7.3. Ұйым ата-аналармен жасалған шартқа сәйкес қолайлы режим бойынша жұмыс істейді.
7.4. Ұйым мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша МЖМБС орындалуын қамтамасыз етеді.
7.5. Ұйым ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен штаттық кестеге енетін медициналық жұмыскерлер жүзеге асыратын тиісті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
7.6. Ұйымдастырылған оқу қызметі ҮОЖ-ға сәйкес әзірленген оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
7.7. Оқу жоспары, сабақ кестесі МЖМБС талаптары негізінде әзірленеді және іске асырылады.
7.8. Ұйым тиімді оқу процесін қамтамасыз ету үшін міндеттер мен негізгі функцияларға сәйкес МЖБС талаптарына бейімделген мемлекеттік әрі шетелдік тәжірибенің баламалы бағдарламалары мен әдістемелерін таңдауға құқылы.
7.9. Ұйымдағы оқу қызметін білім беру мен біліктіліктің сәйкес деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен бекітілген педагогикалық білімі бар тұлғалар (орта кәсіби, жоғары педагогикалық) жүзеге асырады.
7.10. Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері әзірленген қағидалар негізінде белгіленеді.
8. Тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен қарым-қатынасты ресімдеу тәртібі Тәрбиеленушінің, ата-аналар мен МДҰ қызметкерлерінің қатынасы тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сай даму еркіндігін беру есепке алына отырып, білім беру процесіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде құрылады.
8.1. Ұйым, тәрбиеленушілер, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер арасындағы қатынасты регламенттеу және ресімдеу шарт негізінде жүзеге асырылады, ол осы Жарғымен және ҚР заңнамасымен айқындалады.
8.2. Баланы қабылдаған кезде ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер ұйымның жарғысымен, жұмыс режимімен, оқу жоспарымен, білім беру ортасы ұйымымен, педагогикалық құраммен танысуға құқылы.
8.3. Ата-аналар мен басқа заңды өкілдер:
ұйыммен өзара уағдаластық негізінде ынтымақтастық жасауға;