Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі педагогиқалық ғылым. Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандарға балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топ балаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді. Осы жастағы балаларға қоршаған ортадан беретін білім негізінде олардың ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін дамыта отырып, тіл дамыту, шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі.
Бұл курсты нәтижелі меңгеру үшін студенттердің мектептегі базалық пәндерден (өсімдіктану, жануартану, география, экология, химия, физика, астрономия т.б.) ұғымы болу керек. Курстың мазмұны философиямен, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ тәрбиешілерді дайындауда қойылатын басты талаптардың бірі - Қазақстан республикасының табиғат ерекшеліктері мен оның дамуын, табиғатты қорғау жолдарын меңгеру.Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын (соөж) және өздігінен орындайтын жұмыстары (сөж) кезінде әртүрлі топтағы балаларды қоршаған табиғатпен таныстырудың мазмұны, әдістері талқыланады. Семинарлық сабақтарды әдістемеге байланысты жүргізіліп отырған жаңа бағыттағы педагогикалық, психологиялық зерттеулерді, белгілі педагогтардың туындыларын, алдыңғы катарлы іс-тәжірибелерді саралап, оны студенттер өз іс-тәжірибесінде қолдануға төселеді.
Жоғары оқу орындарында оқылатын «Жаратылыстануды оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні педагогиқалық ғылымдар саласына жатады. Себебі, бұл пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жекебастық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады. Бұл пән өз мазмұнында бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытуға байланысты зерттеулер және оның даму тарихын, бастауыштағы жаратылыстану пәнінің бағдарламасын, оқулығын, олардың құрылымын, мазмұнын, білім берудің формасы мен әдістерін толығымен талдайды. Қазіргі таңдағы жүргізіліп отырған зерттеулер жүйесімен, олардың тиімді тұстарын пайдалану мәселелерін қамтиды. Әдістемелік пәндерге тән жағдай, міндетті түрде дидактиқалық принциптермен байланысты қаралады және сол принциптерге сүйенеді. Болашақ мұғалімдерге балалардың жаңа білімді меңгеру заңдылыктарын, берілетін білімнің сыныптар аралық байланысын, алған білімді жаңа жағдаяттарда қолдану шеберліктерін шыңдауы осы пәнді оқу арқылы жүзеге асады.Жаратылыстану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осы тұста күнделікті ақпараттық технологияларды да қолдануға көңіл бөледі. Жоғары оқу орындарында «Жаратылыстануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін студенттерге меңгерту тек лекция оқумен шектелмейді. Оны өз мәнінде студенттердің меңгеруі семинарлық, сарамандық сабақтар, өзіндік жұмыстар орындау мәселелерімен байланысты жүзеге асады. Бұл пәнді оқуда семинарлық сабақтарда теориялық материалдар тереңдетіліп, қосымша әдебиеттерді талдау жұмыстары орындалса, сарамандық сабақтарда жаратылыстану әдістемесінің теориялық тұстарын өз тәжірибелерінде пайдалану, яғни сабақ жоспарын жасау, сабақ типтерін анықтау, тақырыпқа байланысты мақсат қоя білу, сабаққа керекті көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстар атқара отырып болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктері шыңдала түседі.
Жаратылыстану әдістемесін меңгеру кезінде студенттер оқушыларда ғылыми ұғымды қалыптастырудың жолдарын, оны жүзеге асыру әдістерін оқып үйренеді. Жаратылыстану әдістемесі табиғатқа жүргізілетін бақылаулар түрлерімен, оны ұйымдастырудың жолдарымен, табиғатты қоргау туралы Заңдарды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен студенттерді таныстырып қана қоймай, келешекте осы мәселелер бойынша оқушылармен жүрғізілетін жұмыстар түрлерін дайындап жаттығады. Жаратылыстану пәнінің зерттеу түрлеріне теориялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, оны саралау, бақылау, педагогиқалық эксперимент, эксперимент нәтижелерін өңдеу, қорытындылау, озық тәжірибелерді жинақтау, педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерімен танысып, оны өз тәжірибесіне енгізу жатады. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономиқалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының жай-жаспарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты - екендігі орта білімнің мемлекеттік стандартында айкын көрсетіліп отыр. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында адам шығармашылық пен мәдениет үлгілерін таратын субъект ретінде көрінуімен құнды екені айтылған. Шығармашылық әрекет адам баласында бірден пайда болатын дағды емес. Ол оқудың, білім алудың, алған білімін іс жүзінде қолданудың нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын біліктілік дағды. Қазіргі таңда пән бағдарламалары ғылымилық мазмұнды қамтамасыз етумен катар білімді ізгілендіру жағына да үлкен мән береді. Бастауыш білім жалпы білім беру жүйесінің алғашқы, әрі маңызды сатысы, білім беру жүйесінің ірге тасы. Осылай болса, оқу үрдісіне қойылатын талаптардың жүзеге асуы осы сатыдан басталады.Білім беру - қоғамдық процесс. Сондықтан қоғам алдында болашақ жастарды өмірге дайындауда туған талап-тілектер оқу бағдарламасының мақсатына енеді. Осы негізгі мақсаттан оқушыларға бағдарлама мазмұнына сәйкес білім берілуі керектігі туындайды. Әр уақытта да адам бойындағы білім оқу нәтижесінде біртіндеп қалыптастыны белгілі. Оқу, білім, алу - дамудың негізі. Оқу арқылы алған білім біртіндеп басқа іс-әрекеттердің де дамуына жол салады. Даму -психологиялық процесс. Дамудың психологиялық заңдылықтары бұрыннан зерттеліп келеді, қазіргі кезде де зерттеліп отыр. Л. С. Выгодекий, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Давыдов, П. Гольперин, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаевтар даму мәселесін жан-жақты зерттеген ғалымдар. М. Мұқановтың пікірінше, "Білім дегеніміз тиісті объектілер туралы алған хабар. Ол адамның басында қалыптасып сақталып отырады". Білім ұғымдар жиынтығынан қалыптасады. Ал ұғымға жетудің екі жолы бар. Оның біріншісі - баланың күнделікті өмір тәжірбиесі болса, екіншісі - мектеп қабырғасында белгілі бағдарламалар бойынша жүйелі түрде берілетін ғылыми ұғымдар. Ғылыми ұғым қалыптасу үшін қарапайым ұғымдар біртіндеп күрделі ұғымға өтіп отырады. Сонымен қатар әр ұғым жеке түсіндірілмей, өзге ұғымдармен байланыста, сабақтастықта қаралғанда ғана нәтиже береді. Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бір -бірін толықтырып, алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез-келген ұғымды оқушыларға саналы, нәтижелі, меңгерту қамтамасыз етіледі.Оқыту барысында оқушылардың білімі кеңейіп, алған түсінігінің мазмұны байып, біртіндеп тұжырымдалған, реттелген сипатқа ие болады. Олар кездескен жаңа қиындықтар мен ситуациялар жағдайында бұрын меңгерген білімін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл білім қорының жинақталып тұжырымдалып дамуына жағдай жасаумен бірге оқушының ойлану мүмкіндігін кеңейтеді. Әр пән бойынша оқыту мен білім берудің мақсатының әр түрлілігі және олардың мазмұны мен көлемінің де бір-бірінен айырма жасайтыны белгілі. Дегенмен, оқытудың алдына коятын ортақ мақсаты - ол білімдендіру, білім қорын молайту, тәрбиелеу, баланы дамыту. Ж. Аймауытовтың пікірінше оқыту- білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәнді оқытуға ортақ мақсат. Оқыту процесінің жүйелі , нәтижелі болуы оның мазмұны мен мақсатының сабақтастығында. Сондықтан да "Стандарт білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүүктемесінің шегіне жеткен (мақсимальный) көлемін және оқушы дайындығына қойылар талап деңгейін белгілеп береді". Ал пәннің мазмұны мен мақсаты оның бағдарламасынан көрінеді. "Әрине, жүйені реформалау барысында мекетеп білімнің тарихында жинақталған жағымды тэжірибенің баршысы қаперге алынып, кәдеге жарайтын болады. Шын мәнінде "Жаратылыстану" немесе , қазіргі таңда "Жаратылыстану" деп аталып отырған жаңа пән осы қағидалардың айғағы. Бұл бұрын оқытылып келген, сонымен қатар оқыту әдістемесі біраз зерттелген "Айналамен таныстыру" және "Табиғаттану" пәндерінің негізінде құрылып, адам, табиғат, қоғам жайындағы білім жүйесін жинақтап, саралап, кіріктіре ооқытудың жолын іздестіруге арналып отыр. Жаратылыстану бағдарламасының түсініктемесінде оның мақсаттарын жинақтап былай делінген "Интегративті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты - адам, коғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу". Бастауыш буын оқушыларының дүниені тұтас қабылдауға бейімділігі ескеріліп, білім стандартында негізінен жалпы білімділік. . . кіріктірілген курстар енгізілген". Соның бірі - "Жаратылыстану" пәні. Бұл пәннің негізгі қызметті - табиғат, қоғам, адам туралы мағлұматтар арқылы жергілікті жағдайдан туындайтын бастапқы биологиялық, географиялық түсініктерді қалыптастыру. Сондай-ақ, оқу мазмұнын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайықты отырып берілетін білім нақты объекетілеріге, дүниеде бар заттар мен құблыстарға негізделіп, олардың ішкі - сыртқы байланыстарын ашатындай теориялық ұғымдар жүйесін меңгертуді көздеу.Бағдарламада мазмұныны меңгеру жеке тұлғаны дамыту мәселесі өзінің мақсатына орай бірнеше міндет жүктейді:
-табиғатты оқып, үйренуді оқушылардың шығармашылық әрекеттері нәтижесінде меңгеруін қамтамасыз ету.
-Берілетін білімді оқушылардың табиғатты, қоршаған ортаны бақылау мен тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асыру. Сол арқылы білім мазмұнының ғылымилығына көздерін жеткізу.
-Табиғи денелерге тэжербие жасау, сарамандық жўмыстар атқара отырып, теориялық алған білімдерін жүзеге асыру, біліктерін қалыптастыру.
-Әр түрлі шығармашылық жұмыстар нәтижесінде табиғатты, оның жеке денелері мен құбылыстарын ажыратып қана қоймай, олардың арасындағы байланыстарды аңғарып, олардың бірінің өзгерісі екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін түсінуге жадай жасау;
-оқушылардың дүниетанымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, қалыптастыру;
-жекебас дамуын, оның интелектуалдық, эмоциялық, іскерлік, қарым-қатынастық тұрғыда жетілуін, өзін қоршаған ортамен қатысқа түсу мүмкіндігін дамыту.
«Қоршаған дүние» бағдарламасының осы айтылған мақсат- міндеттерді шешетіндей тұрғыда қайта қаралып, жаңарып құрылуы бірнеше себептен келіп туады:
Біріншіден, жаратылыстану жеке пән ретінде бастауыш буынның оқу жоспарына жаңадан еніп, бұрынғы «Айналамен танысу» және «Табиғаттану» пәндерінің негізінде жаңа мазмұнға ие болады; Екіншіден, 1992 жылы Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» жарық көріп, онда білім берудің жаңаша мақсаты айқындалды; Үшіншіден, «Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамытк тұжырымдамасы» (26 желтоқсан, 2003 ж. ) қабылданды. Тұжырымдамада «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеументтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайыкты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады»-деп атап көрсетті. Сонымен бірге, бастауыш сыныптардың білім мазмұнының тұжырымдамасы және бағдарламасы жасалды.Бұрын - соңды қазақ мектептеріне арналған білім мазмұнының мұндай тұжырымдамасы болған емес. Сондықтан да республика көлемінде білім тұжырымдамасының жарық көруі-білім беру саласындағы үлкен жаңалык болып есептеледі.Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Білім туралы Заңға» негізделіп жасалған. Тұжырымдама нұсқаған қағидалардың бірі - оқушыға пәндік білім берумен ғана шектелмей, пәндерді кіріктіре оқыту арқылы жекебас тұлғасын қалыптастыру. Жекебас тәрбиесіне оқушылардың тілі, ақыл-ойы, мінез-құлқы, этиқалық, эстетиқалық, адамгершілік нормаларының бәрі де енетіні белгілі. Сондықтан да пән мазмұны ғылыми білім берумен қатар жекебас дамуына керекті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды да камтиды. Білім алу барысында бала білмеуден білуге қадам басып отырады. Ал, дамыта отырып оқыту бұл өзінше күрделі жүйе. Қазіргі таңда дидактиктеріміз бен психологтарымыз бала мүмкіндігінің молдығын, олардың даму зонасының барлығын, ол зонаны ескеріп, білімді тек баланың қазіргі мүмкіндігіне қарай шақтап, бөлшектеп беріп қана қоймай, оны күнделікті күрделендіріп, алға қарай жетелей өркендете, кеңейте, тереңдете берудің керектігін көрсетіп отыр. Осындай пікірдегі психологтардың бірі Л. С. Выготекий - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айтып, ол дамуды екі зонаға бөледі. Бірінші зона, бұл баланың бүгінгі таңда қолы жеткен сатысы, ал мұғалім бұған қанағаттанып қалмауы керек, оқушыны болашактағы, яғни екінші даму зонасына қарай жетелеуі керек дейді.Екінші зона, ол өте жақын тұрған зона, оған жетуге баланың бұрын алған білімдері негіз бола алады, тек олардың оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажет деп нұсқайды. Сондықтан да, тұжырымдамада бұл талаптардың қойылып, осыған сәйкес білім мазмұнының ұстамдарын айқындап берілуі орынды құбылыс.
Оқыту барысында мына мәселелер жүзеге асырылу жағы қамтамасыз етіледі: