|
Құл Қожа Ахмет айтты, достар, есті мұны
|
бет | 23/40 | Дата | 11.09.2022 | өлшемі | 80,97 Kb. | | #38820 |
| Байланысты: 40-khikmetБұл бет үшін навигация:
- Ғарасат майданы «Куллу ман алайһа фанин» – Құранда мән: Өледі екен басқа жан Бір Алладан. Исрафыл сүр үрлеп, келер тағы
- Адам ұлын есті алып, сынар жаман. Басты Сауал: жандағы тазалығың, Екінші есеп: намазың – қаза-жүгің, Халал, харам жайынан жазалы кім
- Менмен қалмас жүрегін мұң алмаған! Махшарға айдар жүргізіп екшеу көпке, Көтерілер шарасыз өкшең көкке. Тозақ Отын көрсетер тексермекке
- «Сақтай гөр!» – деп бет бұрып тұрар-ды адам. Жүз жыйырма мың сап болып тұрады үмбет, Періштелер қоршайды шырақ үрлеп.
- Ораза, намаз сол күннің нұр-шырағы. Ақыл таппай пәмсіздер тұншығады, Тіл байланып, ішінен тынар-ды адам. Адам-Ата алдына сонда халық
- «Қолдай гөр!» – деп жүздерін сорға малып, Шұбырады, жүрегін қолға да алып, «Ибраһимге барайық», – дер Мүбәрәк.
- «Дидарыңды көрем», – деп, өкініштен, Содан бері ұяттың отын ішкем
Құл Қожа Ахмет айтты, достар, есті мұны,
Қап тауындай тастар тисе – өшті мұңы.
Зар еңіре – естілгенше Достың үні,
Олла-биллә, ғашық дерттің дауасы жоқ.
Ғарасат майданы
«Куллу ман алайһа фанин» – Құранда мән:
Өледі екен басқа жан Бір Алладан.
Исрафыл сүр үрлеп, келер тағы
Көрден бәрі тіріліп шығар заман.
Елу мың жыл тұрғанда көр-ошақта,
Сүрген кезде содан соң арасатқа,
Жалаң аяқ, жалаң бас – ала-соқта,
Адам ұлын есті алып, сынар жаман.
Басты Сауал: жандағы тазалығың,
Екінші есеп: намазың – қаза-жүгің,
Халал, харам жайынан жазалы кім? –
Менмен қалмас жүрегін мұң алмаған!
Махшарға айдар жүргізіп екшеу көпке,
Көтерілер шарасыз өкшең көкке.
Тозақ Отын көрсетер тексермекке:
«Сақтай гөр!» – деп бет бұрып тұрар-ды адам.
Жүз жыйырма мың сап болып тұрады үмбет,
Періштелер қоршайды шырақ үрлеп.
«Айнал мафар»* үндеуі сынағың боп,
Қашар жері жоқтығын ұғар-ды адам.
«Айрылыңдар бүгін!» – деп үн шығады,
Ораза, намаз сол күннің нұр-шырағы.
Ақыл таппай пәмсіздер тұншығады,
Тіл байланып, ішінен тынар-ды адам.
Адам-Ата алдына сонда халық
«Қолдай гөр!» – деп жүздерін сорға малып,
Шұбырады, жүрегін қолға да алып,
«Ибраһимге барайық», – дер Мүбәрәк.
Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
Ол да айтады: «Пенде сол қылар медет,
Мұса жаққа барайық, сол-ды – Жанаб».
«Дидарыңды көрем», – деп, өкініштен,
Содан бері ұяттың отын ішкем,
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|