Үйге тапсырма беру, 1 минут
Сабақ барысы: (Әр кезеңнің атауы ерекше басқа түсті сиямен жазылады.)
Мұғалімнің іс-әрекеті мен айтатын сөзі, сабақта қоятын сұрақтары мен оқушыларға ұсынатын тапсырмалардың нұсқасы жазылатын бөлік.
Оқушылар жауабының қысқаша мазмұны және мұғалімнің тақта, көрнекіліктермен т.б. жұмыстарының тақтада орналасуының сызба үлгісі жазылатын бөлік.
1 класс, дүнитану, ''Адам'' блогындағы ''Сезім мүшелері'' тақырыбы бойынша сабақ конспектісінің үлгісі. Сабақ мақсаты: Білімділік. Адамның айналадағы дүниемен байланысының (қарым- қатынасының) жүзеге асуындағы, яғни оны бағдарлауындағы сезім мүшелерінің маңызын, рөлін айқындау.
- Оқушының қабілетіне деген сенімін арттыру