 

тұрмыста


туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдана алады;

Ақпараттық

құзырет:

физикалық 

құбылыстарды, 

заңдылықтарды

негіздеу үшін әр  түрлі  ақпарат  көздерін  және қазіргі  заманғы  ақпараттық

технологияларды  пайдалана  алады; игерген  физикалық білімдерін  физикалық

ақпараттың ақиқаттығын бағалау үшін қолдана алады,

Коммуникативтік құзырет: игерген  физикалық білімдерін өзін қоршаған

адамдармен қарым-қатынас жасауда  пайдалана  алады, өмірлік тәжірибеде,

тұрмыста  туындайтын  проблемаларды  шешуде  топта,  командада  тиімді

әрекеттесе

алу үшін  физикалық

білімнің


ақпараттық-ұғымдық

өрісінде


бағдарлана алады;

Әлеуметтік құзырет: қоршаған ортаның шынайылығын  танып-білуде,

әлеуметтік ортада  оңтайлы қарым-қатынас жасауда  физикалық білімнің

құндылығын түсіне алады; адамгершілік нормаларға сәйкес физикалық білімін

шығармашылықпен пайдалану арқылы жасампаздық шешім қабылдай алады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің

мазмұнында  деректерді,  түсініктерді,  заңдарды,  теорияларды,  модельдерді,

іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің

түрлі  саласында  кеңінен қолданыс  табатын  түсініктер,  ойлау  жүйесі  мен

практикалық  қызметі үшін  тиімді  тәсілдер қоры  жинақталады.  Физиканың

жалпы  мәдени  мәнділігін  және  оның негізінде ғылыми  дүниетанымды  және

көзқарасты қалыптастыру қазіргі  кездегі  оқу  пәнінің басым  мақсаттарына

жатады [43].

Қазіргі әлемде ғылыми-техникалық революция  жағдайында өнеркәсіптің

барлық салаларында  жоғарғы біліктілікті жұмыскерлер  керек.  Олар қазіргі

заманғы 

күрделі 


машиналарды, 

компьютерлерді, 

робот-автоматтарды,

басқарылатын  станоктарды,  т.б.  жеңіл  меңгере  алатындай  болуы  керек.

Сондықтан  мектептің

алдында  оқушыларды  тиянақты  жалпы  біліммен

қамтамасыз ету  және өз  бетінше  оқып-үйрену дағдысын қалыптастыру, қысқа

мерзімде  жаңа  мамандық алуға  немесе өндірістің дамуына қарай  басқа

мамандықты тез игеруге бейімдеу міндеті тұр.

Физиканы  оқығанда,  оқушылар  тек ғылымның негізін  біліп қана қоймай,

ғылыми таным әдістерін, қазіргі  заманғы өндірістің, техниканың, адамға

тұрмыстық  қызмет  көрсетудің практикалық тәсілдері  мен  икемдіктерін  игере

білуі  тиісті.  Осыған  байланысты қазіргі  мектептерде  бейіндік-бағдарлы  білім

беру үшін  оқу әдістемесінің мазмұнын әлеуметтік, ғылыми-техникалық

прогреске 

сәйкестендіру

қажет. 

Сондықтан 

«Физика» 

оқу 


пәнін

жаратылыстану-математикалық бағытта  бейіндік  оқытуда  адамның табиғатпен




62

өзара қарым-қатынасы,  адамның ғаламдағы  және  планетадағы  орны, өмірлік

мәні бар мәселелер және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы

бар лабораториялық және практикалық жұмыстар кең орын алады [44].

Физикалық  құбылыстарды,  тарихи-ғылыми және  тарихи-өмірбаяндық

материалдарды  зерделеуде  пәндік  дағдылармен қарулану  және  пәнді  жақсы

түсіну  математикамен,  химиямен,  биологиямен  және  географиямен  пәнаралық

байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

11-12 сыныптарға арналған «Физика»  оқу  пәнінің бағдарламасы  ана  тілі

және әдебиетпен,  математикамен,  химиямен,  биологиямен,  географиямен,

информатикамен және технологиямен пәнаралық байланысты ескереді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет