Ғалым сол-дүр, намаз оқып тағат қылса, Хақтан қорқып ақыретін абат қылса. Құран оқып, еңіреп, малын харап қылса, Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Ол ғалымның жасы кеппес жанары бар, Сахарларда ерте тұрып нала қылар. Хақтың жолын күйген жанға пана қылар, Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Тарт қорлықты! Кәпір нәпсің басы қатсын, Бұл дүниеде жаны өртенсін, жасы да ақсын. Топырақ бол, ғалам-дария басып ақсын!– Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Қорлық тартып Хақ-Мұстафа «үмбет» деді, Күнәһардың қамын жеу-тін күнде еткені. Сол себептен еңбегі оның құр кетпеді, Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Хақ-Тағала қылмасын деп тозаққа отын, Бауыры күйіп, демі өртеніп, тежеп дәтін, «Үмбетім» деп батты ол ұлық азапқа тым, Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.