Жаратылыстану негіздері



бет28/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Ет жүйесі. Балықтардың ет жүйесімен салыстырғанда қосмекенділердің ет жүйесі ерекшелеу. Өйткені бірінші рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегімен жер бетінде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күшті еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жіктелген. Ал балықтардың еттеріндегі сегметті бөліну оларда сақталмаған. Қорыта айтқанда осы қосмекенділерде пайда болған ет жүйесі, эволюцияның даму барысында күрделеніп, жікке бөлініп жоғарғы омыртқалы жануарлар — бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің ет жүйесінің негізін қалайды.
Ас қорыту жүйесі. Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады, оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та, жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді.
Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Кейбір түрлеріде (құрбақаларда) тістері бслмайды. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз—жұтқыншақ қуысына жалғасады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына сілекей бездерінің де жолдары ашылады. Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады. Бауыры үлкен, оның үстінде өт орналасқан. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Өңеш қарынмен жалғасады, қарын ішекпен тура ішекпен жалғасады.
Тік шек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады. Клоака арқылы нәжістен басқа зәр және жыныс өнімдері сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — крегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады. Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады. Мысалы, жасыл бақалардың терісі арқылы канның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енсе, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Организмнен бөлінетін көмірқышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді. Демек терінің тыныс алуда маңызы зор. Бақаның мұрын қуысы хоана арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Тыныс алуда танау тесіктерінің ролі зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа шығарады. Бақаның танау тесігі ашылып, жабылып тұрады. Бақаның көкірек клеткасы және қабырғалары болмайды. Ауа бақаның өкпесіне, басқа жануарлардағы сияқты көкірек клеткасының кеңеюі арқылы кірмейді, танау тесігі арқылы кіреді.
Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және терісі арқылы тыныс алады. Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде кейінірек желбезек жойылып кетеді. Сайып келгенде тыныс алу жүйесіне келгенде қосмекенділер балықтарға жақын.
Қан айналу жүйесі. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың ішінде құрлыққа шығуына байлайысты қосмекенділерде ең бірінші рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесінде елеулі өзгерістер туады. Барлық қосмекенділердің жүрегі балықтардың жүрегі сияқты екі бөлімнен емес үш бөлімнен: бір қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атау ұйғарылған. Бүкіл денеге оттегін таратып, көмір қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға (мақұлданған) ұйғарылған.
Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында — аралас қандар тұрады.
Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бірінші жұп артерия таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы дейді. Екінші және үшінші жұп артериялар дененің барлық жеріне таратылған үлкен тамырлар жүйесін ортасын құрайды. Төртінші жұп артерия — ол қанды өкпеге апарады, әрбір өкпе артериясынан бірден ұлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қомекенділерде балықтардікі сияқты бір ғана қан айналыс шеңбері емес, екі қан айналыс шеңбері бар. Үлкен қан айналыс шеңбері — жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкіл дененің бөліктеріне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құяды. Кіші кан айналым шеңбері - жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және екпе венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.
Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекенділердің тіршілігінің маусымдық, тәуліктік ерекшеліктері және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлері тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет