Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Өлі табиғаттың тірі табиғатқа маңызы. (1 сағат)



бет17/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Өлі табиғаттың тірі табиғатқа маңызы. (1 сағат).

Күн – тірі табиғатқа жылу мен жарықтың көзі. Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер. Жануарлардың маусымдық температура өзгерістеріне бейімделуі. Жарық сүйгіш және көлеңке өсімдіктері. Жануарлар тіршілігіндегі жарықтың маңызы.
Ауа және тіршілік. Желдің жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы.
Су және тіршілік. Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Өсімдіктер мен жануарлардың ылғалдың жетіспеуіне бейімделуі. Тәжірибе қою арқылы тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды анықтау.
6.Топырақтағы тіршілікті ашамыз. (1 сағат)
Топырақты мекендеуші тірі ағзалардың көптүрлілігі: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроағзалар. Шұбалшын және көртышқан- негізгі топырақты тұрғындары. Тіршілік ортасына байланысты олардың құрылыс ерекшеліктері, топырақ құнарлылығын сақтаудағы маңызы. Ауладан топырақ алып, оны мекендеушілерді анықтау.
7. Тірі табиғаттың көптүрлілігі. (4 сағат)
Өсімдіктердің көптүрлілігі: дүниетану пәнінде танысқан өсімдіктердің өте қызықты топтарымен таныстыру (балдырлар, мүк, шаңжапырақ, қылқанжапырақтылар және гүлді өсімдіктер). Жануарлардың көптүрлілігі: құрттар, ұлулар, шаянтәрізділер (өзен шаяны, қырқаяқ), өрмекшітәрзділер (өрмекшілер, құршаян), көбелек, қоңыздар, маңымыздағы құстар мен сүтқоректілер.
Гүлді өсімдіктер, олардың көптүрлілігі.
8.Тірі табиғаттағы экологиялық байланыстарды анықтау. (4 сағат)
Қарағайлы орманды мысалға алып тірі табиғаттағы экологиялық байланыстарды қарастыру (қарағай және оның маңындағылар). Тікелей және жанама байланыс туралы түсінік.
Қоректізбегі (қарағайлы орманды мысалға алып қарастыруға болады, немесе елді мекен маңындағы кез-келген орман-тоғай, сквер, парк мысалында ).
Экологиялық пирамида (қарағайдыі орманың тіршілігіне нақты мысал алып қарастыруға болады: қарағай- орман тышқандары- жапалақ).
Қоректізбегінің және экологиялық пирамиданың табиғатты қорғауға тәрбиелеудегі мәні.
Өсімдіктер мен жануарлардың өзін- өзі қорғауға бейімделуі тіршілік ортасымен тығыз байланысының нәтижесі (жусанның ащы дәмі, раушангүлінің тікенектері, қалақайдың күйдіргіштігі, кірпінің инелері, тасбақаның тас сауыты, ара мен ара тәрізді шыбынның ұқсастығы т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет