Бақылау сұрақтары
1. Сұйықтың беттік керілу құбылысы неліктен пайда болатынын түсіндіріңіз.
2. Беттік керілу коэффициенті деп нені атайды?
3. Беттік керілу күштері қалай бағытталған?
4. Контурдың кез келген ұзындығына әсер ететін күштердің өрнегін жазыңыз.
5. Беттік керілу коэффициентінің шамасы неге тәуелді?
6. Берілген жұмыста беттік керілу коэффициенті қалай анықталады?
7. Сақинаның судың бетінен ажырату шартын айтыңыз?
Зертханалық жұмысты қорғау және безендіру реті:
Зертханалық жұмыс келесі түрде безендіріледі:
Тәжірибені орындау.
Алынған мәліметтерді кестеге енгізу.
Орындалған жұмыс бойынша қорытынды жасау.
Жұмысты А4 форматында безендіру және өткізу (жұмыстың аты; жұмыстың мақсаты; құрал жабдықтар; жұмысты орындау реті; кестені толтыру; қорытындылау; бақылау сұрақтарына қысқаша жауаптар).
Достарыңызбен бөлісу: |