Балаларды қоршаған ортамен таныстырудың арнайы әдістемесі пәнінен білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауға арналған



бет1/25
Дата25.11.2023
өлшемі112,38 Kb.
#126952
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
балаларды қорша БӨӨӨӨӨЖ





ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАФАКУЛЬТЕТІ
Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасы

6В01901 «Арнайы педагогика (Логопед)» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін



Балаларды қоршаған ортамен таныстырудың арнайы әдістемесі пәнінен
білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу түрі: күндізгі


Шымкент 2022ж
Құрастырушы: Сақулова А.Б.

Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының №_6_ хаттама «20» 01. 2022ж. мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Кафедра меңгерушісі ______________Ж. А. Масалиева


Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының және «Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негідері» пәнінің білім беру бағдарламасының талаптарына сай, білім алушы өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ


2 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
3 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ УАҚЫТЫ
4 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
6 ҚОСЫМША

1 КІРІСПЕ



Пәннің мақсаты:
Қоршаған ортамен таныстырудың арнайы әдістемесін меңгерте отырып, педагогикалық, әдістемелік білім мен білікті қалыптастыру, ЕБҚБ балалармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін, технологияларын, формаларын, мазмұнын, қағидаларын үйрету, қоршаған ортамен таныстыру саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
-арнайы және инклюзивті білім беру әдістерін, дәстүрлі және инновациялық технологияларды қолдана отырып, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған МЖМБС, қоршаған ортамен таныстырудың теориясы мен әдістемесін меңгерту,
- адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, қауіпсіздік факторларды түсіндіру,
- балаларда өзі, айналасындағылар және қоғамдағы толеранттық қатынас туралы түсінік қалыптастыру,
- жалпы педагогикалық және арнайы оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- жаңа технологияларды, ұйымдастырылған оқу процесінің тиімді формаларын, оқу іс-әрекетіндегі белсенді әдістерді қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет