Кез-келген өркениетте білім беру негізіне – келесі ұрпаққа алынған тәжірибе мен білімді, мәдениет пен құнды өнер алынады. Қазіргі жағдайда, қатаң экологиялық тоқырау жағдайында, оны жеңгенде ғана планетадағы адамзатты сақтап қалуды қамтамасыз етуге болады, оның әлеуметтік негізіне адамның білім мен тәрбиесі, соның ішінде адамның және табиғаттың өзара қарым-қатынас принциптерін жасау алынады. Осыған байланысты оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі маңыздылыққа ие болды.
Экологиялық білім деп үздіксіз жүргізілген оқыту, тәрбиелеу жеке бастың даму процесін айтады, ол жүйелі ғылыми және практикалық білімдер негізінде қалыптасады, құнды бағыт, тәртіп пен әрекет адамның қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапты қатынасын қамтамасыз етеді.
Экологиялық білім адамның бүкіл өмірін қамтитын тұтас жүйе. Оның мақсаты- табиғаттағы негізгі біртұтастыққа негізделген көзқарас қалыптастыру.
Экологиялық білім берудің бірнеше аспектілері бар:
экологиялық жағдайлар және оларды шешу жолдары жөніндегі білім;
қоршаған орта жағдайының жақсаруы, оны бағалау, оқып үйрену жөніндегі интеллектуалды және сарамандық іскерліктер жүйесін дамыту;
экологиялық сипаттағы құнды бағыттарды тәрбиелеу;
экологиялық сұрақтарды әлеуметтік және ғылыми бағалау қабілетін, үйлесімді тәртіп әдеттері және әрекеттері, қажеттіліктер мен салдардың қалыптасуы;
қоршаған ортаны қорғау жөнінде активті сарамандық әрекетке ұмтылу.
Басты мақсат- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру.Ол мектепке дейінгі кезеңде жүзеге асырыла бастайды. Экология ғылымын меңгерумен қатар келесі мәселелерді шешуге ұмтылу қажет;
Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап,оның себебін талдау;
Кез-келген экологиялық жағдайдың себебін анықтап, оны жоюдың, қалпына келтірудің жолын ашу;
Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану;
Табиғат қорғау мен экология бағытындағы мемлекеттік заңдар мен қаулыларын білу.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің жеке дара құрам бөлігі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас қалыптастыруға тиіс.Бұл салада мектептің алатын орны ерекше. Оқушылар дүниетану, химия, биология, география, физика т.б. сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда табиғатты қорғай білуге, аялауға үйренеді. Негізгі көңіл оқушылардың экологиялық білім алуына аударылады. Ол мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Мектептерде экологиялық білім беру келесі бағыттарда жүргізіледі: