Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар


Білім беру бағдарламаларын іске асыру



бет4/7
Дата22.01.2023
өлшемі89,08 Kb.
#62351
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жарғы үлгісі

5. Білім беру бағдарламаларын іске асыру
5.1. МДҰ-дағы тәрбиелеу-білім беру процесі ҮОЖ және ҚР БҒМ шығарған басқа да бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
5.2. МДҰ мынадай ақылы білім беру қызметтерін ұсынады:
1) білім беру бағдарламалары мен әдістемелері бойынша;
2) шет тілдерін үйрену бойынша;
3) үйірме, секциялардың қосымша сабақтарын өткізу бойынша;
4) мектепке даярлау жөніндегі қосымша сабақтарды өткізу бойынша;
5) тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған денешынықтыру-сауықтыру бағдарламалары бойынша;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша;
7) демалыс күндері балаларға қарау мен күтім жасау бойынша;
8) кезекші топты ұйымдастыру бойынша;
9) ҚР Заңында тыйым салынбаған басқа да қызметтер.
5.3. Ұйым МЖМБС шеңберінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, мектепке дейінгі балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғау мен сақтауды, физикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүзеге асырады.
5.4. Білім беру процесі білім берудің бес саласын біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Социум», олардың әрқайсысы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өз мақсатты бағыттары бар дербес тарауларды қамтиды.
5.5. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі МЖМБС, ҮОЖ талаптарына сәйкес жас ерекшелігінің кезеңдеріне сай айқындалады.
6. Ұйымға қабылдау тәртібі
Ұйымға тәрбиеленушілерді қабылдау тәртібі ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
6.1. Ұйымға балаларды тұрақты немесе уақытша қабылдау онда бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.
6.2. Ұйымдағы баланың орны мына жағдайларда сақталады:
1) бала ауырып қалса;
2) медициналық, санаториялық-шипажайлық және басқа да ұйымдарда баланың емделуі мен сауықтырылуы;
3) ата-анасының біріне немесе заңды өкілдерге еңбек демалысының берілуі;
4) жазғы кезеңде екі айға дейінгі мерзімде баланың денсаулығын жақсарту.
6.3. Балаларды ұйымнан шығаруды басшы (директор) мына жағдайларда жүзеге асырады:
1) баланың күтімі үшін ай сайынғы төлемнің уақтылы төленбеуі (төлемнің белгіленген төлем мерзімінен 15 күнтізбелік күннен асатын мерзімге кешігуі);
2) баланың дәлелді себепсіз және әкімшіліктің ескертуінсіз бір айдан артық қалуы;
3) дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы негізінде оның келуіне кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілім болған жағдайда.
6.4. Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлем өндіру тәртібін МДҰ директоры немесе құрылтайшы шарттық келісім негізінде белгілейді.
6.5. Есептеу оқыту мен тәрбие үшін ақыны енгізгеннен кейін бір айдан кем емес мерзімде жүргізіледі.
6.6. Ұйым балалардың жүріс-тұрыс кітабын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет