Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар



бет1/7
Дата22.01.2023
өлшемі89,08 Kb.
#62351
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жарғы үлгісі


Басқару және ұйымдастыру
Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар
Жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын, мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) басшыларында мынандай сұрақтар жиі туындайды: «МДҰ жарғысының мазмұнына қандай талаптар қойылған?», «Ұйым атауын өзгерткен кезде жарғыны өзгерту қажет пе?», «МДҰ-да Жарғыға қосымша қандай жаңа нормативтік құжаттар әзірленуге тиіс?».
Бұл мақалада МДҰ Жарғысының үлгісі ұсынылған.
«Білім беру туралы» ҚР Заңының негізінде білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан ұйымдастырушылық, басқарушылық, педагогикалық шаралар кешенін анықтауға, ұйымды ашу мен тарату тәртібін белгілеуге, сондай-ақ педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, ата-аналармен ынтымақтастық жасауға бағытталған Жарғы әзірлейді. Жарғыда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі ұйымның мақсаттары мен міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері, білім беру және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, ұйымға балаларды қабылдау тәртібі, ата-аналармен және басқа да өкілдермен қарым-қатынас, ұйымды басқару және басқа да бағыттар көрсетіледі. 
Жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын, мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) басшыларында мынандай сұрақтар жиі туындайды: «МДҰ жарғысының мазмұнына қандай талаптар қойылған?», «Ұйым атауын өзгерткен кезде жарғыны өзгерту қажет пе?», «МДҰ-да Жарғыға қосымша қандай жаңа нормативтік құжаттар әзірленуге тиіс?».
Бұл мақалада МДҰ Жарғысының үлгісі ұсынылған.
Қосымша
БЕКІТІЛДІ
Құрылтайшының шешімімен
«___» _________ 20__ ж.
ЖАРҒЫ
______________________________________
(ұйымның атауы)
1. Жалпы ережелер
1.1. _____________________________________ (ұйымның атауы) (бұдан әрі – МДҰ) құрылды және өз қызметін
ҚР Конституциясына,«Білім беру туралы» ҚР Заңына, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 қаулысымен бекітілді), сондай-ақ ҚР Үкіметі бекіткен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, осы жарғы негізінде жүзеге асырады.
1.2. МДҰ құрылды деп саналады және оны мемлекеттік түрде тіркеген сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
1.3. МДҰ коммерциялық емес ұйым болып табылады, екі жастан алты жасқа дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, күтім жасау және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауды қамтамасыз етеді.
1.4. Ұйымның мемлекеттік тілдегі атауы ___________________________________________________________________________.
1.5. Ұйымның орналасқан жері: _________________________________________________________________________________.
1.6. Меншік нысаны – жекеменшік.
1.7. Ұйым заңды тұлға болып табылады, жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие, өз атынан мүліктік және дербес мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алады және жүзеге асырады, сотта талап қоюшы және жауапкер бола алады. Ұйымның жеке фирмалық бланкісі, өз атауы жазылған мөрі, банкіде жеке шоты бар.
1.8. Ұйым білім беру немесе ата-аналарға ақылы қызмет көрсетуді ұсыну есебінен табыс әкелетін коммерциялық қызметпен айналыса алады. Көрсетілетін қызметтің бағалары ұйым актілеріне және ҚР заңнамалық құжаттарына сәйкес айқындалады.
1.9. ҚР қолданыстағы заңнамасына және өзінің жарғылық мақсаттарына қайшы келмейтін болса, ұйым кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс құрылтайшы мен ұйымның арасында бөлінбейді және ұйымның жарғылық мақсаттарына жіберіледі.
1.10. Ұйымда білім берудің барлық көрсетілетін қызметтерін ұсыну ақылы негізде жүзеге асырылады. Ұйым білім беру қызметтері үшін, оның ішінде білім берудің мемлекеттік стандарттары шеңберінде оқыту үшін төлем өндіріп алуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет