Бір күні қияметтің – мың жыл болар, Санынша бұл дүнияның құрдым болар. Қайым күн жетпіс мың жыл сүргін болар, – Тәубашыл құлдар үшін туды баһар.
Кім Хақтың құлы болса – Хаққа жақсын, Тәкаппар, қалай бері аттамақсың?! Құл Ахмет, нәпсі тыйып, дат қыламын, Пірмұған тағар ма екен ақ тұмарын!? Бейхабар көрмей-білмей қан ағызар, Жан даусын естігей де Пәруардигар.
Сын сағат
Қара күн ғой сын сағатта бұл фәниден сапар қылсаң, Болмас, тіпті, шаңырағыңнан бір тамшы су татар мұршаң.
Ажал сенің қарамайды жердегі әмір-құдіретіңе, Үкіміңмен бар ғаламға астаң-кестең қаһар қылсаң.
Барлық жанға Хақ бұйрығы – шын өлімнен шәрбат ішу, Қашып одан құтылмайсың – ой, қиялды қатар қусаң.
Қабірстан жаққа барып өлілерден ғибрат ал, Сол жарасар: тәнді – кәуап, жан жарасын зәһар қылсаң.
Тірлік – жалған әрқашанда, тек ізгілік жолдас саған, Қиямет үшін жігерді – құм, жүрегіңді баһар қылсаң.